Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 23 маусымдағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 маусымда № 23205 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Әулиекөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 01-23/286 ұсынысы негізінде Сұлукөл ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің Федосеевка ауылы аумағындағы "Племзавод Сулуколь" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Сұлукөл ауылы әкімінің "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Федосеевка ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 03 желтоқсандағы № 9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9613 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сұлукөл ауылдық округінің әкімі К. Шарипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады