Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 5 қаулысына және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 456 бірлескен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8826 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Калинин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әкімнің "Юбилейный ауылының көшелеріне атау беру туралы" 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1 шешіміне (2012 жылғы 26 қаңтарда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-152 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесінде "Юбилейный ауылының әкімі" сөз тіркесі "Калинин ауылдық округінің әкімі" деп ауыстырылсын.
2. "Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Калинин ауылдық округінің әкімі | А. Испулова |