2021 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 102/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 20 сәуірде № 7253 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2021 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңңамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Байхановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

  Павлодар облысы әкімдігінің
2021 жылғы 15 сәуірдегі
№ 102/3 қаулысымен
бекітілген

2021 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым
шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімдігінің 06.08.2021 № 202/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Бюджет түрі

Субсидия көлемдері, мың тенге

бірегей тұқымдар

элиталық тұқымдар

бірінші репродукция тұқымдары

екінші репродукция мақта тұқымдары

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

элиталық көшеттер

Жергілікті

109 532

418 800

210 574

0

597 879

0

Жиыны:

1 336 785

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады