Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі "2021 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" № 102/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 202/7 қаулысы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 202/7 қаулысы. Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 13 тамызда № 23987 болып тіркелді

      Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 102/3 "2021 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7253 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

  Павлодар облысы
әкімдігінің 2021 жылғы
6 тамыздағы № 202/7
қаулысына
қосымша
  Павлодар облысы
әкімдігінің 2021 жылғы
15 сәуірдегі № 102/3
қаулысымен
бекітілген

2021 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым
шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері

Бюджет түрі

Субсидия көлемдері, мың тенге

бірегей тұқымдар

элиталық тұқымдар

бірінші репродукция тұқымдары

екінші репродукция мақта тұқымдары

бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

элиталық көшеттер

Жергілікті

109 532

418 800

210 574

0

597 879

0

Жиыны:

1 336 785


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады