Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы "Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 487/63 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 29/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 мамырда № 7282 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы "Екібастұз қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" № 487/63 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7109 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Екібастұз қаласында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

      1) Шешембеков көшесі бойынша орналасқан "Шахтер" мәдениет және демалыс саябағы. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - екі жүз елу адам;

      2) Бауыржан Момышұлы көшесі бойынша орналасқан интернационалист- жауынгерлер сквері. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - екі жүз елу адам.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қалалық мәслихатының сессия төрағасы Л. Бекбергенова
      Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Куспеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады