Екібастұз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 32/4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 28 мамырда № 7297 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қалалық мәслихатының сессия төрағасы Л. Бекбергенова
      Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Куспеков

  Екібастұз қалалық
мәслихатының
2021 жылғы 28 сәуірдегі
№ 32/4 шешіміне
қосымша

Екібастұз қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 216/27 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3791 болып тіркелген).

      2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы "Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 216/27 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 284/33 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4196 болып тіркелген).

      3. Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 12 наурыздағы "Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 216/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 307/35 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4399 болып тіркелген).

      4. Екібастұз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 мамырдағы "Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 216/27 шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" № 355/43 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6402 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады