Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 06.05.2021 № 40/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Жекелеген санаттағы алушыларға мерекелік және атаулы күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы" № 166/32 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 05 мамырда № 3790 тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы № 21 "Баянтау" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1–тармақтың төртінші абзацы:
"қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы мүгедектер күніне орай:" түрінде жаңа редакцияда жазылсын;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жоспар мен бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Д. Бақаева |
Аудандық мәслихаттың | Т. Қасен |
"КЕЛІСІЛДІ" |