Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 529 - бабының 6 - тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің бұйрығымен бекітілген аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес, Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ертіс ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ертіс ауданының әкімі | А. Бейсекин |
Ертіс ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 17 маусымдағы № 158/3 қаулысымен бекітілген |
Ертіс ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін
аймаққа бөлу коэффициенттері
№ р/с | Салық салу объектісінің орналасуы | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1 | Ертіс ауылы | 2,45 |
2 | Голубовка ауылы | 1,65 |
3 | Майконыр ауылы | 2,15 |
Аманкелді ауылдық округі | ||
4 | Аманкелді ауылы | 2,05 |
5 | Ленин ауылы | 2,05 |
Ағашорын ауылдық округі | ||
6 | Ағашорын ауылы | 2,05 |
7 | Ұзынсу ауылы | 1,60 |
Байзақов ауылдық округі | ||
8 | Иса Байзаков ауылы | 2,05 |
9 | Үлгілі ауылы | 1,95 |
10 | Луговой ауылы | 1,90 |
Қарақұдық ауылдық округі | ||
11 | Қарақұдық ауылы | 1,45 |
12 | Қараөткел ауылы | 1,75 |
13 | Кеңес ауылы | 1,55 |
14 | Ынтымақ ауылы | 1,70 |
Қоскөл ауылдық округі | ||
15 | Қоскөл ауылы | 1,55 |
16 | Қызылқақ ауылы | 1,90 |
Қызылжар ауылдық округі | ||
17 | Қызылжар ауылы | 2,35 |
18 | Тоғызақ ауылы | 1,55 |
Панфилов ауылдық округі | ||
19 | Панфилов ауылы | 1,65 |
20 | Тоқта ауылы | 1,25 |
21 | Қосағаш ауылы | 1,40 |
Северный ауылдық округі | ||
22 | Северный ауылы | 2,05 |
23 | Қараағаш ауылы | 1,75 |
24 | Степной ауылы | 1,55 |
Сілеті ауылдық округі | ||
25 | Сілету ауылы | 1,50 |
26 | Бұланбай ауылы | 1,05 |
27 | Қызылағаш ауылы | 1,15 |