Сыртқы (көрнекі) жарнаманы Алматы қаласының аумағында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс III сессиясының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 23 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2021 жылғы 1 наурызда № 1690 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы "Жарнама туралы" Заңы 17-2-бабының 3-тармағына сәйкес, VІІ сайланымның Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Сыртқы (көрнекі) жарнаманы Алматы қаласының аумағында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, тұрғын үй және жер пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы М.В. Финогеновке және Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Б. Әзірбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының кезектен
тыс III сессиясының төрағасы,
      мәслихат хатшысы С. Канкуров

  Алматы қаласы мәслихатының
2021 жылғы 19 ақпаны № 23
шешімімен бекітілген

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы Алматы қаласының аумағында үй-жайлардың
шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарының бөлінген белдеуінде және бөлінген белдеуінен тыс жерде
орналастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыртқы (көрнекі) жарнаманы Алматы қаласының аумағында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы "Жарнама туралы" Заңы 17-2-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 37 "Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар сыртқы (көрнекі) жарнаманы Алматы қаласының аумағында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттарын белгілейді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жарнама – кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын, белгілі бір адамдар тобына арналмаған және жеке немесе заңды тұлғаға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге ықпал ететін ақпарат;

      2) жарнама таратушы – мүлiктi беру және (немесе) пайдалану, оның iшiнде телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары арқылы және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      3) маңдайша – ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың нақты тұрған және тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда және қасбеттерде орналастырылатын, дараландыру құралдарын қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың атауы және қызметінің түрі туралы ақпарат;

      4) сыртқы (көрнекі) жарнама – сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырылған және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде көзбен көруге қолжетімді жарнама;

      5) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылысжайлар, әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электронды таблолар, жарықты конструкциялар және өзге де құралдар;

      6) жергілікті атқарушы орган – Алматы қаласының әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде Алматы қаласының аумағында жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      7) көше жиһазы (жабдығы) – Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орнатылатын декоративтік сипаттағы және практикалық пайдаланылатын объектілер (гүл құмыралары, павильондар, отырғыштар, орындықтар, жәшіктер, қоғамдық көлік аялдамалары, ақпараттық панель, балалар ойындарына және ересек тұрғындардың демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар).

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы Алматы қаласының аумағында үй-жайлардың
шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль
жолдарының бөлінген белдеуінде және бөлінген белдеуінен тыс жерде
орналастыру тәртібі мен шарттары

      4. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылатын жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады.

      5. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықтың дәріптелуін, порнографияны насихаттау немесе үгiттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс.

      6. Жарнама әлемдік немесе ұлттық мәдени игілікті, мемлекеттік рәміздерді (елтаңбаларды, туларды, әнұрандарды), кез келген мемлекеттің валютасын, діни рәміздерді, қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаларды, қызметті, кәсіпті және тауарды құрайтын өнер объектілеріне нұқсан келтірмеуі тиіс.

      7. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, оның ішінде нұсқағыштарды орналастыру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль жолдары және жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Сыртқы (көрнекі) жарнамаға:

      1) маңдайша;

      2) жұмыс режимі туралы ақпарат;

      3) арнайы бөлінген орындарда орналастырылатын мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишалары;

      4) қызмет көрсетудің техникалық құралдарын және көлік құралдарын дараландыру;

      5) автожанармай құю станцияларына кірген жерде орналастырылатын мұнай өнімдерінің түрлері, мұнай өнімдерінің бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы ақпарат;

      6) мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер);

      7) айырбастау пункттерінің жанында орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын теңгемен сатып алу және (немесе) сату бағамдары туралы мәліметтер бар ақпарат;

      8) сырттан көру үшін сөрелер мен терезелерді мынадай:

      үй-жайлардың ішінде орналастырылатын тауар өнімі;

      көрсетілетін қызмет түрлері;

      дараландыру құралдары;

      декоративтік және мерекелік безендіру сипатындағы ішкі безендіру жатпайды.

      9. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жергілікті атқарушы органдар не өткізілген ашық конкурстардың қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы органдармен жасалған тиісті шарттар негізінде өз қаражаты есебінен инвесторлар орнататын көше жиһазына (жабдығына) орналастыруға жол беріледі. Жеке және заңды тұлғалар инвесторлар бола алады.

      10. Тротуарлар мен велосипед жолдарын қоспағанда, ортақ пайдаланылатын жерден жер учаскелерi азаматтар мен заңды тұлғаларға ортақ пайдалануға нұқсан келтiрмей, сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiн орналастыру үшiн уақытша жер пайдалануға беріледі.

      11. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінің жер учаскелері жолдың көліктік-пайдалану сапаларының төмендеуіне жол бермеу, көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау шарттарымен сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін беріледі.

      12. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында) және оларға бөлінген аумақ пен олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыруға жол берілмейді.

      13. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы Алматы қаласының аумағында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.

      14. Жергілікті атқарушы органдарға тиісті хабарлама жібермей сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін өз еркінше орналастыруға жол берілмейді.

      15. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы Алматы қаласының аумағында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыруға хабарлама жіберілген жағдайда рұқсат етіледі.

      Хабарлама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 37 бұйрығымен бекітілген Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларының қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылады.

      16. Хабарламаларды сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын жарнама таратушылары сыртқы (көрнекі) жарнаманы Алматы қаласында үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және Алматы қаласының аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырған кезде – жергілікті атқарушы органына жіберіледі.

      17. Хабарлама сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын болжамды күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жібереді.

      18. Хабарламаға:

      1) сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны;

      2) Салық кодексіне сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;

      3) нобайларымен қоса жарнаманың қазақ және орыс тілдерінде еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.

      Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші және кейінгі айлары үшін төлем мөлшері сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру жағында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнелерді, бейнекөріністерді, жүгіретін жолдарды қоса алғанда, төленген ай ішінде орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама санына қарамастан, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағының орналасқан жері мен алаңына қарай, Салық кодексімен бекітілген базалық ай сайынғы мөлшерлемелерге сәйкес есептеледі.

      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі жағының алаңына сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру төленген күнтізбелік ай ішінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағына бұрын енгізілген төлемді растайтын құжатты қоса бере отырып, хабарлама жіберу жолымен жүзеге асырылады.

      Үй-жайдың ішінде орналастырылатын бейнелер мен бейнекөріністер тауар өнімін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттайтын сыртқы көзбен көру үшін сөрелер мен терезелердің ішкі безендірілуіне жатады.

      19. Жергілікті атқарушы органдар хабарлама бойынша ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер береді.

      Жергілікті атқарушы органдар ескертулер берген жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнама ескертулер жойылған жағдайда ғана орналастарылуы мүмкін.

      20. Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, өтініш беруші сыртқы (көрнекi) жарнаманы өзі мәлімдеген мерзімдерде орналастыра алады.

      21. Көлiк құралдарында жарнама орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама жіберілмей және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы алынбай жүзеге асырылады.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      22. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің иелерімен немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттық құқықтарға ие адамдармен жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады