2021 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 8 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 қаңтарда № 7100 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8-бабына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2021 жылғы тоқсандарға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі К. Аксакалов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 20 қаңтардағы
  № 8 қаулысына
  қосымша

2021 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

Р/с №

Тауардың атауы

Есепке сәйкес бөлшек сауда бағаларының шекті мәні, теңге

1
тоқсан

2
тоқсан

3
тоқсан

4
тоқсан

1

Бірінші сортты бидай ұны, килограмм

136

142

135

140

2

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм

173

171

167

175

3

Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм

287

290

288

298

4

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), килограмм

396

394

403

446

5

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм

309

325

329

314

6

Картоп, килограмм

80

95

71

73

7

Асханалық сәбіз, килограмм

89

111

84

81

8

Басты пияз, килограмм

85

103

66

74

9

Ақ қауданды қырыққабат, килограмм

96

74

90

83

10

Ақ қант – құмшекер, килограмм

233

248

233

248

11

Күнбағыс майы, литр

474

472

480

531

12

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), килограмм

1826

1838

1839

1815

13

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), килограмм

920

942

933

962

14

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада, литр





15

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада, литр

238

237

233

238

16

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), ктлограмм

2531

2533

2484

2574

17

Тауық жұмыртқасы (I санатты), ондаған

308

282

319

357

18

Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа), килограмм

52

52

52

52

19

Сүзбе: майлылығы 5-9%, килограмм

1251

1220

1208

1226


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады