Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің Пресновка ауылы көшесін және тұйық көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 37 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 сәуірде № 7283 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, Пресновка ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2020 жылғы 29 желтоқсандағы Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі Пресновка ауылының:

      - Новая көшесі Ербол Шәймерденов көшесі;

      - Юбилейный тұйық көшесі Әлти Көкенов тұйық көшесіне деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Преснов ауылдық округінің әкімі Ю. Шихова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады