Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылдық округі Ақтүйесай ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Ақтүйесай ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 16 сәуірде № 7294 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, 2020 жылғы 29 желтоқсандағы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ақтүйесай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған схемалық картаға сәйкес, Ақтүйесай ауылдық округі Ақтүйесай ауылындағы келесі атауы жоқ көшелеріне атаулар берілсін:

      № 1 атауы жоқ көше – Ыбырай Алтынсарин көшесі;

      № 2 атауы жоқ көше – Абылай хан көшесі;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтүесай ауылдық округінің әкімі М. Нургазин

  2021 жылғы 15 сәуірдегі № 7
  Әкім шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Ақтүйесай ауылдық округі Ақтүйесай ауылының атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы схемалық картасы

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады