"Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 450 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 28 қыркүйектегі № 2044 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 30 қыркүйекте № 24585 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37- бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 450 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5823 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің орынбасары Дархан Шомпайұлы Жөргекбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Семей қаласының әкімі Б. Байахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады