Приречный ауылдық округінде көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Приречный ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 8671 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарутуралы" Заңының 35 –бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы қорытындысы негізінде, халықтың пікірін ескере отырып, Приречный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Приречное ауылында "Советская" көшесі "Желтоқсан" көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы Приречный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жариялған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Джумадилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады