Аягөз аудандық мәслихатының 2021 жылғы 25 қазандағы № 8/123-VІІ "Аягөз ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 20/383-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 16 қаңтарда № 411-18 болып тіркелді

      Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Аягөз аудандық мәслихатының "Аягөз ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 25 қазандағы №8/123-VІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25093 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:  

      " 7. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері оқу жылы аяқталғанға дейін әр мүгедектігі бар балаға он айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.           

      Аягөз аудандық мәслихат төрағасы
      А. Ибрайшин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады