Жарма ауданы Божығұр ауылдық округінің Салқынтөбе ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Божығұр ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 31 наурызда № 8487 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы " Заңының 14 бабының 4) тармақшасына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Салқынтөбе ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып,2020 жылғы 28 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссияның қорытындысы негізінде, Жарма ауданы Божығұр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Революционная" көшесі- "Қажымұқан Мұңайтпасұлы" көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Жарма ауданы Божығұр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімінің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Жарма ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.

      Божығұр ауылдық округінің әкімі Г. Жанаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады