Шектеу іс шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 18 қарашадағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 қарашада № 25240 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің 07.04.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37- бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Күршім ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2021 жылғы 3 қарашадағы № 1448 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Күршім ауданы Балықшы ауылдық округіне қарасты Жолнұсқау ауылының ірі қара мүйізді малдары арасында сарып ауруының пайда болуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Балықшы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      ШҚО Күршім ауданының Балықшы ауылдық округінің әкімі Е. Тлеубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады