Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 3-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 наурызда № 6860 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6407 тіркелген, 2020 жылы 14 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 1, 2, 6, 16–тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Сакубитрил + Валсартан қабығымен қапталған таблеткалар; Эплеренон қабығымен қапталған таблеткалар

2.

Ювенильдық артрит

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді; Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді, тері астына енгізуге арналған ерітінді; Анакинра, алдын ала толтырылған шприцте инъекцияға арналған ерітінді; Канакинумаб, бұлшықет ішіне және тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, тері астына енгізу үшін ерітінді

6.

Ювенильдық дерматомиазит

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Адамның қалыпты G иммуноглобулині, инфузияға арналған ерітінді;Метотрексат, инъекцияға арналған ерітінді; Метилпреднизолон, таблеткалар

16.

Жүйелі беріштену (жүйелі склеродермия)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Тоцилизумаб инфузиялық ерітінді дайындауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді

      ";

      келесі мазмұндағы 17, 18, 19, 20, 21 – тармақтармен толықтырылсын:

      "

17.

Жүйелі қызыл жегі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Ритуксимаб, венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, тері астына енгізуге арналған ерітінді

18.

Мұрынжұтқынщақтың қатерлі ісігі

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Интерферон бета-1b, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат

19.

Шегрен ауруы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Азатиоприн, таблетка

20.

Оптиконевромиелит (Девик ауруы)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Ритуксимаб, венаішілік инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, Азатиоприн, таблетка

21.

Ұйқы безінің басқа туа біткен ауытқулары

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Диазоксид, капсулалар

      ".

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Ә.Жоламанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Сергалиев
      Мәслихат хатшысы Б. Конысбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады