Батыс Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 8-4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 желтоқсанда № 25776 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешімнің 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 16.08.2021 бастап туындаған қатынастарға таратылады және 31.12.2021 дейін әрекет етеді, осы шешімнің 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен

      Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 38-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 "Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген), Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерлері бекітілсін:

      1) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 30 теңге;

      2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 40 теңге;

      3) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 90 теңге;

      4) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 200 теңге.

      2. Осы шешімнің 1 тармағының 1) және 2) тармақшалары оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 16 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады және 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін әрекет етеді, осы шешімнің 1 тармағының 3) және 4) тармақшалары 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Б. Конысбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады