"Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 88 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 9 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қаңтарда № 26515 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20397 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жызылсын:

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 47-1-жолмен толықтырылсын:

      "

47-1.

Сәулеттік-мемориалдық монумент, 2004 жыл

монументтік өнер құрылысы

Бурабай кенті, Абылай хан алаңқайы

      ";

      "

Барлығы: 4 тарих және мәдениет ескерткіштері
(3 - қала құрылысы және сәулет, 1 - монументтік өнер құрылысы)

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Барлығы: 5 тарих және мәдениет ескерткіштері
(3 - қала құрылысы және сәулет, 2 - монументтік өнер құрылысы)

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 167-1-жолмен толықтырылсын:

      "

167-1.

Төлегетай-Қылышты ата кесенесі, ХІ-ХІІ ғасырлар, 2008 жылы кесене салынған

киелі объекті

Жаңақорған ауданының Қыркеңсе ауылынан оңтүстікке қарай 7 км

      ";

      "

Барлығы: 30 тарих және мәдениет ескерткіштері
(10 - қала құрылысы және сәулет, 1 - монументтік өнер құрылысы, 10 - киелі объекті, 2 - ансамбльдер мен кешендер, 7 - археология)

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Барлығы: 31 тарих және мәдениет ескерткіштері
(10 - қала құрылысы және сәулет, 1 - монументтік өнер құрылысы, 11 - киелі объекті, 2 - ансамбльдер мен кешендер, 7 - археология)

      ";

      реттік нөмірі 205-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

205.

Тәуке хан кесенесі, авторы белгісіз, XIV-XVII ғасырлар

қала құрылысы және сәулет

Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен оңтүстікке қарай 40 м

      ";

      мынадай редакциядағы реттік нөмірлері 229-1, 229-2 және 229-3-жолдармен толықтырылсын:

      "

229-1.

Ордабасы қорымы, VІІ-ХІІ ғасырлар

археология

Ордабасы ауданының Бадам ауылынан шығысқа қарай 2 км

229-2.

Әлқожа ата кесенесі, ХІІ ғасыр

қала құрылысы және сәулет

Түркістан қаласы, Ә. Тұтқабаев көшесі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен шығысқа қарай 2,5 км

229-3.

Жүсіп ата кесенесі, ХІІ-XV ғасырлар

қала құрылысы және сәулет

Сауран ауданының Ескі Иқан ауылы

      ";

      "

Барлығы: 31 тарих және мәдениет ескерткіштері
(24 - қала құрылысы және сәулет, 7 - археология)

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Барлығы: 34 тарих және мәдениет ескерткіштері
(26 - қала құрылысы және сәулет, 8 - археология)

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикас
Мәдениет және спорт министрі
Д. Абаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады