"Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 ақпанда № 26814 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12880 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) арыз иесі – әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты);

      2) азаматтығы жоқ адам - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзге мемлекеттiң азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелерi жоқ адам;

      3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға "бір терезе" қағидаты бойынша беру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      4) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - АХҚО) – қаржы саласында ерекше құқықтық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын нақты белгіленген шекаралары бар Нұр-Сұлтан қаласының шегіндегі аумақ;

      5) АХҚО инвестициялық резиденті – АХҚО инвестициялық салық резиденттігінің бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген шарттарға сәйкес келетін инвестицияларды жүзеге асырған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      6) әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;

      7) әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;

      8) әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;

      9) бизнес-көшіп келуші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келуші;

      10) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұдан бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;

      11) "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) – Қазақстан Республикасына көшіп келушілердің кіруін - шығуын бақылайтын бірыңғай ақпараттық жүйе;

      12) жақын туыстары – ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлiлер мен апалы-сiңлiлер, атасы, әжесi, немерелерi;

      13) жеке кабинет – "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті;

      14) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) – жеке тұлғаға бір рет және өмір бойы берілетін он екі таңбалы цифрлық код;

      15) жол жүру құжаты – шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасы аумағынан тыс шығу үшін берілетін құжат;

      16) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі - виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;

      17) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және сонда жұмыс істейтін заңды тұлғада басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;

      18) көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;

      19) көшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      20) Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - КҚП АЖ) – Ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы көші-қон процестері дерекқорын қалыптастыру бойынша, сондай-ақ "электронды үкімет" шеңберінде құрылып жатқан басқа ақпараттық жүйелермен және деректер базаларымен интеграциялық қарым-қатынас процестерін автоматтандыратын ақпараттық жүйесі;

      21) қабылдаушы тұлға – көшіп келушілерді Қазақстан Республикасына уақытша тұру үшін шақыру туралы өтінішхат беретін және (немесе) олардың тұруына орын беретін Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдік және азаматтығы жоқ адам немесе Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлға;

      22) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және осы Заңмен белгіленген тәртіпте тиісті мәртебесін алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

      23) құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

      24) қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚО БАЖ) – Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

      25) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;

      26) уақытша тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде көшіп келушілерге ішкі істер органдары беретін және болу мақсатына қарай оларға Қазақстан Республикасының аумағында белгілі бір мерзімге тұру құқығын беретін құжат;

      27) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын өзге мемлекеттің азаматтығына тиесілігінің дәлелдемелері бар адам;

      28) шет елдердегi мекемелер – Қазақстан Республикасының шет елдегі дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктерi, сондай-ақ консулдық мекемелерi;

      29) мемлекеттік қызметтің стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі;

      30) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктер атынан Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;

      31) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама) – "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңында айқындалған Қазақстан Республикасында экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлерінде) сұранысқа ие кәсіптер бойынша өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік талаптары мен білім деңгейіне сәйкес келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға берілетін құжат;

      32) цифрлық құжаттар сервисі - операторға бекітілген және мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын көрсетілген мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау, электрондық нысанда қызметтер алу және көрсету кезінде электрондық құжаттарды жасауға, сақтауға және пайдалануға арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі.

      33) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      34) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігі мен мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жинағы;

      35) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру қағидалары "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметі көрсету (бұдан әрі – УТР мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      Қазақстан Республикасында уақытша болатын көшіп келушілерге аумақтық полиция органдары алатын рұқсаттың санатына қарай бір жылға дейінгі мерзімге, кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген "Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларына" сәйкес ұзарта отырып, Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат (бұдан әрі - УТР) көшіп келушінің ұлттық паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын кезеңге ресімделеді.";

      9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері құжаттарды, оның ішінде Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы келіп түскен өтінімдерді қабылдағаннан кейін:

      1) ұсынылған құжаттарды қабылдайды және толықтығын тексереді;

      2) "Бүркіт" БАЖ мәліметтері бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі туралы ақпаратты тексереді;

      3) ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректер қоры бойынша соттылығы және іздестірілуі, алдыңғы болу кезеңінде оған салынған қылмыстық немесе әкімшілік бұзушылық жасағаны үшін орындалмаған міндеттемелердің болуы туралы мәліметтерді тексереді;

      4) ақпараттық жүйеде шетелдіктің және оның бірге келген отбасы мүшелерінің жеке сәйкестендіру номерлерінің бар-жоғын тексереді.

      Өтінімнің дұрыстығы және УТР бойынша стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері КҚП АЖ-да осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес УТР қалыптастырады, басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Егер УТР беруге өтінім Мемлекеттік корпорация арқылы келіп түскен жағдайда, уәкілетті қызметкер КҚП АЖ-да УТР қалыптастырады және біріктіру арқылы ХҚКО БАЖ-ға жолдайды. Мемлекеттік корпорация операторы УТР басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілін көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Егер УТР беруге өтінім портал арқылы келіп түскен жағдайда, уәкілетті қызметкер КҚП АЖ-да осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес УТР қалыптастырады және біріктіру арқылы көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жолдайды.

      Келіп түскен электрондық өтінім көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық деректеріне сәйкес келмеген не егер өтінімге құжаттардың сапасыз электрондық көшірмелері берілген жағдайларда не осы Қағидалардың 9-3-тармағында көрсетілген негіздер бойынша уәкілетті қызметкер қате туралы тиісті хабарлама қалыптастырады, ол Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жолданады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылысын:

      "14. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:

      Халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ХҚКО АЖ) "Жеке тұлға" мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі - ЖТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушыда жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) бар-жоғына сұрау салуды қалыптастырады;

      ЖСН болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық қажетті құжаттардың электрондық көшірмелерді бекіте отырып, ХҚКО АЖ өтінімді қалыптастырады.

      ХҚКО АЖ-дан КҚП АЖ-ге өтінім келіп түскеннен кейін не көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

      көрсетілетін қызметті беруші:

      1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті барлық құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті КҚП АЖ-ге енгізеді (мәліметтер болмаған кезде);

      2) тұрақты сақтау мерзімімен жекелеген жеке іске қабылданған материалдарды қалыптастырады, олар осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды істерді есепке алу журналында тіркеледі. Журнал бойынша реттік нөмірі біруақытта істің реттік нөмірі болып табылады;

      3) күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде:

      КҚП АЖ арналары бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Полиция департаменттері Көші-қон қызметтері басқармасына (бұдан әрі - ПД КҚҚБ) келісуге есепке алу ісі жолданады;

      4) күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде:

      банктік мекемеге төлемқабілеттігін растау туралы құжаттардың тұпнұсқалығы мәніне сұрау салуды жолдайды;

      ішкі істер органдарының есептері бойынша тексеруді жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің есептері бойынша тексеруді жүзеге асырады;

      "Бүркіт" БАЖ арналары арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісуге материалдарды жолдайды.

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары материалдарды келісуді күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырады;

      5) күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тексеріс нәтижесі бойынша мүдделі органдардан жауап алғаннан кейін рұқсатты беру туралы не осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты беруден бас тарту туралы дәлелді қорытынды шығарады, қабылданған шешім туралы ақпаратты КҚП АЖ-ға енгізеді;

      6) күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы не рұқсатты беруден бас тарту туралы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша хабарлама көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға жолданады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Көрсетілетін қызметті алушы осы қағидалдарда көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш беруден бас тартады. ерікті нысан түрінде құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында және Заңныңы 49-бабында көзделген.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтінішті қабылдаған Қазақстан Республикасының ішкі істер органы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде әкімшілік акті қабылданғанға дейін алдын ала, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге ұстанымын білдіру үшін тыңдау жүргізілетіні туралы хабарлама жолдайды. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша өтінішхатты (өтінішті) одан әрі қарау туралы шешім қабылданады.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтініш берушіге бас тарту себебін көрсете отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беруден бас тарту туралы хабарлама жолданады. Хабарламаның екінші данасы өтініш берушінің жеке ісіне тігіледі.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Көрсетілетін қызметті алушы рұқсаттың күшін жою үшін негіз болып табылатын іс-әрекеттерді жасаған кезде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 49-бабына сәйкес бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы қорытынды шығарылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қабылданған шешім туралы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты тұруға рұқсаттың күшін жою туралы хабарлама жіберіледі. Қабылданған шешім туралы ақпарат КҚП АЖ-да адамның есепке алу ісіне енгізіледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды әкімшілік орган, лауазымды тұлға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызмет беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандырса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Егер заңмен өзгеше көзделмесе, сотқа жүгіну сот тәртібінде шағымданғаннан кейін рұқсат етіледі.";

      1-1-қосымшада:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация арқылы УТР беру туралы өтініш берген кезде:
1. Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес УТР беру туралы өтініш-сауалнама.
2. визасыз болу туралы келісімдер ратификацияланған шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады);
3. медициналық сақтандырудың көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады) (Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтарын қоспағанда (бұданәрі-ЕАЭО);
Келу мақсатына байланысты мыналарды қосымша ұсынады:
1) отбасын біріктіру мақсатында: Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адаммен отбасылық қатынастарды растайтын құжат;
2) еңбек қызметін жүзеге асыру мақсатында-мынадай құжаттардың бірі: жергілікті атқарушы орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат;
Жергілікті атқарушы орган берген шетелдіктің біліктілік сәйкестігі туралы анықтама немесе рұқсат; еңбекші көшіп келушіге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орган берген рұқсат;
ЕАЭО азаматтары үшін - уәкілетті органда (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) – "ЕШЕБЖ" еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарты немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарт;
Қазақстан Республикасының халықтың көші - қоны саласындағы заңнамасына және/немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес осы тармақшаның бірінші, екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген рұқсаттарды алу талап етілмейтін көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс;
АХҚО-да қызметін жүзеге асыру мақсатында келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген көшіп келушілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға ресімделеді, бірақ ол еңбек шартының немесе жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) жөніндегі азаматтық-құқықтық шарттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс;
Келудің және болудың визасыз тәртібі туралы ратификацияланған халықаралық шарттар бар мемлекеттерден келген АХҚО инвестициялық резиденттеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне уақытша тұруға рұқсат АХҚО әкімшілігінің өтінішхаты бойынша жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге ресімделеді. Бұл ретте, инвестициялық резиденттің отбасы мүшелерінің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі инвестициялық резиденттің уақытша тұруына арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінен аспауға тиіс;
3) миссионерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында – діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген куәлік;
4) бизнес-көшіп келушілер үшін – Заңның 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы орган берген құжат;
5) емделуге – Қазақстан Республикасында орналасқан медициналық ұйым берген, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емдеу немесе Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емделіп жатқан шетелдік пациентке, сондай-ақ жақын туыстарына - Қазақстан Республикасының азаматтарына не Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге тұрақты күтім жасау қажеттігін растайтын құжаттар;
6) оқуға - Қазақстан Республикасындағы оқу орнының қолдаухаты негізінде;
Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылуға жатады.
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын куәландырады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттер билігінің қатысуымен жасалған немесе осы биліктен шығатын құжаттар мен актілер "Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған жағдайда қарауға қабылданады.";

  ";

      3-қосымшада:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Рұқсат беру туралы өтінішті қызмет көрсетуші немесе Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес;
2) Көрсетілетін қызметті алушының ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін) азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күнге күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;
бірлескен өтініш берген кезде баланың туу туралы куәлігі немесе он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);
3) "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау және Заңның 49-бабы 4) тармақшасына сәйкес төлем жасау қабілеттігін растаудан босату үшін негіздердің бар/жоғын куәландыру туралы құжат;
4) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе, Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда);
5) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;
6) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке немесе заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт (Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілеттілігін растайтын көрсетілетін қызметті берушілер үшін) не жеке немесе заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған өтініш;
7) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 тіркелген) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы (028/у медицинская анықтама);
8) мөлшері 35х45 мм бір фотосурет;
9) мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат.
3), 4), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
Өзге мемлекеттің азаматтығын, Қазақстан Республикасында орналасқан дипломатиялық өкілдік және консулдық мекеме арқылы ресімдеген және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар көрсетілетін қызметті алушы 1), 2), 4), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ата-анасының бірімен келген жасы он сегізге толмаған көрсетілетін қызметті алушы, егер оның заңды өкілі (ата-анасы, қамқоршысы, жанашыры) Қазақстан Республикасының азаматы немесе шетел азаматы, азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын болып табылған жағдайда 1), 2), 6), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын екінші ата-анасынан нотариалдық расталған өтініш-келісім ұсынады.
Басқа мемлекеттің азаматтығы жоқ адам мәртебесінде елімізге келген ж көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адам мәртебесін беру туралы қорытынды шығарылады.
Шет тілінде жасалған құжаттар қазақ не орыс тіліне аударылуы тиіс.
Бір тілден екінші тілге аударманың дұрыстығын "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабына сәйкес нотариус куәландырады.
Егер өзгеше Қазақстан Республикасы заңнамаларымен немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен көзделмесе, шетел мемлекеті өкілеттерінің қатысуымен немесе сол өкімет тарапынан шыққан құжаттар мен актілер "Қазақстан Республикасы Елшілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығының 60-тармағына сәйкес заңдастырылған кезде қаралуға қабылданады.";

  ";

      4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымша алып тасталсын;

      9-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ 48 Бұйрығына
1-қосымша
Шетелдіктерге және
азаматтығы жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсат беру қағидаларына
4-қосымша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА АРНАЛҒАН РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ-САУАЛНАМА ____________________________________________________________________ полиция органының атауы


фотосурет орны
(35 x 45 мм)

      Өтініш беруші (өтініш берушілер) туралы мәлімет

      1. Құқықтық мәртебесі

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (азаматтығы жоқ адам, шетелдік)

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер болса)

      __________________________________________________________________________

      куәлік нөмірі, берілген күні мен орны, оны берген органның атауы

      2. Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      __________________________________________________________________________

      тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен жағдайда бұрынғы тегін,

      атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), өзгерту себебі мен күнін көрсетсін, жеке

      басын куәландыратын құжатқа сәйкес тегі мен аты орыс және латын алфавиттерінің

      әріптерімен жазылады

      3. Туған күні, айы, жылы және жері ________________________________________

      __________________________________________________________________________

      4. Қазіргі уақытта қандай шет мемлекеттің азаматтығы (тиесілігі) бар

      __________________________________________________________________________

      5. Бұрынғы азаматтығы______________________________________________________

      қайда, қашан және қандай негізде алынды, айырылды

      6. Жыныс ________________________________________________________________

      7. Отбасылық жағдайы _____________________________________________________

      үйленген (тұрмыста), бойдақ (тұрмыста емес)

      __________________________________________________________________________

      ажырасқан (неке қию (бұзу) туралы куәлік), берілген күні және орны)

      8. Ұлты ____________________________________________________________

      9. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      берген ел, құжат түрі, құжаттың нөмірі, сериясы, берілшген күні, жарамдылық мерзімі

      10. ҚР-да нақты тұратын жерінің мекенжайы, телефоны ________________________

      __________________________________________________________________________

      11. Отбасы мүшелері:

Туысқандық дәрежесі

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Туған жылы және елі

Азаматтығы (тиесілігі)

Тұратын жерінің мекенжайы

ЖСН болған кезде

      12. Бұрын Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы

      өтінішпен жүгіндіңіз бе?____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      егер жүгінсеңіз, қашан және қай органға, қандай шешім қабылданды

      13. Оқуын қоса отырып, еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Қабылданған және босатылған күні, айы және жылы

Оқу орнын, ұйымды көрсетумен лауазымы

Оқу, жұмыстың мекенжайы

      14. Сіз ауыр немесе аса ауыр қылмыстық әрекет не қауіпті деп танылған қылмысты

      қайта жасағаныңыз үшін заңды күшіне енген сот үкімімен сотталдыңыз ба егер

      сотталсаңыз, неше рет және қашан)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      15. біруақытта Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру

      туралы өтініш берушілердің отбасы мүшелері туралы мәліметтер

Туысқандық дәрежесі

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Туған жылы және елі

Азаматтығы (тиесілігі)

Тұратын жерінің мекенжайы

ЖСН болған кезде

      Өтінішпен бірге мынадай құжаттарды ұсынамын

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Маған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беруден

      "Халықтың көші- қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабымен

      көзделген жағдайларда бас тартылуы не бұрын берілген рұқсат жойылуы мүмкін екені

      туралы ескертілді. Ұсынылған құжаттардың тұпнұсқалығын және жазылған

      мәліметтердің шынайылығын растаймын.

      20__ жылғы "___" _________________________.

      (өтініш берілген күні) (өтініш берушінің қолы,)

      20__ жылғы "___" ________________ _________

      өтініш қарауға қабылданды.

      Өтініштің толтырылғанының дұрыстығын және қажетті құжаттардың бар- жоғын

      тексердім, өтінішке мен болған кезде қол қойылды, өтініш берушінің қолының

      түпнұсқалығын растаймын ________________________________________

      __________________________________________________________________________

      құжатты қабылдаған уәкілетті лауазымды адамның арнаулы атағы (егер болса),

      лауазымы, тегі, аты-жөні

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазымды адамның қолы)

      Өтініш қысқартуларсыз, аббревиатураларсыз, түзетулерсіз және шимайсыз қолмен

      немесе техникалық құралдарды (жазу машинкалары, компьютерлер) пайдалана отырып

      толтырылады.

      Сұрақтарға жауап толық болуы тиіс. Қолмен орындалған мәтін түсінікті болуы тиіс.

      Өтінішті қабылдаған көші-қон қызметі бөлінісінің мөртабаны, мөрі қойылады.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ 48 Бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
"__"_________________
№______________________
бұйрығына
2-қосымша
Шетелдіктерге және азаматтығы
жоқ адамдарға
Қазақстан Республикасында
уақытша және тұрақты тұруға
рұқсат беру қағидаларына
9-қосымша
Нысан
Бекітемін
Бастық не орынбасар
____________________________
(арнаулы атағы)
____________________________
(қолы) (тегі, а. ә. ол болған
кезде)
20 __ ж. "__" ______________

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру/ не рұқсат беруден бас тарту туралы ҚОРЫТЫНДЫ

      _________________________________________________________________________

      қызметкердің лауазымы, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      _________________________________________________________________________,

      _________________________________________________________________________

      өтініш берушінің азаматтығы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      _________________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы өтінішті

      қарап, БЕЛГІЛЕЙДІ:

      Мыналар:

      өтініш берушінің толық сауалнамалық деректері, өтініш берушінің уақытша/тұрақты

      тіркеу орны, өтінішпен жүгінуге себеп болған салдар;

      білім, кәсібі, бұрын Қазақстан Республикасының аумағында уақытша/тұрақты тұрған

      кезеңде айналысқан ісі, тұрғылықты жері, Қазақстан Республикасынан тыс жерге

      шығуы, шығу мерзімдері;

      егер біруақытта Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты өтініш

      берушімен бірге балалары алса, онда бұл туралы айқындамалық сияқты қаулы ету

      бөлігінде де көрсетіледі. Егер баланың басқа тегі болған жағдайда, оның тегі

      көрсетіледі;

      өтініш берушінің жеке басының ерекшеліктері, жүзеге асыруға қаражат көзі, отбасы

      жағдайы, туысқандары туралы қысқаша мәлімет;

      адамды ішкі істер органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың есептері

      бойынша тексеру нәтижелері, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәлімет;

      балалары және толық айқындамалық деректер туралы мәлімет;

      өтініш берушінің мінездемесі көрсетіледі.

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      1. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат беру туралы оң немесе

      теріс шешім қабылдауға дәлелді негіздеме жазылады.

      2. Қабылданған шешім туралы хабарлама жолданатын ішкі істер органының атауы

      көрсетіледі.

      3. Есепке алуға өзгерістерді қамтамасыз ететін бөлініс көрсетіледі.

      __________________________________________________________________________

      (қызметкердің лауазымы, арнаулы атағы, (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

      жағдайда)

      "КЕЛІСЕМІН"

      Көші-қон қызметі бөлінісінің басшысы не орынбасары

      ______________________________________ _____________________________

      (арнаулы атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)

      20__ жылғы "__" ____________

      Егер шешім қабылдау құқығы берілген орынбасары бекітсе, оның лауазымы, тегі, аты,

      әкесінің аты (ол болған кезде) және арнаулы атағы көрсетіледі.

      Егер біруақытта рұқсатты өтініш берушімен оның кәмелетке толмаған балалары алса,

      онда бұл туралы айқындамалық және белгілеу бөлігінде көрсетіледі.

      Егер баланың басқа тегі болған жағдайда, оның тегі көрсетіледі.

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұрауға арналған рұсат беруден бас тарту туралы

      шешім қабылданған жағдайда "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының нақты бабына (бөлік, тармақ) сілтеме міндетті.

      Қол қою құқығы берілген орынбасар шешімге қол қойған жағдайда оның лауазымы,

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және арнаулы атағы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады