Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттiк жалғамалармен қамтамасыз ету қағидаларын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26945 болып тіркелді

      "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Умаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2022 жылғы 28 ақпандағы
№ 51
Бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 42-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган ;

      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган (бұдан әрі – атқарушы орган) – тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме;

      3) телевизиялық абоненттік жалғама (бұдан әрі – жалғама) – абоненттің цифрлық теле-, радиосигналды қабылдауына арналған жеке техникалық құрал;

      4) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы (бұдан әрі – ұлттық оператор) – мемлекет атынан меншік иесі телерадио хабарларын таратудың ұлттық желілерін күтіп ұстау және дамыту жөніндегі міндеттерді жүктеген, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген заңды тұлға.

2-тарау. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету тәртібі

      3. Жалғамалар DVB T2, MPEG 4 хабар тарату стандарттарында (цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату үшін) цифрлық теле-, радиосигналды қабылдауды қамтамасыз етеді, цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісімен ықпалдасады.

      4. Жергілікті атқарушы орган цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толығымен ауысқанға дейін атқарушы орган мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды жалғамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

      5. Жалғамалармен қамтамасыз ету өтініш берушіге ақысыз негізде жеткізу және орнату нысанында жүргізіледі.

      Өтініш беруші – осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша телевизиялық абоненттік жалғаманы алуға, тұрғылықты жері бойынша атқарушы органға, ал ауылдық жерде – кент, ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкіміне жалғаманы өтеусіз алуға өз атынан немесе отбасы мүшелерінің және онымен тұрақты тұратын басқа да адамдардың атынан өтініш берген және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын жеке тұлға болып табылады.

      6. Жалғамалармен қамтамасыз ету жеке өзінің атынан немесе отбасының және өзімен үнемі бірге тұратын басқа да адамдардың атынан өтініш жасаған бір өтініш берушіге бір жалғама деген есеппен жүргізіледі.

      Жалғамалармен қамтамасыз ету біржолғы болып табылады және ол берілгеннен кейін оны алған өтініш берушіге, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын басқа да адамдарға берілмейді.

      7. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратумен қамтылған елді мекендерде өтініш берушілер цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінде ұлттық оператор тарататын цифрлық теле-, радиосигналды қабылдауға арналған жалғамалармен қамтамасыз етіледі.

      8. Жергілікті атқарушы орган халықты өтініш берушілердің жалғамаларды ақысыз алу мүмкіндігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді және оларды жалғама алу тәртібі мен шарттары туралы толық және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

      9. Өтініш беруші жалғама алу үшін тұрғылықты жері бойынша жалғамаларды ақысыз негізде жеткізу туралы өтініштерді тіркеу журналына құжаттарды тіркейтін және өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы растау беретін атқарушы органға, ал ауылдық жерде – кенттің, ауылдың, ауылдық округтің, аудандық маңызы бар қаланың әкіміне өтініш береді.

      Өтінішке өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі қоса беріледі. Салыстырып тексерілгеннен кейін, жеке куәлігінің түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

      Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің, аудандық маңызы бар қаланың әкімі өтінішті құжаттармен бірге алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушы органға жібереді.

      10. Атқарушы орган өтініш берушінің немесе оның отбасы мүшелерінің және онымен тұрақты тұратын өзге де адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігі деректерін тексеруді, сондай-ақ осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес фактілерді белгілеуді жүргізеді.

      Атқарушы орган өтініштердің негізінде тізбесі мен санын көрсете отырып, жалғамаларға қажеттілікті айқындайды.

      11. Өтініш берушіден немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің, аудандық маңызы бар қаланың әкімінен құжаттар қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушы орган өтініш берушіні ақысыз негізде жалғамамен қамтамасыз ету (үш дана) немесе онымен қамтамасыз етуден бас тарту (екі дана) туралы шешім шығарады, ол туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді, бас тартқан жағдайда – оның себебін көрсетеді.

      Өтініш берушіге оған қол қойылғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жалғамамен қамтамасыз етуден бас тарту туралы алдын ала шешім қоса беріле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Өтініш беруші хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оны жалғамамен қамтамасыз етуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылық береді.

      Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша олар өтініш берушіден келіп түскен жағдайда атқарушы орган өтініш берушіні өтеусіз негізде жалғамамен қамтамасыз етеді не жалғамамен қамтамасыз етуден дәлелді бас тарту шығарады.

      12. Өтініш берушіні ақысыз негізде жалғамамен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданған жағдайда, шешімнің бірінші данасы өтініш берушіге, екіншісі өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жалғамаларды жеткізуді жүзеге асыратын өнім берушіге жіберіледі және үшінші данасы атқарушы органда қалады.

      Өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер оларға Қазақстан Республикасының заңдарымен өзгеше белгіленбесе), мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) болып табылады.

      Ақысыз негізде жалғамамен қамтамасыз етуден бас тартылған жағдайда, шешімнің бірінші данасы өтініш берушіге жіберіледі, екінші данасы атқарушы органда қалады.

      13. Мынадай:

      1) өтініш беруші өтініш берген сәтте мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылмаған;

      2) өтініш берушіге, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын басқа да тұлғаларға бұрын осы Қағидаларға сәйкес жалғама берілген жағдайда жалғаманы өтеусіз негізде беруден бас тартуға негіздеме болып табылады.

      14. Өнім беруші атқарушы органның ақысыз негізде жалғамамен қамтамасыз ету туралы шешімін алған сәттен бастап мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген мерзім шегінде өтініш берушінің шешімде көрсетілген мекенжайы бойынша жалғаманы жеткізуді, сондай-ақ орнатуды және қосуды жүзеге асырады.

      15. Өтініш беруші жалғаманы қабылдау-тапсыру актісіне оны жеткізіп берген, орнатқан және қосқан сәттен бастап бір күн ішінде қол қояды.

      16. Шағымды қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

  Мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек алушылар
болып табылатын жеке
тұлғаларды
телевизиялық абоненттік
жалғамалармен
қамтамасыз ету
қағидаларға қосымша

Телевизиялық абоненттік жалғама алуға өтініш

      Жергілікті атқарушы органның / кенттің, ауылдың, ауылдық округтің,

      аудандық маңызы бар қаланың әкіміне/

      /Халықты жұмыспен қамту орталығына __________________________

      (елді мекен, аудан, облыс)

      Телевизиялық абоненттік жалғама алуға өтінім:

      1) Өтініш беруші________________________________________________;

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      2) Өтініш берушінің тұрғылықты мекенжайы________________________;

      3) Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің құрамы_____________________

      _______________________________________________________________;

      4) Байланыс телефондары, электрондық пошта мекенжайлары:

      _______________________________________________________________.

      Қоса беріліп отырған құжаттар:

      1. өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;

      _______________________ _______________________________________

      өтініш берушінің қолы      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Өтінім берілген күн "___" __________ 20__ г.

      Қабылдау күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдау туралы

      Жергілікті атқарушы орган өкілінің/ кент, ауыл, ауылдық округ,

      аудандық маңызы бар қала әкімінің қолы

      "____"________20___ г.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады