БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
Е. Баттаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
2022 жылғы 1 наурыздағы № 133-НҚ бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына 1-қосымша |
Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесі, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі
1-бөлім. Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі
№ | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды | Тауардың атауы1 | Тауарларға қатысты кедендік баж мөлшерлемесі | Кедендік бажын қолдану мерзімі | |
Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкетілетін2 | Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы елдерге әкетілетін3 | ||||
1 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2 | 4101 | Ірі қара малдың (қодастарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері | 1 тоннасына 200 еуро | тұрақты | |
3 | 4102 | Осы топқа 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жүні бар немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері | 1 тоннасына 200 еуро | тұрақты | |
4 | 4103 | Осы топтағы 1(б) немесе 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, түкті немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), өзге де терілер | 1 тоннасына 200 еуро | тұрақты | |
5 | 5101 | Кард немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн | 0 |
2023 жылғы 30 сәуірді | |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2023 жылғы 1 мамырдан бастап | ||||
6 | 5102 | Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлар қылы | 0 |
2023 жылғы 30 сәуірді | |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2023 жылғы 1 мамырдан бастап | ||||
7 | 5103 | Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ түтілген шикізатты қоспағанда, жануарлар жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары | 0 |
2023 жылғы 30 сәуірді | |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2023 жылғы 1 мамырдан бастап | ||||
8 | 5104 00 000 0 | Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат | 0 |
2023 жылғы 30 сәуірді | |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2023 жылғы 1 мамырдан бастап | ||||
9 | 7204 | Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шихталық құймалар) | 5 %, бірақ 1 тоннасына 5 еуродан кем емес | тұрақты | |
10 | 7302 7302 10 220 0 қоспағада | Темір жол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын, қара металдардан жасалған бұйымдар: рельстерді біріктіруге немесе бекітуге арналған рельстер, жанама рельстер және тісті рельстер, ауыстырылатын рельстер, қатаң қиылысу айқастырмалар, ауыстырылатын штангалар және өзге де көлденең қосылғыштар, шпалдар, түйіспе жапсырмалар және төсемдер, сыналар, тірек тақталар, ілмекті рельс бұрандамалары, төсемдер мен кергіштер, тұғырлар, жақтаулар және өзге де бөлшектер | 15 %, бірақ 1 тоннасына 15 еуродан кем емес | тұрақты | |
11 | 7404 00 | Мыс қалдықтары мен сынықтары | 10 %, бірақ 1 тоннасына 84 еуродан кем емес | тұрақты | |
12 | 7601 20 200 1 7601 20 800 1 | Авиациялық қозғалтқыштарды жасау үшін бастапқы алюминий қорытпалары | 10 %, бірақ 1 тоннасына 76 еуродан кем емес | тұрақты | |
13 | 7601 20 200 94 7601 20 800 95 | Бастапқы алюминий қорытпалары, өзгелері | 10 %, бірақ 1 тоннасына 76 еуродан кем емес | тұрақты | |
14 | 7601 20 800 2 | Құйма немесе сұйық түріндегі қосымша алюминий қорытпалары | 0 | тұрақты | |
15 | 7602 00 | Алюминий қалдықтары мен сынықтары | 10 %, бірақ 1 тоннасына 76 еуродан кем емес | тұрақты | |
16 | 7802 00 000 0 | Қорғасын қалдықтары мен сынықтары | 10% | тұрақты | |
17 | 7902 00 000 0 | Мырыш қалдықтары мен сынықтары | 10% | тұрақты | |
18 |
8101 97 000 0, 8102 97 000 0, 8103 20 000 0, 8103 30 000 0, 8104 20 000 0, 8106 10 000 0, 8106 90 000 0, 8112 69 000 1, 8108 20 000 1, 8108 20 000 3, 8110 10 000 0, 8110 20 000 0, 8111 00 110 0, 8112 12 000 0, 8112 13 000 0, 8112 21 900 0, 8112 22 000 0, 8112 41 000 9, 8112 92 410 0, 8112 92 810 0 қоспағада | Өзге де бағалы емес металдар; металл керамика; олардан жасалған бұйымдар | 10% | тұрақты | |
19 | 8104 11 000 0 | Құрамында магний массасының кемінде 99,8%-ы бар өңделмеген магний | 5% | тұрақты | |
20 | 8112 51 000 0 | Өңделмеген таллий; ұнтақтар | 5% | тұрақты | |
21 | 8201-8215 | Қымбат бағалы емес металдардан жасалған құрал-саймандар, керек-жарақтар, пышақ бұйымдары, қасықтар мен шанышқылар, олардың қымбат бағалы емес металдардан жасалған бөліктері | 10% | тұрақты | |
22 | 8607 19 100 1 | Жиналған немесе бөлшектелген түрдегі біліктер; дөңгелектер және бұрын пайдаланылған оның бөлшектері | 5 % | тұрақты |
Ескертпе:
1 Әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген. <4> сілтемеде көзделген жағдай ерекшелік болып табылады.
2 Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерді және Қазақстан Республикасының әкету кедендік бажын төлеуден босатуды көздейтін еркін сауда аймағы туралы екіжақты және көпжақты келісім жасаған елдерді қоспағанда.
3 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт пен 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама күшіне енген елдер.
4 Кедендік әкету бажын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын қоспағанда.
5 Кедендік әкету баждарын төлеуден босатылған қосымша алюминий қорытпаларын, сонымен қатар алюминий-бериллий лигатурасын, сонымен қатар алюминий-скандий лигатурасын қоспағанда.
2-бөлім. Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға қолданылатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі және олардың қолданылу мерзімі
№ |
Еуразиялық | Тауардың атауы1 | Тауарларға қатысты кедендік баж мөлшерлемесі | Кедендік бажын қолдану мерзімі | |
Қазақстан Республикасының шегінен тыс әкетілетін2 | Еркін сауда аймағы туралы шартқа қатысушы елдерге әкетілетін3 | ||||
1 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2 | 2709 00 900 9 | Шикі мұнай | Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес | тұрақты | |
3 | 2710 12 110 1, 2710 12 150 1, 2710 12 900 2 қоспағанда 2710 12 | Жеңіл дистилляттар мен өнімдер | Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес | тұрақты | |
4 | 2710 19 110 0, 2710 19 150 0, 2710 19 210 0, 2710 19 250 0, 2710 19 290 0 | Орташа дистилляттар | Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес | тұрақты | |
5 | 2710 19 42, 2710 19 460 0 | Ауыр дистилляттар: газойлдар | Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларына сәйкес | тұрақты | |
6 | 2710 20 110 0, 2710 20 150 0, 2710 20 900 0 | Ауыр дистилляттар: газойлдар: өзге де мақсаттар үшiн | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 200 еуро 15 ақпаннан – 15 қазанға дейін |
7 | 2710 19 310 0, 2710 19 350 0, 2710 19 480 0, 2710 20 190 0 | Ауыр дистилляттар: газойлдар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | тұрақты |
8 | 2710 19 510 1, 2710 19 510 9 – 2710 19 550 9 | Ауыр дистилляттар: сұйық отындар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | тұрақты |
9 | 2710 19 620 1, 2710 19 640 1, 2710 19 660 1, 2710 19 680 1, 2710 20 310 1, 2710 20 350 1, 2710 20 370 1, 2710 20 390 1 | Мазуттар | 1 тоннасына 30 доллар | 1 тоннасына 30 доллар | 1 тоннасына 15 еуро 1 мамырдан – 1 қыркүйекке дейін |
10 | 2710 19 620 9, 2710 19 640 9, 2710 19 660 9, 2710 19 680 9, 2710 20 310 9, 2710 20 350 9, 2710 20 370 9, 2710 20 390 9 | Ауыр дистилляттар: сұйық отындар: өзге де мақсаттар үшiн | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | тұрақты |
11 | 2710 19 710 0, 2710 19 750 0, 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0 | Жағар майлар: өзгелері | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
12 | 2710 91 000 0, 2710 99 000 0 | Өңделген мұнай өнімдері | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
13 | 2712 90 990 0 | Өзгелері | 1 тоннасына 60 доллар | 0 | тұрақты |
14 | 2713 20 000 0 | Мұнай битумы | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 қазаннан бастап 31 мамырды қоса алғанда 1 тоннасына 15 еуро |
15 | 2713 90 100 0, 2713 90 900 0 | Битуминозды жыныстылардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеуден қалған өзге де қалдықтар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 60 доллар | 1 тоннасына 15 еуро 15 қазаннан – 15 сәуірге дейін |
16 | 2715 00 000 0 | Битум қоспалары | 15 % | 0 | тұрақты |
Ескертпе:
1 Әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасы кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген.
2 Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерді және Қазақстан Республикасының әкету кедендік бажын төлеуден босату көзделген еркін сауда аймағы туралы екіжақты және көпжақты келісім жасаған елдерді қоспағанда.
3 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еркін сауда аймағы туралы шарт пен 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы Хаттама күшіне енген елдер.