"Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 14 наурыздағы № 21 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 наурызда № 27174 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19632 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық технологиялар тәуекелі – банк пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың істен шығуы (жұмыс істеуінің бұзылуы) салдарынан зиян туындау ықтималдығы;

      2) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелі – конфиденциалдылықты бұзу, банк активтерінің тұтастығын немесе қолжетімділігін қасақана бұзу салдарынан зиянның пайда болу ықтималдығы;

      3) банктің уәкілетті алқалы органы – директорлар кеңесі, директорлар кеңесінің жанындағы комитет, басқарма, басқарманың жанындағы комитет;

      4) бедел тәуекелі – қоғамда банктің сенімділігі, ол көрсететін қызметтердің сапасы немесе жалпы банк қызметінің сипаты туралы теріс ұғым қалыптасу салдарынан клиенттік базаның тарылуы, өзге де даму көрсеткіштерінің төмендеуі нәтижесінде жоспарланған кірістерді алмау ықтималдығы;

      5) заңдық тәуекел – банктің не контрәріптестің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және бағалы қағаздар нарығы туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қатынастарда - оның шығу елінің заңнамасының, сондай-ақ жасасқан шарттардың талаптарын сақтамауы салдарынан залалдардың туындау ықтималдығы;

      6) капитал жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі – активтердің көлемін, қызметтің сипаты мен күрделілік деңгейін, ұйымдастыру құрылымын, стратегиялық жоспарларды, банктің тәуекел-профилін, нормативтік құқықтық базасын есепке алғандағы маңызды тәуекелдерді басқару процестерінің жиынтығы, тұрақты қаржылық жағдайды және төлем қабілеттілігін ұстап тұру үшін банк капиталы жеткіліктілігінің нысаналы деңгейін анықтау мақсатында мұндай тәуекелдерді бағалау және біріктіру.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының капиталы деп, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысының талаптарына сәйкес есептелген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының резерві ретінде қабылданатын активтер түсініледі;

      7) кепілсіз тұтынушылық қарыз – жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес мақсаттарға берілген, берілу сәтіне кепіл туралы талап қоюсыз банктік қарыз;

      8) комплаенс-тәуекел – банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу тәртібін реттейтін банктің ішкі құжаттарының, сондай-ақ банктің қызметіне ықпал ететін шет мемлекеттер заңнамасының талаптарын орындамау салдарынан шығындардың туындау ықтималдығы;

      9) корпоративтік басқару – банк басқармасының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері), акционерлердің, басшы қызметкерлердің және аудиторлар директорлар кеңесінің (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар, сондай-ақ банктің уәкілетті алқалы органдары арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесі.

      Корпоративтік басқару жүйесі өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөлуді ұйымдастыруға, сондай-ақ корпоративтік шешімдер қабылдау процесін құруға мүмкіндік береді;

      10) кредиттік тәуекел – қарыз алушының немесе контрагенттің банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес өз міндеттемелерін орындамау салдарынан туындайтын шығын ықтималдығы;

      11) кредит төлеу қабілеттілігі – қарыз алушының қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштермен ұсынылған, келешекте мүмкіншіліктерін толығымен бағалауға және банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді мерзімінде орындауға мүмкіндік беретін құқылық және қаржылық кешенді сипаттамасы;

      12) кредит шарты – нәтижесінде банктің қарыз алушыға талабы туындайтын (немесе келешекте туындауы мүмкін) қаржыландыру (шартты қаржыландыруды қоса) туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісім;

      13) күтпеген оқиғалар орын алған жағдайда қаржыландыру жоспары – банктің өз міндеттемелері бойынша уақтылы жауап беру қабілетінің төмендеуіне ден қоюға арналған рәсімдердің жиынтығы мен іс-қимылдар жоспары;

      14) қорғалатын ақпаратқа ие бөлімше – конфиденциалдылығын, тұтастығын немесе қолжетімділігін бұзу банкті шығындарға алып келетін ақпараттың иесі, банк бөлімшесі;

      15) маңызды ақпараттық актив – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 16772 болып тіркелген, "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, Ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 48 қаулысына сәйкес айқындалатын ақпараттық актив;

      16) маңызды тәуекел – іске асырылуы банктің қаржылық тұрақтылығының нашарлауына алып келетін тәуекел;

      17) мүдделер қайшылығы – банктің лауазымды адамдарының (филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің басқару органының, атқарушы органының лауазымды адамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері) оның акционерлерінің және (немесе) оның қызметкерлерінің жеке мүдделілігі және олардың өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындауы немесе банктің және (немесе) оның қызметкерлерінің және (немесе) клиенттерінің мүліктік және өзге де мүдделері арасында қарама-қайшылық туындайтын, бұл банк және (немесе) оның клиенттері үшін қолайсыз салдарға әкеп соқтыруы мүмкін жағдай;

      18) нарықтық тәуекел – нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің, шетел валюталары бағамдарының, қаржы құралдарының, тауарлардың нарықтық құнының өзгерістерінде байқалатын нарықтық жағдайдың тиімсіз өзгерістері себеп болатын баланстық және баланстық емес баптары бойынша қаржы шығыны туындау ықтималдығы;

      19) операциялық тәуекел – қолайсыз және жеткіліксіз ішкі процестер, адами ресурстар мен жүйелер нәтижесінде, немесе стратегиялық тәуекел мен беделдік тәуекелден басқа сыртқы оқиғалардың ықпалынан орын алуы мүмкін шығын ықтималдығы;

      20) өтімділік жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесі – банктің өтімділіктің тиісті деңгейін ұстап тұруы және қызметтің, валютаның түріне қарамастан түрлі уақыт аралықтарында өтімділік тәуекелін басқарудың тиісті жүйесін енгізу мақсатында өтімділік тәуекелін басқару процестерінің жиынтығы;

      21) өтімділік тәуекелі – банктің өз міндеттемелерін елеулі шығындарсыз белгіленген мерзімде орындауға қабілетсіздігі нәтижесінде қаржылық залалдардың туындау ықтималдығы;

      22) саясат – банктің директорлар кеңесімен бекітілген, банктің тиімді қызмет етуін және оның қызметінің стратегиясына, тәуекел бейініне, тәуекел дәрежесіне сәйкестігін қамтамасыз ететін негізгі сандық және сапалық өлшемдерін, қағидаттарын, стандарттарын айқындайтын ішкі құжат. Саясат шеңберінде банктің директорлар кеңесі жекелеген рәсімдерді, процестерді, нұсқаулықтарды сипаттайтын тиісті ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз етеді;

      23) стратегиялық тәуекел – банктің стратегиялық дамуын айқындайтын және банктің қызметіне тән қауіптерді жеткілікті түрде есепке алмаудан көрінетін шешімдер қабылдау, банктің бәсекелестер алдында басымдыққа жетуі мүмкін қызметтің перспективалық бағыттарын дұрыс немесе жеткілікті түрде негіз келтіріп айқындамау, банк қызметінің стратегиялық мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін қажетті ресурстар мен ұйымдастыру шараларының болмауы немесе толық көлемде қамтамасыз етілмеуі кезінде жіберілген қателер (кемшіліктер) нәтижесінде залалдардың туындау ықтималдығы;

      24) стресс-тестілеу – ерекше, бірақ ықтимал оқиғалардың банктің қаржылық жағдайына әлеуетті әсерін бағалау әдісі;

      25) тәуекел – күтілетін немесе көзделмеген оқиғалардың банктің қаржылық орнықтылығына, оның капиталына және (немесе) кірістеріне теріс әсер етуі мүмкін ықтималдық;

      26) тәуекел-мәдениет – тәуекелдердің банктің қаржылық жай-күйіне әсер етуін азайту мақсатында, банктің тәуекелдерді түсінуіне, қабылдауына, басқаруына және бақылауына бағытталған процестері, рәсімдері, ішкі қағидалары, сондай-ақ ұйымдық құрылымның барлық қатысушыларының кәсіби қызметінің этикалық нормалары және стандарттары. Тәуекел-мәдениет банк қызметінің қолданыстағы бекітілген рәсімдерін, процестерін және тетіктерін толықтырады және тәуекелдерді басқару жүйесінің ажырамас құрауышы болып табылады;

      27) тәуекел-бейін – тәуекел түрлерінің және әлсіз тараптарды анықтау және тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберіндегі келесі іс-қимылдардың басымдығын айқындау үшін банктің банк қызметінің барлық түріне тән тәуекелдер түрлеріне ұшырау дәрежесін сипаттайтын өзге мәліметтердің жиынтығы;

      28) тәуекел дәрежесін мәлімдеу – банктің директорлар кеңесі бекітетін, маңызды тәуекелдердің банк қабылдауға дайын не стратегияны іске асыру кезінде алып тастауға ниетті болатын біріктірілген деңгейі (деңгейлері) (тәуекелдің рұқсат етілген мөлшерінің лимиттері) сипатталатын құжат. Тәуекел дәрежесін мәлімдеу кірістілікке, капиталға, өтімділікке, тәуекелдерге қатысты көрсеткіштерді, өзге қолданылатын көрсеткіштерді қоса алғанда, сапалық сипаттағы, сондай-ақ сандық сипаттағы мәмілені қамтиды;

      29) тәуекелді өңдеу – тәуекелдерді өзгерту жөніндегі шараларды таңдау және іске асыру процесі;

      30) тәуекелдер тізілімі – тәуекелдердің өлшемшарттары мен туындау салдары, олардың туындау ықтималдығы, әсері (залалы), тәуекелдерді өңдеу басымдығы мен әдістері бар құрылымдалған тәуекелдер тізілімі;

      31) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      32) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган – қаржы мониторингін жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік орган;

      33) ұйымдастыру құрылымы – банктің бағыныштылық, есеп беру құрылымын көрсететін басқару органдарының, басшы қызметкерлерінің және құрылымдық бөлімшелерінің сандық құрамын және жүйесін белгілейтін ішкі құжат және (немесе) ішкі құжаттардың жиынтығы;

      34) цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы – "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында цифрлық активтер платформасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

      Осы Қағидалардың талаптарын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданған кезде:

      директорлар кеңесі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы түсініледі;

      басқарма деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері түсініледі;

      меншікті капитал деп Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22213 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 12 ақпандағы № 23 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төмен мөлшерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциалдық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы" қаулысының талаптарына сәйкес есептелген резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі;

      қаржылық есептілік деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша есептілік түсініледі;

      тәуекел-менеджмент басшысы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше басшысы түсініледі;

      бас комплаенс-бақылаушы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының комплаенс-бақылау жөніндегі бөлімше басшысы түсініледі.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Банк басқармасы таңдалған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, тәуекел-бейінге және банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі құжаттарға сәйкес банктің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Банк басқармасы мыналарға жауапты:

      1) банк стратегиясының орындалуын қамтамасыз ету, банктің директорлар кеңесі бекіткен рәсімдерді, процестер мен саясаттарды сақтау;

      2) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банк стратегиясының жобасын әзірлеу, сондай-ақ стратегияның орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру және банк стратегиясының ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалын, тәуекел-бейіні мен қаржылық әлеуетке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;

      3) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін тиісті жылға арналған банк бюджетінің жобасын әзірлеу;

      4) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банктің рентабельділігін басқару саясатының жобасын әзірлеу, сондай-ақ банктің және оның қызметкерлерінің аталған саясатты сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      5) бекітілген және (немесе) оларға бекітілген қызмет учаскелері бойынша банк қызметкерлеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде банктің стратегиясын, саясаттарын және өзге де ішкі құжаттарын жеткізуді айқындайтын ішкі тәртіпті әзірлеу және банк пен оның қызметкерлерінің Қағидалардың талаптарын сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      6) кейіннен банктің директорлар кеңесінің бекітуі үшін банктің кадр саясатын әзірлеу, сондай-ақ оның банктің стратегиясына, ұйымдық құрылымына, тәуекел-бейініне, қол жеткізілген нәтижелерге және Қазақстан Республикасының еңбек, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін мониторингтеуді жүзеге асыру. Кадр саясаты банк қызметіне құзыретті басшы қызметкерлерді тартуды қамтамасыз ететін стандарттарды, шарттар мен тетіктерді белгілейді және мыналарды:

      банк қызметіне байланысты үдерістер мен тәуекелдерді басқаруға қабілетті қажетті тәжірибесі, біліктілігі және мінсіз іскерлік беделі бар қызметкердің болуын;

      функциялар мен міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін ресурстардың жеткілікті санын қолдауды;

      өз міндеттерін орындау барысында мүдделер қақтығысын азайтуды;

      бір қызметкерге өкілеттікті шоғырландыру тәуекелін азайтуды;

      сыйақыларды, сондай-ақ материалдық тұрғыдан ынталандырулардың өзге түрлерін төлеу тәртібін қоса алғанда, қызметкерлерге еңбекақы төлеудің ішкі тәртібін;

      банк қызметкерлері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      7) кейіннен директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін тарифтік саясатты әзірлеу, сондай-ақ банк пен оның қызметкерлерінің тарифтік саясатты сақтауын мониторингтеуді жүзеге асыру;

      8) бұдан былай тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеттің қарауына және банктің директорлар кеңесінің бекітуіне шығару үшін банктің кредиттік саясатын әзірлеу;

      9) қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспарды (жоспарларды) бекіту;

      10) банктің директорлар кеңесіне банктің ішкі құжаттарында және Қағидаларда белгіленген басқарманың жұмыс сапасын бақылау және бағалау үшін қажетті ақпаратты ұсыну, оған мыналар:

      банктің банк стратегиясында белгіленген мақсаттарға банк басқармасының қол жеткізуі, оларға қол жеткізу үшін кедергі келтіретін себептер бар болса, көрсете отырып;

      банк қызметінің банктің директорлар кеңесі бекіткен стратегиялар мен саясатқа сәйкес келуі;

      банк қызметінің нәтижелері және оның қаржылық жай-күйі, оның ішінде банк кірістілігінің орнықтылығы (құбылмалығы) туралы ақпарат;

      банк қабылдайтын шешімдердің банктің директорлар кеңесі бекіткен рәсімдерге, процестерге және саясатқа сәйкес келмеуі;

      тәуекел дәрежесінің бекітілген деңгейлерден асып түсуі және оларды бұзу себептері;

      комплаенс-бақылау, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, ішкі аудит жөніндегі бөлімшелер және сыртқы аудит пен уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтар мен кемшіліктердің дер кезінде, толық және сапалы жойылуы туралы, сондай-ақ олардың ұсынымдарының орындалуы туралы ақпарат;

      қате, толық емес немесе рұқсатсыз орындалған операцияларды, активтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қызметтегі кемшіліктерді, қаржылық және реттеушілік есептілікті қалыптастыру кезіндегі қателерді дер кезінде анықтау, банктің ішкі құжаттарының, Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасы, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар рыногы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары, сондай-ақ мүдделер қақтығысын және ішкі асыра пайдалану мен алаяқтықты, оның ішінде банкпен ерекше қарым-қатынастағы адамдарға қатысты жою бөлігінде ішкі бақылаудың жай-күйі туралы ақпарат;

      11) банк қызметтерін ұсыну процесінде пайда болатын клиенттердің өтініштерін қарау ішкі тәртібін әзірлеу, сондай-ақ банктің осы тармақта көрсетілген талаптарды сақтауының мониторингін жүзеге асыру үшін жауапты болады. Клиенттердің өтініштерін қараудың ішкі тәртібі Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарын ескереді және мыналарды:

      банкке келіп түсетін өтініштерді қабылдау, бастапқы өңдеу, тіркеуді және клиенттердің өтініштеріне жауаптарды қоса алғанда, клиенттердің арыздары (өтініштері) бойынша іс қағаздарын жүргізу рәсімін;

      клиенттердің өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізуге жауапты банктің құрылымдық бөлімшесін;

      келіп түскен өтініштерді клиенттің өтінішіне жауаптарды өңдеу және жауап дайындау тапсырылатын жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе қызметкерлерге жеткізу (беру) рәсімін;

      клиенттердің өтініштерін уақытылы өңдеу мерзімдерін және клиенттердің өтініштеріне жауаптар дайындау мерзімдерін;

      клиенттердің өтініштерін қарау және клиенттердің өтініштеріне жауаптар дайындау кезінде банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-әрекеттесудің ішкі тәртібін;

      банк клиенттерінен келіп түскен өтініштердің жіктеуішін жүргізудің ішкі тәртібі мен рәсімдері;

      12) КЖ/ТҚ тәуекелі жоғары операцияларды жүргізуден бас тарту, сондай-ақ оған тән тәуекел факторларын ескере отырып, клиентпен іскерлік қатынастарды бұзу рәсімін және (немесе) ішкі тәртібін әзірлеу.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органы мыналарға жауапты:

      1) кейіннен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органының бекітуіне шығару үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының стратегиясының жобасын әзірлеу,

      2) кейіннен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органының бекітуіне шығару үшін тиісті жылға арналған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бюджетінің жобасын әзірлеу;

      3) кейіннен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органының бекітуіне шығару үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының рентабельділігін басқару саясатының жобасын әзірлеу;

      4) бекітілген және (немесе) оларға бекітілген қызмет учаскелері бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы қызметкерлеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің стратегиясын, саясаттарын және өзге де ішкі құжаттарын жеткізуді айқындайтын ішкі тәртіпті әзірлеу;

      5) кейіннен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органының бекітуі үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының кадр саясатын әзірлеу. Кадр саясаты банк қызметіне құзыретті басшы қызметкерлерді тартуды қамтамасыз ететін стандарттарды, шарттар мен тетіктерді белгілейді және мыналарды:

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметіне байланысты үдерістер мен тәуекелдерді басқаруға қабілетті қажетті тәжірибесі, біліктілігі және мінсіз іскерлік беделі бар қызметкердің болуын;

      функциялар мен міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін ресурстардың жеткілікті санын қолдауды;

      өз міндеттерін орындау барысында мүдделер қақтығысын азайтуды;

      бір қызметкерге өкілеттікті шоғырландыру тәуекелін азайтуды;

      сыйақыларды, сондай-ақ материалдық тұрғыдан ынталандырулардың өзге түрлерін төлеу ішкі тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің ішкі тәртібін;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметкерлері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;

      6) кейіннен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органының бекітуіне шығару үшін тарифтік саясатты әзірлеу;

      7) бұдан былай тәуекелдерді басқару жөніндегі комитеттің қарауына және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органының бекітуіне шығару үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының кредиттік саясатын әзірлеу;

      8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету және (немесе) оны қалпына келтіру бойынша жоспарды (жоспарларды) бекіту;

      9) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы қызметтерін ұсыну процесінде пайда болатын клиенттердің өтініштерін қараудың ішкі тәртібін әзірлеу. Клиенттердің өтініштерін қараудың ішкі тәртібі Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарын ескереді және мыналарды:

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалына келіп түсетін өтініштерді қабылдау, бастапқы өңдеу, тіркеуді және клиенттердің өтініштеріне жауаптарды қоса алғанда, клиенттердің арыздары (өтініштері) бойынша іс қағаздарын жүргізу рәсімін;

      клиенттердің өтініштері бойынша іс қағаздарын жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының құрылымдық бөлімшесін;

      келіп түскен өтініштерді клиенттің өтінішіне жауаптарды өңдеу және жауап дайындау тапсырылатын жауапты құрылымдық бөлімшелерге немесе қызметкерлерге жеткізу (беру) рәсімін;

      клиенттердің өтініштерін уақытында өңдеу мерзімдерін және клиенттердің өтініштеріне жауаптар дайындау мерзімдерін;

      клиенттердің өтініштерін қарау және клиенттердің өтініштеріне жауаптар дайындау кезінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекет етуінің ішкі тәртібін;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы клиенттерінің келіп түскен өтініштерінің жіктеуішін жүргізудің ішкі тәртібі мен рәсімдері;

      10) КЖ/ТҚ тәуекелі жоғары операцияларды жүргізуден бас тарту, сондай-ақ клиентпен іскерлік қарым қатынасты бұзу орын алатын тәуекел факторлары ескеріліп әзірленеді.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері таңдалған бизнес-модельге, қызмет ауқымына, операциялардың түрлері мен күрделілігіне, тәуекел-бейініне және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы бекіткен ішкі құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады және мыналарға жауапты:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы стратегиясының орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі бекіткен рәсімдерді, процестер мен саясаттарды сақтау;

      2) стратегияның орындалу мониторингін жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы стратегиясының ағымдағы нарықтық және экономикалық ахуалын, тәуекел-бейіні мен қаржылық әлеуетке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалау;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының рентабельділігін басқару саясатын сақтау мониторингін жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы кадр саясатының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы стратегиясына, ұйымдық құрылымына, тәуекел-бейініне, қол жеткізілген нәтижелерге және Қазақстан Республикасының еңбек, банктік заңнама талаптарына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы мен оның қызметкерлерінің тарифтік саясатты сақтау мониторингін жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органына Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің ішкі құжаттарында және Қағидаларда белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкелерінің жұмыс сапасын бақылау және бағалау үшін қажетті ақпаратты ұсыну, оған мыналар:

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы стратегиясында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуі, оларға қол жеткізу үшін кедергі келтіретін себептер бар болса, көрсете отырып;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы қызметінің Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы бекіткен стратегиялар мен саясатқа сәйкес келуі;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы қызметінің нәтижелері және оның қаржылық жай-күйі, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы кірістілігінің тұрақтылығы (құбылмалығы) туралы ақпарат;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы қабылдайтын шешімдердің Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы бекіткен рәсімдерге, процестерге және саясатқа сәйкес келмеуі;

      тәуекел дәрежесінің бекітілген деңгейлерден асып түсуі және оларды бұзу себептері;

      комплаенс-бақылау, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау, ішкі аудит бойынша бөлімшелер және сыртқы аудит пен уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтар мен кемшіліктерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің дер кезінде, толық және сапалы жоюы туралы, сондай-ақ олардың ұсынымдарының орындалуы туралы ақпарат;

      қате, толық емес және рұқсатсыз орындалған операцияларды дер кезінде анықтау, активтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қызметтегі кемшіліктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша есептілікті және реттеушілік есептілікті қалыптастыру кезіндегі қателер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының ішкі құжаттарындағы, Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалымен ерекше қарым-қатынастағы адамдарға қатысты бөлігінде ішкі бақылаудың жай-күйі туралы ақпарат;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының банктік қызметтерді ұсыну процесінде пайда болатын клиенттердің өтініштерін қараудың ішкі тәртібі талаптарын сақтауының мониторингін жүзеге асыру үшін жауапты болады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті атқарушы органы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бекітілген ұйымдық құрылымы шеңберінде алқалы органдарға немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі қызметкерлеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметкерлеріне берілген міндеттерді тиісінше орындауға жауапты.

      Банктің басқармасы банктің бекітілген ұйымдық құрылымы шеңберінде банктің алқалы органдарына немесе қызметкерлеріне берілген міндеттердің тиісінше орындалуына жауапты.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Комплаенс-бақылау бөлімшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) шоғырландырылған негізде банктің комплаенс-тәуекелін анықтау, өлшеу, мониторингтеу және бақылау ішкі тәртібін, тәсілдері мен рәсімдерін әзірлеу;

      2) КЖ/ТҚ қарсы іс қимыл мақсаты үшін ішкі бақылау қағидаларын әзірлеу, ендіру және оның болуын қамтамасыз ету;

      3) комплаенс-бағдарламаны (жоспарды) қалыптастыру, ол мыналарды қамтиды:

      банк бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып комплаенс-тәуекелді басқару саясатын сақтауын тексеру;

      банктің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының, банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу мәселелерін реттейтін заңнамасының талаптарын, сондай-ақ банктің комплаенс-тәуекелге ұшырау дәрежесін айқындау мақсатында банктің қызметіне әсерін тигізетін шет мемлекеттердің заңнамасын сақтауын тексеру;

      қызметкерді комплаенс-тәуекелді басқару мәселелері бойынша оқыту;

      4) банктің басқармасына банктің комплаенс-тәуекелін басқаруға ықпал көрсету;

      5) осындай функцияны банктің заң бөлімшесі орындайтын жағдайларды қоспағанда, банктің басшылығы мен қызметкерлеріне өзгерістер туралы хабардар етуді қоса алғанда, комплаенс-тәуекелді басқаруға қатысы бар Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарының нормалары, қағидалар, саясат туралы консультация беру;

      6) банкте банктің қызметкерлерін банктің қызмет көрсету және қаржы нарығында операциялар жүргізу тәртібін реттейтін банктің ішкі құжаттарының талаптарымен таныстыру жұмысын ұйымдастыруды бақылау;

      7) комплаенс-тәуекелді, оның ішінде КЖ/ТҚ тәуекелін басқару мәселелері бойынша банктің еншілес ұйымдарының қызметін үйлестіру;

      8) жаңа банктік өнімдер мен қызметтерді ендіру барысына міндетті түрде қатысу;

      9) банкте мүдделер қақтығысын анықтау, бағалау мен бақылау іс-шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      10) банктің жұмысында комплаенс-тәуекелді басқаруға байланысты анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдарды дербес немесе банктің құрылымдық бөлімшелерімен және лауазымды тұлғаларымен бірлесе отырып әзірлеу және тиісті ақпаратты банктің директорлар кеңесіне ұсыну;

      11) комплаенс-тәуекел бойынша есептілік жүйесін әзірлеу және жүргізу және тұрақты негізде банктің директорлар кеңесіне комплаенс-тәуекелді басқару мәселелері бойынша ақпаратты ұсыну;

      12) банктің құрылымдық бөлімшелерімен, оның ішінде ішкі аудит бөлімшесімен өзара әрекет ету және комплаенс-тәуекелді басқару жұмысын үйлестіру ішкі тәртібін әзірлеу;

      13) банктің КЖ/ТҚ тәуекелдеріне тартылу тәуекелін бағалау үшін сандық және сапалық көрсеткіштерді жинау және есепті жылдан кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей жыл сайын уәкілетті органға ақпарат беру.

      Банктің ішкі құжаттарына сәйкес комплаенс-тәуекелді басқарудың жекелеген функциялары қажет болғанда мүдделер қақтығысының болмау талабымен банктің өзге құрылымдық бөлімшелеріне беріледі.

      Осы тармақтың 1) және 8) тармақшаларының ережелері Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалына қолданылмайды.";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. КЖ/ТҚ тәуекелін басқару саясаты мен рәсімдерінде мыналар қамтылады, бірақ олармен шектелмейді:

      1) КЖ/ТҚ тәуекелін басқару тәртібін реттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу және орындау, КЖ/ТҚ қарсы іс-қимыл мақсатында қаржылық мониторингтеуді және ішкі бақылауды жүзеге асыру;

      2) банктің КЖ/ТҚ қарсы іс-қимыл мақсаттары үшін ішкі бақылау жөніндегі қағидаларына сәйкес КЖ/ТҚ тәуекелдерін бағалау әдістемесі;

      3) банктің құрылымдық бөлімшелері және (немесе) қызметкерлері бойынша КЖ/ТҚ бөлігінде банктің тәуекелдерін басқаруды ұйымдастыру ішкі тәртібі;

      4) клиенттерді қабылдау және оларға қызмет көрсету бағдарламасының (customer acceptance policy) болуы;

      5) банк клиентті қызмет көрсету үшін қабылдау туралы шешім қабылдау рәсімдерін әзірлеу және іске асыру кезінде тәуекел факторларын, оның ішінде анықталған және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған тәуекел факторларын ескереді.

      Клиентпен іскерлік қарым-қатынастар орнатудан бас тарту және тоқтату ішкі рәсімдері мен тәртібі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған тәуекел факторлары ескеріле отырып әзірленеді. Іскерлік қарым-қатынастар орнатудан бас тарту және тоқтату фактілері туралы ақпарат уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірілмей жіберіледі;

      6) қаржы мониторингі жүргізілуі тиіс операцияларды анықтауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға тиісті мәліметтер мен ақпаратты уақтылы жіберуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйенің және рәсімдердің болуы.";

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Банк ағымдағы нарықтық ахуалға, банктің стратегиясына, активтерінің көлеміне, операцияларының күрделілік деңгейіне сәйкес келетін ішкі бақылау жүйесінің болуын қамтамасыз етеді. Ішкі бақылау - банктің уәкілетті алқалы органдары, құрылымдық бөлімшелері және барлық қызметкерлері өздерінің міндеттерін орындау кезінде жүзеге асыратын күнделікті қызметке енгізілген және мына мақсаттарды орындауға бағытталған процесс:

      1) банк тәуекелдерін, активтері мен пассивтерін басқарудың тиімділігін қоса алғанда, банк қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, активтердің сақталуын қамтамасыз ету;

      2) ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін қаржылық, реттеушілік және басқа есептіліктің толықтығын, дәйектілігін және уақтылығын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      3) банктің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау туралы заңнамасының, Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамасының талаптарын, банктің ішкі құжаттарын сақтауын қамтамасыз ету;

      4) банктің және оның қызметкерлерінің заңға қарсы қызметті жүзеге асыруларына, оның ішінде алаяқтық, қателіктер, дәлсіздіктер, алдау, КЖ/ТҚ, КЖ/ТҚ тәуекелі жоғары операциялар жүргізумен байланысты Қазақстан Республикасының аумағында операцияларды жүзеге асыруға тартылуларына жол бермеу.

      Цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысына қатысты банк клиенттерді банк операцияларын жүргізу кезінде тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданудан басқа, мыналар үшін жауап береді:

      цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысына көрсетілетін қызметтердің (өнімдердің) КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұшырау дәрежесіне бағалау жүргізу;

      клиенттер үшін көзделген тиісті тексеру жөніндегі шаралардан басқа, цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының беделі мен қызметінің сипаты туралы мәліметтерді алу және тіркеу, "Астана" халықаралық қаржы орталығының Қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу комитеті тарапынан оған қатысты шаралар қолдану жөніндегі шараларды қамтитын іскерлік қатынастарды орнату кезінде тиісінше тексеру бойынша рәсімдер жүргізу;

      банк цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен цифрлық активтердің платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысының бүркеме-банктегі шоттарды пайдалану фактілерін анықтаған жағдайда іскерлік қатынастарды тоқтату;

      құрылтайшылары мынадай:

      қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган жасайтын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі қаржылық шаралар әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не тиісінше орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген;

      оған қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес халықаралық санкциялар қолданылатын;

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20095 болып тіркелген, "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысына сәйкес офшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген;

      банкті басқа факторлар негізінде (сыбайлас жемқорлық деңгейі, есірткінің заңсыз өндірісі, айналымы және (немесе) транзиті туралы мәліметтер, халықаралық терроризмді қолдау туралы мәліметтер және басқалар) негізінде КЖ/ТҚ жоғары тәуекелін білдіретін ретінде банк айқындаған КЖ/ТҚ тәуекелін төмендету мақсатында жүзеге асырылады.

      цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының ақшасымен жасалатын операциялардың мониторингін жүзеге асыру және зерделеу, сондай-ақ қаражатты шетелге, оның ішінде офшорлық аймақтарға заңсыз шығарудың алдын алу;

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында белгіленген күдікті операциялар анықталған кезде шаралар қабылдау;

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарында белгіленген жағдайларда цифрлық активтердің платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен іскерлік қатынастарды тоқтату;

      банктік шотты толтыру кезінде цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы қаражатының шығу көзіне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;

      ақшамен операциялар бойынша транзакциялар жазбасын сақтауды қамтамасыз ету және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беру;

      цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысын тиісінше тексеру шеңберінде алынған және жиналған құжаттарды, деректерді және (немесе) мәліметтерді кемінде бес жыл сақтауды қамтамасыз ету;

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарында белгіленген жағдайларда, цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының және оның бенефициарлық меншік иесінің жария лауазымды адамға, оның жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына тиесілігін және (немесе) қатыстылығын тексеруді жүзеге асыру;

      қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға күдікті операциялар анықталған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген мерзімдерде қажетті ақпаратты ұсыну.

      Банктің цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысымен операцияларды жүзеге асыратын клиенттеріне қатысты банк операцияларын жүргізу кезінде клиенттерді тиісінше тексерудің күшейтілген шараларын қолданудан басқа:

      цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының пайдасына аударымды жүзеге асыру кезінде банк клиенттері қаражатының шығу көзіне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген күдікті операциялар анықталған кезде шаралар қабылдау;

      банк клиенттерінің ақшасымен жасалатын операциялардың мониторингін жүзеге асыру және зерделеу, сондай-ақ қаражатты шетелге, оның ішінде офшорлық аймақтарға заңсыз шығарудың алдын алу;

      Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарында белгіленген жағдайларда банк клиенттерімен іскерлік қатынастарды тоқтату үшін жауапты болады.

      Клиенттердің операцияларына қызмет көрсету үшін банк шотын ашу кезінде цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы мынадай құжаттарды ұсынады:

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қаржылық қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қаржылық қызметтер көрсетуге берген лицензиясы;

      цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысы ретінде тіркелгенін растайтын тізілімнен үзінді көшірме;

      цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының бизнес-жоспары мен бизнес-моделі;

      цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының КЖ/ТҚ қарсы іс-қимыл жөніндегі саясаты;

      цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының басшысын тағайындау туралы бұйрық;

      цифрлық активтер платформасын басқару бойынша қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығы қатысушысының атқарушы органы және оның басшысы туралы ақпарат (жеке басын куәландыратын құжат, тұрғылықты жері туралы деректерді растау, ұсыным хаттар, алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқтығы туралы мәліметтер).

      Тиімді ішкі бақылау тиісті басқарушылық бақылауды және бақылау мәдениетін (бақылау ортасын) қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі.

      Басқарушылық бақылау және бақылау мәдениеті (бақылау ортасы) банктің директорлар кеңесі мен банк басқармасының ішкі бақылау жүйесін құруға және тиімді жұмыс істеуіне бағытталған жалпы қатынасын, хабардар болуды және практикалық іс-әрекеттерді сипаттайды.".

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады