Аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 наурызда № 27304 болып тіркелді

      "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 10-1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы Келісімнің 4-бабы 1-тармағының в) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 29 наурыздағы
№ 159 бұйрығына
бекітілген

Аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) "Бағалы металдар мен асыл тастар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 10-1)-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімнің 4-бабы 1-тармағының в) тармақшасына сәйкес әзірленді және аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу тәртібін (бұдан әрі - есепке алу) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) асыл тастар – табиғи алмастар, зүбәржаттар, лағылдар, жақұттар және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу. Асыл тастарға бірегей кәріптас түзілімдері теңестіріледі;

      2) минералды шикізат – жер қойнауынан өндірілген және құрамында байырғы кен орындарының асыл металдары, шашыраңқы кен орындарының құмдары, кендер мен техногендік кен орындарының құмдары, концентраттар, шлих алтыны мен платина, Доре қорытпасы, катодты металл және мырыш шөгінділері, сондай-ақ құрамында өнеркәсіптік тәсілмен алынатын бағалы металдар бар полиметалды (кешенді) кендер;

      3) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2-тарау. Аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу тәртібі

      3. Мәмілені есепке қою үшін өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі-өтініш) заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер уәкілетті органға жібереді.

      Заңды тұлға мен дара кәсіпкерлер өтінішке қоса:

      1) бизнес-сәйкестендіру нөмірін/жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, заңды тұлғаны/дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      2) аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді растайтын шарттың (келісімшарттың) көшірмесін ұсынады.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес мәмілелерді есепке алу жөніндегі ақпаратты өңдеуді уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардағы деректер өзгерген жағдайда, заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер 10 (он) жұмыс күні ішінде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, уәкілетті органға хабарлайды.

      6. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы құжаттарды қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде заңды тұлғаны және дара кәсіпкерді хабардар етеді.

      7. Заңды тұлға және дара кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын қайтадан ұсынған жағдайда, уәкілетті орган осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген тәртіппен мәмілелерді есепке алу жөніндегі ақпаратты қалыптастырады.

      8. Мәмілені есепке алу фактісі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын тиісті ақпараттың болуымен расталады – www.gov.kz/memleket/entities/comprom.

  Аффинаждауға дейінгі
минералды
шикізатқа және (немесе)
өңделмеген
бағалы тастарға меншік
құқығының
өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл
ретінде пайдалануға байланысты
мәмілелерді есепке алу
қағидаларына
1-қосымша
  нысан
  ____________________________
  (уәкілетті органның толық
атауы)
____________________________
(өтініш берушінің толық атауы)
____________________________
___атынан
(тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда)
(бұдан әрі - Ә.А.Т) басшысының
немесе
сенімхат бойынша оның
өкілінің)
____________________________
мекен жайы
(индекс, қала, аудан, облыс,
көше, үйдің №,
телефон)
___________өтініш берушінің
деректемелері
(Бизнес-сәйкестендіру
нөмері/жеке
сәйкестендіру нөмері)

Мәмілені есепке қою үшін өтініш

      Аффинаждауға дейінгі минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке қоюды сұраймын.

      Ұсынылатын құжаттар тізімі:________________________________

      (Қол қоюшының Ә.А.Т.) ____________________________________

      Күні:

  Аффинаждауға дейінгі
минералды
шикізатқа және (немесе)
өңделмеген
бағалы тастарға меншік
құқығының
өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл
ретінде пайдалануға байланысты
мәмілелерді есепке алу
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Мәмілелерді есепке алу бойынша ақпарат

р/с №

Заңды және жеке кәсіпкердің атауы

Бизнес-сәйкестендіру нөмері/жеке сәйкестендіру нөмері

Заңды мекенжайы/тіркеу орнының мекенжайы

Аффинажға дейінгі минералдық шикізатқа және (немесе) өңделмеген бағалы тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке алу туралы растайтын шарттың (келісімшарттың) нөмірі, күні және атауы

Мәліметтерді есепке алу туралы құжатты енгізу күні








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады