"Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 28 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 сәуірде № 27486 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелері, капиталының мөлшерінде:

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Өтімділік нормативтері орташа айлық негізде айқындалатын өтімділік коэффициенттерінің есептік мәндеріне қарамастан, өтімділік нормативтері есепті кезеңде банк кредиторлар мен салымшыларға мерзімі өткен міндеттемелер болған жағдайда орындалмаған деп есептеледі.

      Өтімділік нормативтері:

      клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;

      шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

      банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты бір немесе бірнеше өтімділік коэффициенттерінің мәндері банкке байланыссыз жағдайлар бойынша белгіленген ең төменгі мәндерден төмендеген жағдайда 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 31 мамыр аралығындағы кезеңді қоса алғанда бұзылған болып есептелмейді.

      Банк осындай төмендеу анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай төмендеу анықталған күннен бастап 6 (алты) айға дейінгі мерзімде өтімділік нормативтерді белгіленген ең төменгі мәндерден кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      Егер осы төмендеу іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаса, өтімділік коэффициенттерінің төмендеуі аталған төмендеу анықталған күннен бастап осы нормативтердің бұзылуы ретінде қаралады.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Банктер 2016 жылғы 1 шілде - 2018 жылғы 31 тамыз аралығында өтімділік тәуекелін бағалау мақсатында өтімділікті өтеу коэффициентін есептейді. Өтімділікті өтеу коэффициенті есептеу нәтижелері уәкілетті органға ай сайынғы негізде ұсыныла отырып, айдың соңғы жұмыс күнінде есептеледі. Өтімділікті өтеу коэффициентінің ең төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:

      2018 жылғы 1 қыркүйек пен 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығында - 0,5;

      2019 жылғы 1 қаңтар мен 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында - 0,6;

      2020 жылғы 1 қаңтар мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында – 0,8, 2020 жылғы 1 сәуір мен 2020 жылғы 30 қыркүйек аралығында – 0,60, 2020 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,8;

      2021 жылғы 1 қаңтар мен 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,9;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1.

      Өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні белгіленген ең төмен мәнінен төмендеген, бірақ мынадай мөлшерден төмен емес жағдайда:

      2018 жылғы 1 қыркүйек пен 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығында - 0,43;

      2019 жылғы 1 қаңтар мен 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында - 0,50;

      2020 жылғы 1 қаңтар мен 2020 жылғы 31 наурыз аралығында – 0,68, 2020 жылғы 1 сәуір мен 2020 жылғы 30 қыркүйек аралығында – 0,50, 2020 жылғы 1 қазан мен 2020 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,68;

      2021 жылғы 1 қаңтар мен 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығында – 0,77;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 0,85,

      банк осындай төмендету анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өтімділікті өтеу коэффициентінің мәнін белгіленген ең төменгі мәннен кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жібереді және өтімділікті өтеу коэффициенті төмендеген күннен кейінгі айдың әр жұмыс күні үшін өтімділікті өтеу коэффициентінің мәнін және жетіспеушілікті белгіленген ең төменгі мәндерге дейін есептеп шығарады.

      Іс-шаралар жоспары өтімділікті өтеу коэффициенті мәнінің белгіленген ең төменгі мәндерден төмендеген бірінші күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде өтімділікті өтеу коэффициентін белгіленген ең төменгі мәндерден кем емес деңгейге дейін арттыру бойынша шараларды қамтиды.

      Белгіленген ең төменгі мәндерге дейін жетіспеушілік белгіленген ең төменгі мәннің және өтімділікті өтеу коэффициентінің нақты мәні арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

      Белгіленген ең төменгі мәндерге дейінгі жетіспеушіліктер сомасы өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні белгіленген ең төменгі мәндерден төмендеген күннен кейінгі айда 0,25 артық емес болса норматив орындалған болып саналады.

      Норматив:

      өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні осы тармақтың екінші бөлігінің екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген деңгейден төмендеген;

      өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні белгіленген ең төменгі мәндерден, бірақ осы тармақтың екінші бөлігінің екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында белгіленген шекте, соңғы 6 (алты) ай ішінде үш және одан да көп рет төмендеген;

      өтімділікті өтеу коэффициентін белгіленген ең төменгі мәндерден кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асырмаған;

      жетіспеушіліктер сомасы өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні белгіленген ең төменгі мәндерден төмен болған күннен кейінгі айда белгіленген ең төменгі мәндерден 0,25 асып кеткен жағдайларда бұзылған болып есептеледі.

      Өтімділікті өтеу коэффициенті:

      клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;

      шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

      банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты банкке қатыссыз жағдайда белгіленген ең төменгі мәннен төмен өтімділікті өтеу коэффициентінің мәні төмендеген жағдайда 2022 жылғы 21 ақпаннан бастап қоса алғанда 2022 жылғы 31 мамыр аралығындағы кезеңде норматив бұзылған болып есептелмейді.

      Банк осындай төмендеу анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осындай төмендеу анықталған күннен бастап 6 (алты) айға дейінгі мерзімде өтімділікті өтеу коэффициентін белгіленген ең төменгі мәннен кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың сегізінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      Егер осы төмендеу іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, өтімділікті өтеу коэффициентінің төмендеуі көрсетілген төмендеу анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қаралады.";

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Банктер 2018 жылғы 1 қаңтар – 2018 жылғы 31 желтоқсан аралығында өтімділік тәуекелін бағалау мақсатында есептеу нәтижелерін уәкілетті органға ай сайынғы негізде ұсына отырып, нетто тұрақты қорландыру коэффициентін есептейді.

      Нетто тұрақты қорландыру коэффициентінің ең төмен мәні 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,0 мөлшерінде белгіленеді.

      Нетто тұрақты қорландыру коэффициенті:

      клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;

      шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

      банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты оның мәні банкке байланыссыз жағдайлар бойынша белгіленген ең төменгі мәнінен төмендеген жағдайда 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 31 мамыр аралығындағы кезеңді қоса алғанда бұзылған болып есептелмейді.

      Банк осындай төмендеу анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген төмендеу анықталған күннен бастап 6 (алты) айға дейінгі мерзімде нетто тұрақты қорландыру коэффициентін белгіленген ең төменгі мәннен кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      Егер осы төмендеу іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда онда нетто тұрақты қорландыру коэффициентінің төмендеуі аталған төмендеу анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. k7 коэффициенті Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.

      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар қосылады:

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы бастапқы өтеу мерзімі қоса алғанда 1 (бір) жылға дейінгі мерзімді міндеттемелер;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ететін шартсыз құқығы бар мерзімді міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін қоспағанда, банктердің мерзімді және шартты депозиттері.

      Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алып тасталады:

      Қазақстан Республикасының бейрезидент- заңды тұлғаларының ағымдағы шоттары;

      өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен (бұдан әрі – № 203 қаулы) бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес экономиканың "басқа қаржы ұйымдары - коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар - коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар - коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар - коды 8" секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;

      халықаралық қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;

      2013 жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық есеп айырысу жүйелері (ClearstreamBanking S.A. және EuroclearBankSA/NV) болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер;

      банк кастодиандық шарт негізінде сақтауға қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтары;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер;

      2022 жылғы 1 наурыздан бастап қоса алғанда 2022 жылғы 31 тамыз аралығындағы кезеңде өз талаптарында мерзімінен бұрын өтеудің пруденциялық нормативтердің Нормативтерде белгіленген мәндерден төмен мәнге төмендетуге алып келмейтіні көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент - бас банкі алдындағы депозиттер және кредиттер түріндегі өзге міндеттемелер.";

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Банктің ішкі активтері активтерді (ақшаны) және Қазақстан Республикасының резиденттеріне қойылатын талаптарды (орналастырылған салымдар, берілген қарыздар, үлестік және борыштық бағалы қағаздар, дебиторлық берешек), Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуды, материалдық емес активтерді және тазартылған бағалы металдарды, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан (тұрған) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компаниямен жасалған сақтандыру төлемдері жөніндегі міндеттемелерді сөзсіз және қайтарып алынбайтын орындау туралы тармақтары бар сақтандыру шарттарымен қамтамасыз етілген, Қазақстан Республикасынан өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын қаржыландыру үшін берілген қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының теңгемен шығарылған және "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының сауда жүйесінде саудаланатын облигацияларын білдіреді.

      Банктің ішкі міндеттемелері реттелген борышты, мерзімсіз қаржы құралдарын, банк шығарған және кастодиандық шарт негізінде банк қабылдаған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелерді білдіреді.

      Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентті есептеу мақсаттары үшін Нормативтердің 86 және 87-тармақтарына сәйкес төмендегілердің:

      жарғылық капиталдың, не;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-еншілес ұйымдарының реттелген борышына инвестициялар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-еншілес ұйымдарының акциялары шегерілген, бухгалтерлік баланстың деректеріне сәйкес меншікті капиталдың 0,75-ке көбейтілген ең аз мәні пайдаланылады.

      Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициенті:

      клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;

      шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

      банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты оның мәні банкке байланыссыз жағдайлар бойынша белгіленген ең төменгі мәнінен төмендеген жағдайда 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 31 мамыр аралығындағы кезеңді қоса алғанда бұзылған болып есептелмейді.

      Банк осындай төмендеу анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген төмендеу анықталған күннен бастап 6 (алты) айға дейінгі мерзімде банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентін белгіленген ең төменгі мәннен кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      Егер осы төмендеу іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру бойынша коэффициентінің төмендеуі көрсетілген төмендеу анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қаралады.";

      15-қосымшаға сәйкес Қолжетімді тұрақты қорландыру міндеттемелерінің кестесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілетін Ашық валюталық позицияларды есептеу қағидалары мен лимиттерiнде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ашық валюталық позицияның лимиттерi есепті апта ішінде кез келген шетел валютасы (тазартылған бағалы металл) бойынша асып түскен жағдайда кейiнгi 3 (үш) апта iшiнде бұзушылық жіберген банк үшін бұзылған валюталар (тазартылған бағалы металдар) бойынша ашық валюталық позициялардың лимиттерi осы Қағидалардың 3-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнен 5 (бес) пайыздық тармаққа азаюымен айқындалады.

      Жеке алынған шетел валютасы (тазартылған бағалы металл) ашық валюталық позициясының лимиттерін бұзылуы болып мыналар есептелмейді:

      0,09 (нөл бүтін жүзден тоғыз) пайыз шегінде;

      банкке байланыссыз себептермен, сот шешімі бойынша банк берген қарыз валютасының өзгеру бөлігінде банк белгіленген лимиттерді асыруы.

      Егер банкке қатыссыз, сот шешімі бойынша банк берген қарыз валютасының өзгеру бөлігінде банк ашық валюталық позицияларының лимиттерін асырған болса, банк ол туралы тез арада уәкілетті органға хабарлап, көрсетілген шектен асып кету айқындаған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде жою бойынша міндеттемелер қабылдайды. Егер осы асып кету көрсетілген мерзiмде жойылмаған жағдайда онда валюталар бойынша ашық валюталық позиция лимиттерiнiң асып кетуі көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап мұндай қалыптың бұзылуы ретінде қарастырылады.

      Ашық валюталық позицияның лимиттерi:

      клиенттердің ақша қаражатының әкетілуіне;

      шетел валюталарына теңгенің биржалық бағамының өзгеруіне байланысты активтер мен міндеттемелердің құнын қайта бағалауға;

      банк міндеттемелерінің валюталық құрылымының өзгеруіне байланысты әрбiр шетел валютасы немесе тазартылған бағалы металл бойынша банкке байланыссыз жағдайларда ашық валюталық позицияның лимиттерiнен асып кетуі жағдайында 2022 жылғы 21 ақпаннан 2022 жылғы 31 мамыр аралығындағы кезеңді қоса алғанда бұзылған деп есептелмейді.

      Банк осындай асып кету анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген асып кету анықталған күннен бастап 6 (алты) айға дейінгі мерзімде ашық валюталық позиция лимиттерін белгіленген ең жоғары мәндерден аспайтын деңгейге дейін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген іс-шаралар жоспарын келісуді ұсынған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.

      Егер осы асып кету іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, ашық валюталық позиция лимиттерi мәндерінің асып кетуі осы асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы ретінде қарастырылады.".

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Банктің осы қаулының 1-тармағының бесінші, отыз төртінші, қырық төртінші, жетпіс бірінші, сексен алтыншы абзацтарында көрсетілген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді және банк капиталының мөлшерін және ашық валюталық позиция лимиттерін бұзуы осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған жағдайларда осы қаулының 1-тармағының тоғызыншы, отыз сегізінші, қырық сегізінші, жетпіс бесінші, тоқсаныншы абзацтарында көзделген мерзім осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап есептеледі. Осы қаулының 1-тармағының жетпіс сегізінші абзацы 2022 жылғы 21 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2022 жылғы 6 сәуірдегі
№ 28 қаулыға
қосымша
Банктің пруденциялық
нормативтерінің және сақталуы
міндетті өзге де нормалары мен
лимиттерінің нормативтік
мәндері мен оларды есептеу
әдістемелеріне, капиталының
мөлшеріне
15-қосымша

Қолжетімді тұрақты қорландыру міндеттемелерінің кестесі

Баптар атауы

Қолжетімді тұрақты қорландыру коэффициенті, пайызбен

1.

Меншікті капитал Нормативтердің 11-тармағында белгіленген шегерімдерге дейін қосылады (1 (бір) жылдан аз өтеу мерзімі бар екінші деңгейдегі капитал құралдарын қоспағанда)

100

2.

Капиталдың өзге құралдары және 1 (бір) жыл және одан көп қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелер

100

3.

Тұрақты депозиттер

95

4.

Аздап тұрақсыз депозиттер

90

5.

Қаржылық емес ұйымдар берген 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелер

50

6.

Клирингтік, кастодиандық қызметпен, клиенттің өтімділігін басқару қызметімен байланысты салымдар

50

7.

Шет мемлекеттердің орталық үкіметтері, шет мемлекеттердің жергілікті билік органдары және халықаралық қаржы ұйымдары ұсынған 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелер

50

8.

Заңды тұлғалардың салымдарын қоса алғанда 6 (алты) айдан көп және 1 (бір) жылдан аз қалған өтеу мерзімі бар міндеттемелердің өзге түрлері

50

9.

Заңды тұлғалардың 6 (алты) айдан аз қалған өтеу мерзімі бар салымдары

0

10.

Заңды тұлғалардың шартсыз мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі бар салымдары

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 0

11.

Өзге мiндеттемелер, оның ішінде мерзімсіз мiндеттемелер (мерзімі кейінге қалдырылған салық мiндеттемелері үшін ерекше режим белгілеумен)

0

12.

Егер мiндеттемелер мөлшері туынды қаржы құралдары бойынша активтердің мөлшерінен асқан жағдайда, туынды қаржы құралдары бойынша активтерді шегергенде туынды қаржы құралдары бойынша міндеттемелер бойынша нетто тұрақты қорландыру коэффициенті

0

13.

Сатып алу күнінде қаржы құралдарын, шетел валютасын сатып алудан туындайтын төлемдер

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады