"Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 160/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 мамырда № 28111 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінде № 13631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықта:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Шығыстарының есебін жасау кезінде әкімші ақпараттандыру бойынша шығыстар басымдықтарына сай осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстар есебінің басымдылыға сәйкес (бұдан әрі – Шығыстар есебінің басымдылығы) басым іс-шараларды қаржыландыруды қарастырады.

      Шығыстар есебінің басымдылығы тиісті жылға арналған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құнынан аспауға тиіс және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның міндеті келісуін көздемейді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әкімші жыл сайын ағымдағы қаржылық жылдың 1 наурызына дейін архитектуралық портал арқылы уәкілетті органның қарауына электрондық құжат нысанында кезекті жоспарлы кезеңге шығыстардың есебін осы Нұсқаулықтың 1-1-қосымшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбесіне сәйкес енгізеді.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға 1-1-қосымшасымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы 13 мамырдағы
№ 160/НҚ бұйрығына
1-қосымша
Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алуға
арналған шығыстардың есеп-
қисабын жасау, ұсыну және
қарау жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстарды есептеудің басымдығы

 
Шығындар атауы

Басымдық (1 - жоғары, 2 - орташа, 3 - орташа, 4 - төмен)

1

2

3

1.

ақпараттық жүйе аудиті

орташа

2.

пайдаланушыларды оқыту

қалыпты

3.

еректерді жүктеуге дайындау мен деректерді жүйеге енгізу (бастапқы, мұрағаттық деректерді)

жоғары

4.

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттеріне арналған қосалқы бөлшектер сатып алу

қалыпты

5.

шеткерідегі жабдықтар үшін картридждер сатып алу

қалыпты

6.

клиенттік бағдарламалық қамтылым сатып алу

қалыпты

7.

компьютерлік жабдық сатып алу

төмен

8.

шеткерідегі жабдықты сатып алу

төмен

9.

телекоммуникациялық жабдықтар сатып алу

қалыпты

10.

көрсетілетін телекоммуникациялық қызметтерді сатып алу

жоғары

11.

шеткерідегі жабдыққа арналған тонер сатып алу

төмен

12.

электр жабдығын және серверлік үй-жайларға арналған жабдық сатып алу

төмен

13.

өзге консалтингтік қызметтер

төмен

14.

ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерін жөндеу

қалыпты

15.

ақпараттық жүйе мен электрондық ақпараттық ресурс хостингі

жоғары

16.

ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға техникалық тапсырма әзірлеу бойынша қызметтерді сатып алу

жоғары

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2022 жылғы 13 мамырдағы
№ 160/НҚ бұйрығына
2-қосымша
Ақпараттандыру саласындағы
тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алуға
арналған шығыстардың есеп-
қисабын жасау, ұсыну және
қарау жөніндегі нұсқаулыққа
1-1-қосымша

Ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің тізбесі

Ақпараттандыру саласындағы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауы

Мысалдар

1

Ақпараттық жүйені әзірлеу

ақпараттық жүйені енгізу;
ақпараттық жүйелерді интеграциялау;
ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді ұсыну;
ақпараттық жүйені дамыту;
ақпараттық жүйені құру;
ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту жөніндегі жобаны басқару

2

Ақпараттық жүйені сүйемелдеу

ақпараттандыру объектісін сүйемелдеу

3

Лицензиялық-бағдарламалық қамтамасыз етуді техникалық қолдау

жұмыс орындарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
серверлік жабдыққа жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
бағдарламалық қамтылымды техникалық қолдау;
жабдықты техникалық қолдау

4

Серверлік жабдық

серверлік жабдық сатып алу; серверлік бағдарламалық қамтылым сатып алу; серверлік жабдықты жалға алынатын серверлік үй-жайға орналастыру

5

Мемлекеттік органның архитектурасын әзірлеу немесе дамыту

мемлекеттік органның архитектурасын әзірлеу немесе дамыту


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады