Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 24 маусымдағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 маусымда № 28625 болып тіркелді

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы Заңының 25-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Иргалиев

  Төраға
2022 жылғы 24 маусымдағы
№ 3 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі

р/с

Мақсаттардың, оның ішінде функциялардың, өкілеттіктердің, міндеттердің атауы

Жүзеге асырылатын міндеттің шеңберінде жинау және өңдеу мақсаттары

Белгілі бір мақсатқа арналған дербес деректердің атауы

Меншік иесі және (немесе) оператор жүзеге асыратын міндеттерге тікелей нұсқаулары бар құжаттарды немесе нормативтік құқықтық актілерді көрсету

1.

Тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; кадрлар іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асыру; мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу

Мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру,
мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызмет өткеруді қамтамасыз ету

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
"Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы; "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысы; "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығы; "Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығы; "Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді бекітудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 21 бұйрығы; "Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадрдағы іс қағаздарын жүргізу құжаттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 27 бұйрығы; "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдама қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығы;
"Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы

2.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

3.

Тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтер

4.

Туу туралы мәліметтер: туған күні, туған жері

5.

Жынысы

6.

Туу туралы куәлігі (нөмірі, берілген күні, берген орган)

7.

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы; нөмірі; берілген күні; қолданылу мерзімі; құжатты берген орган

8.

Азаматтығы туралы деректер: азаматтығы (бұрынғы азаматтығы); Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күні; Қазақстан Республикасының азаматтығын алу негіздері; Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан күні; Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту негіздері; Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру күні; Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру негіздері

9.

Тұрғылықты мекенжайы

10.

Байланыс деректері (жұмыс, үй, ұялы телефон нөмірлері)

11.

Электрондық пошта мекенжайы

12.

Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті)

13.

Қолы (оның ішінде электрондық цифрлық (бар болса)

14.

Білімі, біліктілігі туралы және арнайы білімінің немесе арнайы даярлығының болуы туралы мәліметтер: оқу орнына түскен күні (оқу орнынан шығарылған күні); білім беру мекемесін бітіргені туралы дипломның, куәліктің, аттестаттың немесе басқа құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні; білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері; факультет немесе бөлімше, білім беру мекемесін бітіргеннен кейінгі біліктілігі мен мамандығы; ғылыми дәрежесі;ғылыми, академиялық атағы; шет тілдерін білуі

15.

Арнайы тексеру нәтижелері

16.

Соттылықтың болуы (болмауы) туралы мәліметтер

17.

Мемлекеттік қызметшінің ант қабылдаған күні

18.

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны тапсырғаны туралы мәліметтер

19.

Еңбек кітапшасының мәліметтері: нөмірі; серия; берілген күні

20.

Еңбек қызметі туралы мәліметтер (ағымдағы уақытқа арналған еңбек қызметі туралы деректер): лауазымды, құрылымдық бөлімшені, ұйымды толық көрсету, оның атауы; жалпы және үздіксіз жұмыс өтілі; бұрын атқарған лауазымдарының толық атауы және осы ұйымдардағы жұмыс уақыты көрсетілген басқа ұйымдардың мекенжайлары мен телефондары, сондай-ақ деректемелері

21.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалар, грамоталар, алғыс хаттар туралы мәліметтер; награданың атауы немесе аты; наградтау туралы нормативтік актінің күні мен түрі

22.

Біліктілігін арттыру және қайта даярлау туралы мәліметтер: біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау туралы құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні; білім беру мекемесінің атауы және орналасқан жері; білім беру мекемесін бітірген кездегі біліктілігі мен мамандығы

23.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері туралы мәліметтер

24.

Әскери міндетті адамдарды және әскери қызметке шақырылуға жататын адамдарды әскери есепке алу туралы мәліметтер: әскери билеттің сериясы, нөмірі, берілген (тапсырылған) күні; әскери билетті берген органның атауы; әскери-есептік мамандық; әскери атағы; есепке алу/шығару туралы деректер; әскери қызметтен босату негізі

25.

Отбасы жағдайы туралы мәліметтер: некедегі жағдайы; неке қию туралы куәліктің деректері; некені бұзу туралы куәліктің деректері; тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ерлі-зайыптылар; жұбайының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері; туыстық дәрежесі; асырауындағы басқа да отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және туған күні; балалардың (оның ішінде асырап алынған, қамқорлықтағы) болуы және олардың жасы; баланың туу туралы куәлігінің деректері; жақын туыстарының қайтыс болуы туралы куәліктің деректері

26.

Әлеуметтік жеңілдіктер мен әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер: жеңілдіктер мен мәртебе беру үшін негіз болып табылатын құжатты берген органның атауы; құжаттың сериясы, нөмірі, берілген күні; мүгедектіктің себебі, мүгедектік тобы; Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамға берілетін жеңілдіктерге құқықты растайтын куәлік; Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен адамға жеңілдіктер алу құқығын растайтын куәлік

27.

Мүгедектік туралы мәліметтер: мүгедектік санаты; мүгедектік тобының коды; мүгедектік тобы; мүгедектіктің себебі; мүгедектікті белгілеу күні, белгілеу мерзімі

28.

Сенімділік басқаруға берілген мүлік туралы мәліметтер

29.

Медициналық қорытындылардың нәтижелері туралы мәліметтер

30.

Тәртіптік/әкімшілік жаза қолдану туралы (оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін), мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым салу туралы мәліметтер

31.

Статистикалық тіркелімдерді жүргізу

Халықтың статистикалық тіркелімін және Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін өзектендіру

Туу туралы медициналық куәліктен мәліметтер: медициналық ұйымның атауы, берілген күні, ананың нешінші баласы, баланың бойы, баланың салмағы, неше ұрық кезінде туылды

"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы

32.

Қайтыс болу туралы дәрігерлік куәліктен мәліметтер: медициналық ұйымның атауы, берілген күні, қайтыс болудың негізгі себебі, әйел қайтыс болған жағдайда қайтыс болу түрінің коды, 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балаларға жүктілік түрінің коды, жарақат түрінің коды, қайтыс болудың сыртқы себебі

33.

Перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәліктен мәліметтер: медициналық ұйымның атауы, берілген күні, қайтыс болу туралы куәлік беру үшін негіздеме коды, қайтыс болудың негізгі себебі, өлі туылған немесе өмірінің 1-аптасында қайтыс болған, нешінші жүктілігі, нешінші рет босануы, аптадан бастап осы жүктіліктің ұзақтығы (апта), неше ұрық кезінде туылды, баланың (ұрықтың) қайтыс болуына себепші болған ауру немесе ананың жағдайы (бала жолдасының жағдайы)

34.

Мүлік туралы мәліметтер

35.

Әрекет қабілеттілігі

36.

Зейнетақы және жәрдемақы алушылар туралы деректер

37.

Мүгедектігі туралы деректер: мүгедектік санаты, мүгедектік топтың коды, мүгедекті тобы, мүгедектіктің себебі, мүгедектікті белгілеу күні, белгілеу мерзімі

38.

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы деректер: жұмыссызды тіркеу күні, жұмыссыз мәртебесінің ауысу күні

39.

Алғашқы статистикалық деректерді жинауды жүзеге асыру және (немесе) әкімшілікті деректерді алу, оларды қорыту мен талдау, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) статистикалық ақпаратты тарату

Жекелеген іріктемелі байқаулар бойынша қамтудың толықтығын қамтамасыз ету үшін алғашқы статистикалық деректер жеке тұлғалардан жиналады және оларды сәйкестендіру үшін жекелеген дербес деректерді жинау талап етіледі

Тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазанындағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ережесінің 15-тармағы 10) тармақшасына сәйкес

40.

Жеке сәйкестендіру нөмірі

41.

Нақты тұратын мекенжайы (респонденттің)

42.

Байланыс телефондары (жұмыс, үй, ұялы)

43.

Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)

44.

Қолы (оның ішінде электрондық-цифрлық бар болса)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады