"Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 14 шiлдедегi № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 шiлдеде № 28818 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 7 ақпандағы № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26747 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары бекітілсін.";

      1 және 2-қосымшалар алып тасталсын;

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы

      министрілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрілігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2022 жылғы 14 шілдедегі
№ 263 бұйрығына
қосымша

Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      3) бастапқы бизнес (стартап жоба) – микрокредиттеу ұйымына /МҚҰ/КС/ сенім білдірілген өкілге (агентке) микрокредит алу үшін жүгінген сәтте заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара кәсіпкер мәртебесін ресімдеу мерзімі бір жылдан аз уақытты құрайтын қатысушылардың бизнес-жобалары;

      4) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата, әже, немерелер;

      5) кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері), сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалар;

      6) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – қатысушыларының ақшаларын шоғырландыру жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен кредиттерге және басқа да қаржылық, оның ішінде банк қызметтеріне қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеке және/немесе заңды тұлғалар құрған заңды тұлға;

      7) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркеумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ "Микроқаржы қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында рұқсат етілген қосымша қызмет түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

      8) сенім білдірілген өкіл (агент) – тапсырма шартының негізінде жергілікті атқарушы органның атынан және оның есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды орындайтын адам;

      9) зәкірлік кооперация – шаруа (фермер) қожалықтарының және/немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерінің және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бар басқа да үміткерлердің ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін ұлғайту және оны кепілді өткізу мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің орта және ірі субъектілерімен жасасқан азаматтық-құқықтық шарт негізіндегі әріптестік.

2-тарау. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру тәртібі

      3. Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, қайтарымды негізде микрокредит беру арқылы көрсетіледі.

1-параграф. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі

      4. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағында және "Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысына сәйкес айқындалған адамдар кәсіпкерлік негіздерінен өтеді.

      5. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келетін адамдар business.enbek.kz порталында (бұдан әрі – Портал) тіркеледі.

      Осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келетін адамдардың санаттарға сәйкестікті тексеру business.enbek.kz порталында автоматты режимде жүзеге асырылады, одан кейін skills.enbek.kz платформасында (бұдан әрі – платформа) "Бастау Бизнес" жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту" онлайн курсына қолжетімділік беріледі.

      6. Онлайн оқыту курсының ұзақтығы оқу курсы басталған сәттен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн.

      7. Онлайн оқыту курсы өтеусіз негізде ұсынылады.

      8. Онлайн оқыту оқу материалдарын өз бетінше игеру жолымен жеке тәртіппен өткізіледі.

      9. Онлайн оқытудың әрбір модулін аяқтау қорытындысы бойынша қатысушының алған білімі мен дағдыларын меңгеруін анықтау үшін аралық тестілеу өткізіледі.

      Келесі модульді оқуға көшу үшін аралық тестілеудегі сұрақтардың жалпы санының кемінде 70 (жетпіс) пайызына дұрыс жауап беру қажет.

      Онлайн оқыту курсын өту кезеңінде аралық тестілеуді тапсыру әрекеттерінің саны шектелмеген.

      Курс қорытындысы бойынша қорытынды тестілеу өткізіледі.

      Сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) пайызынан көп дұрыс жауап алған адамға платформада бірегей нөмір беріле отырып, оқуды аяқтағаны туралы электрондық сертификат беріледі. Сертификат жеке кабинетте көрсетіледі.

      10. Оқуды аяқтағаны туралы электрондық сертификат алған адам оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл өткен соң онлайн оқытудың курсына қайта жіберіледі.

      Оқуды аяқтау туралы сертификат оны алған күннен бастап үш жыл бойы жарамды.

      11. Сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) пайызынан кем дұрыс жауап алған адамға онлайн оқыту курсы ішінде қорытынды тестілеуден екі реттен артық емес қайта өту мүмкіндігі беріледі.

      12. Оқуды тоқтатқан немесе қорытынды тестілеуден өтпеген адамға күнтізбелік жыл ішінде 2 (екі) реттен артық емес онлайн оқытуға қайта қатысу мүмкіндігі беріледі.

3-тарау. Қайтарымды негізде микрокредит беру тәртібі

      13. Микрокредит беру ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы мақсат шарттарында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында микрокредит беру туралы шарт бойынша кредит беруге уәкілетті "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарының (бұдан әрі – микрокредит беру ұйымы)/МҚҰ/НС/сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қарыз қаражатын беруі арқылы жүзеге асырылады.

      14. Микрокредиттер "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағында және "Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысына сәйкес айқындалған адамдарға өз бизнесін ашу, оның ішінде бастапқы бизнес үшін беріледі.

      15. Қайтарымды негізде микрокредит беру:

      1) микрокредит беру ұйымдары/МҚҰ/НС;

      2) сенім білдірілген өкіл (агенттігі) арқылы беріледі.

      16. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген микрокредиттер нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша есептің 1, 2, 3, 4, 5, 6-бағандарында көзделген ақпаратты ұсынады.

      17. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген микрокредиттер нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша есеп береді. 

1-параграф. Микрокредит беру ұйымдары арқылы қайтарымды негізде микрокредит беру тәртібі

      18. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағында және "Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысына сәйкес айқындалған адамдарға (бұдан әрі – қатысушылар) микрокредит беру мақсатында уәкілетті орган жергілікті атқарушы органға мынадай шарттарда бюджеттік кредит береді:

      1) 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарымен 7 (жеті) жылға;

      2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес жобаларға микрокредит беру;

      3) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең 28 (жиырма сегіз) айдан аспайды;

      4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 (алты) айды құрайды және бюджеттік кредит ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға аударылған күннен кейін есептеледі.

      Ақшалай қаражат олар микрокредит беру ұйымына аударылған күннен бастап игерілген болып есептеледі.

      19. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган бюджеттік кредит қаражатын микрокредит беру ұйымының кредиттік шарты бойынша береді және азаматтық заңнамаға сәйкес мынадай талаптармен бюджеттік кредит шартын жасасады:

      1) кредит беру мерзімі – 7 (жеті) жылдан аспайды;

      2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыз;

      3) игеру кезеңі – 12 (он екі) ай және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган бюджеттік кредитті аударған күннен бастап есептеледі;

      4) нысаналы мақсаты – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес жобаларды іске асыру үшін қатысушыларға микрокредит беру және қатысушыларға микрокредит беру үшін МҚҰ/НС қорландыру.

      Микрокредит беру ұйымдарына кредит беру мерзімінің ұзақтығы 28 (жиырма сегіз) айдан аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі.

      20. Микрокредит беру ұйымы МҚҰ/НС қарыз береді, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес МҚҰ/НС-мен мынадай шарттарда кредиттік келісімдер жасасады:

      1) жеделділік, қайтарымдылық, ақылылық және нысаналы пайдалану қағидаттарына негізделеді. МҚҰ/НС үшін қарыз қаражаты қаржылық-тұрақты МҚҰ / НС-ны қоспағанда, қамтамасыз етуге беріледі;

      2) кредит беру мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

      3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2 (екі) пайыз;

      4) игеру кезеңі – микрокредит беру ұйымы мен МҚҰ/НС арасында кредиттік келісім жасалған күннен бастап 12 (он екі) айға дейін;

      5) нысаналы мақсаты – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес жобаларды іске асыру үшін қатысушыларға микрокредит беру.

      Микрокредит беру ұйымы негізгі борышты өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең береді.

      Ақша қаражаты МҚҰ / НС аударылған күннен бастап игерілген болып есептеледі.

      21. Микрокредиттерді микрокредит беру ұйымы/МҚҰ/НС қатысушыға қайтарымдылық, мерзімділік, ақылылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану қағидаттарында мынадай шарттарда береді:

      1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

      2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда 2,5 (екі жарым) мың айлық есептік көрсеткішке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8,0 (сегіз) мың айлық есептік көрсеткішке дейін;

      3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 (алты) пайыздан аспайды;

      4) микрокредит беру ұйымының/МҚҰ/НС шешімі бойынша қатысушыға негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайтын жеңілдікті кезең беріледі;

      5) қатысушының Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркелуінің болуы;

      6) микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/НС және қатысушы арасындағы микрокредит беру туралы шарттарда микрокредит алуға өтініш берген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз болатын қатысушыларды қоспағанда, жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен зәкірлік кооперацияға қатысушылар үшін жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарт міндетті түрде көрсетіледі.

      Қаржыландыруды ұсыну тәртібі, қаржыландырудың негізгі шарттары, қатысушының міндеттемелерін қамтамасыз ету тәсілдері, қаржыландыру мерзімдері мен сомалары микрокредит беру ұйымының, МҚҰ/НС ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес белгіленеді.

      22. Микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/КС қатысушының микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, қатысушылардың микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері алдын ала ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен жазбаша келісіледі.

      23. Бұрын берілген микрокредиттер бойынша қатысушылар қайтарған қаражат есебінен микрокредит беруді ұйымдастыру микрокредит беру ұйымы мен ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган арасында жасалған кредиттік шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес шарттарда қатысушыларға кейіннен микрокредит беру үшін қатысушыларға қайта микрокредит беруді/МҚҰ/КС қорландыруды жүзеге асырады.

      Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар бұрын берген микрокредиттер бойынша қайтарылған қаражат есебінен микрокредит беруді ұйымдастыру микрокредит беру ұйымы мен ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган арасында жасалған кредиттік шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге осы Қағидаларда көзделген талаптармен қатысушыларға қайта микрокредит беруді жүзеге асырады.

      24. Қатысушыларға микрокредит беру туралы шешімді микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/НС дербес қабылдайды.

      25. Микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/НС ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен жасалатын бюджеттік кредит шарты сомасының кемінде 40 (қырық) пайызын бастапқы бизнесті (стартап – жобаны) қаржыландыруға жібереді.

      26. Микрокредит алу үшін қатысушылар микрокредит беру ұйымына, МҚҰ/НС осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсынады.

      27. Қатысушы микрокредит алуға ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерін микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/НС тарапынан тексеру мерзімі барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

      Құжаттар мен ондағы мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/НС қайтару себептерін көрсете отырып, микрокредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады.

      28. Микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/НС барлық қажетті құжаттарды қоса және олар микрокредит беру талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған бизнес-жобаға бағалау жүргізеді және микрокредит беруді мақұлдау не бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Микрокредит беру мақұлданған жағдайда микрокредит беру ұйымы, МҚҰ/НС қатысушымен микрокредит беру туралы шартқа қол қояды, кейін микрокредитті оның ағымдағы шотына аударады.

      29. МҚҰ/НС берілген микрокредиттер бойынша ақпаратты ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымына ұсынады.

      Микрокредит беру ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға берілген микрокредиттер бойынша ақпарат ұсынады.

      30. МҚҰ/НС микрокредиттің нысаналы пайдаланылуын мониторингілеу нәтижелері бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде микрокредит беру ұйымына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микрокредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді.

      Микрокредит беру ұйымы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микрокредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді.

2-параграф. Сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы қайтарымды негізде микрокредит беру тәртібі

      31. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жобаны ауқымдау шеңберінде берілетін микрокредиттер сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы ұсынылады.

      32. Сенім білдірілген өкілді (агентті) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган айқындайды.

      33. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 1-тармағында және "Жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 178 қаулысына сәйкес айқындалған адамдарға (бұдан әрі – үміткер) ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жобаны ауқымдау шеңберінде микрокредит беру мақсатында уәкілетті орган жергілікті атқарушы органға мынадай шарттармен бюджеттік кредит береді:

      1) 0,01 (нөл бүтін жүзден бір) пайыз жылдық сыйақы мөлшерлемесімен қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 10 (он) жылға;

      2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес жобаларды іске асыру үшін үміткерлерге микрокредит беру;

      3) негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең 28 (жиырма сегіз) ай;

      4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 6 (алты) айды құрайды және бюджеттік кредит ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға аударылған кезден бастап есептеледі.

      34. Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шарты бойынша азаматтық заңнамаға сәйкес бюджеттік кредит қаражатын мынадай шарттарда береді:

      1) кредит беру мерзімі – 10 (он) жылдан аспайды;

      2) игеру кезеңі – 12 (он екі) ай және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қаражатты аударған күннен бастап есептеледі;

      3) нысаналы мақсаты – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес жобаларды іске асыру үшін.

      Ақшалай қаражат сенім білдірілген өкілге (агентке) аударылған күннен бастап игерілген болып есептеледі.

      Сенім білдірілген өкілге (агентке) кредит беру мерзімінің ұзақтығы 28 (жиырма сегіз) айдан аспайтын мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі.

      35. Сенім білдірілген өкіл (агент) мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, нысаналы пайдалану қағидаттарын сақтай отырып, ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны ауқымдау шеңберінде үміткерлерге микрокредиттер береді:

      1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

      2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – 2,5 (екі жарым) мың айлық есептік көрсеткішке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8,0 (сегіз) мың айлық есептік көрсеткішке дейін;

      3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;

      4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;

      5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды;

      6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеудің болуы.

      Микрокредиттер беру тәртібі, микрокредитті қамтамасыз етудің негізгі шарттары, тәсілдері, үміткерлердің санаттары, қарыздардың мерзімдері мен сомалары сенім білдірілген өкілдің (агенттің) шешімімен белгіленеді және кредиттік шартта көрсетіледі.

      Үміткерлерді сенім білдірілген өкіл (агент) тапсырма шартына сәйкес айқындайды.

      36. Сенім білдірілген өкіл (агент) үміткерлердің микрокредит бойынша шарт міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, үміткерлердің микрокредитімен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері үміткерлердің микрокредитімен алдын ала жазбаша келісіледі ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган болып табылады.

      Сенім білдірілген өкілге (агентке) тапсырма шартын орындағаны үшін сыйақы төлеуді ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) тапсырмаларды орындағаны үшін сыйақы төлеу мөлшері тапсырма шартында белгіленеді.

      37. Сенім білдірілген өкіл (агент) бұрын берілген микрокредиттер бойынша үміткерлер қайтарған қаражат есебінен осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес талаптарда сенім білдірілген өкіл (агент) мен ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган арасында жасалған тапсырма шартының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге үміткерлерге қайта микрокредит беруді жүзеге асырады.

      38. Микрокредит алу үшін үміткерлер сенім білдірілген өкілге (агентке) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсынады.

      39. Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) микрокредит алуға үміткер ұсынған құжаттардың мазмұны мен мәліметтерін тексеру мерзімі өтініш барлық қажетті құжаттармен тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

      Құжаттар мен олардағы мәліметтер микрокредит беру шарттарына сәйкес келмеген жағдайда сенім білдірілген өкіл (агент) қайтару себептерін көрсете отырып, микрокредит алуға арналған құжаттар топтамасын қайтарады.

      40. Сенім білдірілген өкіл (агент) барлық қажетті құжаттарды қоса және олар микрокредит беру талаптарына сәйкес келген жағдайда өтініш тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған бизнес-жобаға бағалау жүргізеді және микрокредит беруді мақұлдау не бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Микрокредит беру мақұлданған жағдайда сенім білдірілген өкіл (агент) үміткермен микрокредит беру туралы шартқа қол қояды, содан кейін микрокредитті оның ағымдағы шотына аударады.

      41. Сенім білдірілген өкіл (агент) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес микрокредиттердің нысаналы пайдаланылуы туралы есеп береді.

4-тарау. Гранттар беру тәртібі

      42. Гранттар:

      1) жиырма тоғыз жасқа толмаған, грант алуға өтініш бергенге дейін үш жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жас кәсіпкерлер;

      2) атаулы әлеуметтік көмекті, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақыларды, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды алушыларды, қоныс аударушыларды, қандастарды, еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдарды және (немесе) оның жұбайы (зайыбын), жастарды қамтитын халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.

      Гранттар жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз немесе бір реттік жиынтық төлемді төлейтін дара кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.

      43. Гранттар жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде 400 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.

      Бұл ретте тиісті қаржы жылының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады.

      Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша мынадай мақсаттар үшін: қажетті еңбек құралдарын, мүкәммалды, технологиялық жабдықты, жануарларды, малды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде сауда объектілерінің аумағында бастапқы бизнесті өткізуге арналған үй-жайларды, оның ішінде сауда объектілерін жалдау ақысын төлеу жалға алуға, пайдалануға, сенімгерлік басқаруға беріледі.

      Бұл ретте жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан еңбек құралдары, мүкәммал, технологиялық жабдық, жануарлар, мал, құстар, көшеттер, бұталар, тұқымдар, көшеттер сатып алынбайды, сондай-ақ бастапқы бизнесті іске асыруға үй-жайлар жалға алынбайды.

      Гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.

      44. Гранттар нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.

      45. Гранттар алуға өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру өтініштер қабылданғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күн бұрын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      Гранттар алу үшін өтініштерді қабылдау лектер бойынша жүзеге асырылады.

      46. Порталда өтініштерді қабылдау мерзімі әр лекте 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      47. Грант алуға кандидат осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған өтініш береді.

      48. Грант алуға өтінім беру үшін Порталда тіркелгеннен кейін грант алуға кандидат осы Қағидалардың 42, 49-тармақтарында көрсетілген шарттарға сәйкестігіне және мерзімі жүгінген сәтте үш жылдан аспайтын "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін аяқтау туралы электрондық сертификаттың немесе бұрын қатысқаны туралы сертификаттың болуына автоматты түрде тексеріледі, көрсетілген талаптарға сәйкес келген кезде грант алуға кандидат Порталда бизнес-жоба үлгісін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жүктейді, оны толтырады және Порталда жеке кабинетіне тіркейді.

      Портал арқылы грант алуға өтініш берген кезде әлеуетті кандидат осы Қағидалардың 42-тармағында көрсетілген оған сәйкес санаттардың бірін таңдайды.

      49. Портал грант алуға мынадай кандидаттардың:

      1) ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының қатысушылары болып табылатын;

      2) соңғы 12 ай ішінде дәлелді себептерсіз жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуды тоқтатқан адамдардың өтініштерін қабылдамайды.

      50. Грант алуға кандидаттардың өтініші мен бизнес-жобасын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері өкілдерінің, бизнес, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылардың қатысуымен аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қалалар, астана деңгейінде құрылған комиссияның отырысына қарауға шығарады.

      Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады.

      Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді.

      Комиссия хатшысы Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілі болып табылады. Комиссия хатшысы комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісім бойынша отырыстың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, комиссия мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, комиссия мүшелеріне отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды ұсынады.

      51. Комиссия отырысы порталда өтініштерді қабылдау аяқталған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өткізіледі.

      Комиссия отырысының өтетін орны, күні және уақыты туралы хабарлама грант алуға кандидаттың жеке кабинетінде көрсетіледі.

      Комиссияның шешімі, егер оған отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданады.

      Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия отырысын бейнетүсірілім тіркеуіне жол беріледі.

      Комиссия отырысында грант алуға кандидат жаңа бизнес идеялардың жобасын таныстырады.

      Комиссия осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес бағалау парағында грант беру (бермеу) себептері бар шешімді көрсетеді.

      Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес комиссия шешімінде бизнес-идеялардың ендірілуге дайын екені туралы ақпарат көрсетіледі.

      Комиссияның шешімі бағалау парағына сәйкес грант алушылардың тізімі көрсетіле отырып, комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және оған қатысып отырған комиссия мүшелері қол қояды.

      Комиссия отырысы аяқталғаннан кейін Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде комиссия шешімін отырыс хаттамасына және грант алушылардың қалыптастырылған тізіміне сәйкес "Еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізеді.

      52. Комиссия отырысының шешімі "Еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізілгеннен кейін грант алуға кандидат Порталдағы "Жеке кабинет" арқылы грант беру/бермеу туралы тиісті хабарлама алады.

      53. Комиссия грант беру туралы шешім қабылдаған кезде грант алуға кандидат тиісті хабарламаны алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Порталдағы банк деректемелері бар банк шотын ұсынады, ол "Еңбек нарығы" ААЖ-ға жіберіледі.

      Көрсетілген мерзімде банк шотын ұсынбаған грант алуға кандидатқа Комиссияның грант беру туралы бұрын алған шешіміне қарамастан грант берілмейді. Бұл ретте кандидат келесі лектерде грантқа қайта өтінім бере алады.

      54. Халықты жұмыспен қамту орталығы осы Қағидалардың 53-тармағына сәйкес грант алушының банкдеректемелері бар банк шотын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант беру туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) қол қояды және грант алушының Порталдағы жеке кабинетіне жібереді.

      55. Грант алушы осы Қағидалардың 54-тармағына сәйкес шартты алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде порталда, жеке кабинетте Шартқа электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды, ол "Еңбек нарығы" ААЖ-ға жіберіледі.

      Егер грант алушы белгіленген мерзімде Порталдағы жеке кабинетте Шартқа қол қоймаса, онда автоматты түрде грант алмайды, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылында грант алуға одан әрі өтініш бере алмайды.

      56. Халықты жұмыспен қамту орталығы шарт жасалғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде грант алушының ағымдағы банк шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады және грант алушының деректерін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың салық органына береді.

      57. Грант алушы грант алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркейді.

      Бизнес жобаны іске асырудың нысаналы пайдаланылуын грант алушы Порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай ішінде тоқсан сайын растайды.

      58. Грант алушы грант алған күннен бастап 12 ай ішінде, бизнесті кеңейтуге бағытталған шараларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жіберілмейді.

      59. Грант алушы гранттық қаражаттың нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылғанын немесе грант қаражатының пайдаланылмағанын растау болмаған кезде шарт жасалған күннен бастап 3 ай ішінде Портал арқылы қаражатты толық ерікті түрде қайтаруға өтінім береді.

      60. Грант алушы гранттық қаражат толық көлемде пайдаланылмаған жағдайда порталдағы "Жеке кабинетте" тиісті өтініш беру арқылы қаражатты ішінара қайтаруды жүзеге асырады.

  Кәсіпкерлік бастамашылыққа
жәрдемдесу жөніндегі
шараларды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Берілген микрокредиттер нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша есеп

Р/с

Облыстардың атауы

Аудандардың атауы

Микрокредит алушылар қатарынан тіркелген жұмыссыздар саны, адам

Микрокредит алушылар қатарынан атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны, адам

Өткен жылға мал шаруашылығы бойынша өндіріс көлемінің ұлғаюы, НКИ %

Өткен жылға өсімдік шаруашылығы бойынша өндіріс көлемінің ұлғаюы, НКИ

Азық-түлік өнімдерін өндіру көлемінің ұлғаюы, НКИ в %

1

2

3

4

5

6

7

8

  Кәсіпкерлік бастамашылыққа
жәрдемдесу жөніндегі
шараларды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
2-қосымша

Микрокредит алу үшін құжаттар тізбесі

Р/с

Құжаттың атауы

Құжаттың/мәліметтердің түрі

1

Микрокредит беру ұйымының/МҚҰ/КС/сенім білдірілген өкілдің (агенттің)ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес микрокредит алуға сауалнама – өтініш

түпнұсқа*/электрондық құжат**

2

Жеке басты куәландыратын құжат

көшірмесі***/құжаттың электрондық көшірмесі**/ мемлекеттік дерекқордан алынған электрондық форматтағы мәліметтер

3

Кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге, сондай-ақ кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі

түпнұсқа*/электрондық құжат

4

Субъектінің мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына берілген микрокредит туралы ақпаратты, мәліметтерді және кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы /орындалмауы туралы барлық мәліметтерді беруге және алуға келісімі

түпнұсқа*/электрондық құжат**

5

Бизнес-жоспар

қарыз алушы қол қойған түпнұсқа / электрондық құжат**

6

Қарыз алушының уәкілетті органының микрокредит алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі

түпнұсқа (микрокредит мақұлданғаннан кейін ұсынылады)

7

Қазақстан Республикасының заңнамасына және микрокредит беру ұйымының/МҚҰ/КС/сенім білдірілген өкілдің (агенттің)ішкі құжаттарына сәйкес ресімделген мүлікті кепілге беру жөніндегі кепіл берушілердің келісімі

түпнұсқа (микрокредит мақұлданғаннан кейін беріледі)

8

Қызмет көрсететін банктен шоттың бар екендігі туралы анықтама

түпнұсқа (микрокредит мақұлданғаннан кейін) / электрондық құжат**

9

Несиелік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болған кезде)

түпнұсқа (берілген күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімге уәкілетті тұлғаның түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірмесіне жол беріледі)/ кредиттік бюролардан электрондық форматтағы мәліметтер

10

Қарыз алушының жалақысын және/немесе өзге де кірістерін растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорының үзінді көшірмесі)

түпнұсқа (бар болса)/ мемлекеттік деректер базасынан электрондық форматтағы мәліметтер

11

Бағалау туралы есеп

түпнұсқа/электрондық құжат**

12

Кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар

көшірмесі***/мемлекеттік дерекқордан алынған электрондық мәліметтер

      * кредитордың қатысуымен толтырылады;

      ** микрокредит беруге өтінімдерді қабылдаудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде;

      *** құжаттардың көшірмелері түпнұсқамен салыстырылады.

  Кәсіпкерлік бастамашылыққа
жәрдемдесу жөніндегі
шараларды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Микрокредитті нысаналы пайдалану туралы есеп

Р/с№

Кредитордың атауы

Қарыз алушының атауы

Қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі

Жобаның атауы

Микрокредит берілген күн

Микрокредит берілген күн

Микроедит сомасы, теңге

Микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Қарыз қаражатының нысаналы мақсаты (қарыз қаражатының әрбір бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып)

Қаражатты нақты мақсатты пайдалану(қарыз қаражатының әрбір бағытының атауы мен сомасын көрсете отырып)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      кестенің жалғасы

Іске асыру орны (аудан)

ЭҚЖЖ кодын көрсете отырып, экономика саласы

Бастапқы бизнес( стартап жобалар), теңге

Ісін жаңа бастаған, жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер, теңге

Құрылған жұмыс орындарының саны

12

13

14

15

16






      Лауазымды адам _________ _________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Жауапты қызметкер _________ ______________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Кәсіпкерлік бастамашылыққа
жәрдемдесу жөніндегі
шараларды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  _____________________
ауданының (қаласының)
халықты жұмыспен қамту
орталығының
директорына__________
кімнен____________________
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) _________________
тұрғылықты жері
________________________
(байланыс телефонының нөмірі
қаланың (ауданның) кодын
көрсете отырып, электрондық
пошта мекенжайы)

Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға грант алуға өтініш

      Ұлттық жобаны жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грант беруді сұраймын.

      Грантты мыналар үшін беруді сұраймын:

      1. Жобаның атауы ____________________

      2. Жобаның болжамды құны _______ теңге.

      3. Грант алу мақсаты ______________ (анықтамалықтан таңдалады).

      4. Үміткердің жұмыспен қамтылу санаты (автоматты түрде қойылады).

      5. Білім деңгейі (анықтамалықтан таңдалады).

      6. Жұмыс орындарын құру бойынша жоспарлы көрсеткіш

      7. Үміткердің әлеуметтік санаты (автоматты түрде қойылады).

      Бұрын берілген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің жоқ екенін растаймын.

      Әзірленген бизнес-жобаны қоса беремін.

      * ұсынылған құжаттардың дәйектілігіне жауаптымын.

      ** мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының банктік құпияны қамтитын мәліметтерге қол жеткізуіне келісім беремін.

  Кәсіпкерлік бастамашылыққа
жәрдемдесу жөніндегі
шараларды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
5-қосымша
  Облыстың/қаланың атауы
Елді мекеннің атауы

"Бизнес-жобаның атауы" бизнес-жоба

      Жобаның бастамашысы: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

1. Жобаның бастамашысы

Бастамашының аты-жөні (бар болса)


Бастамашының ЖСН


Байланыс телефондары


Тұратын мекенжайы


Бастамашының ұйымдық-құқықтық мәртебесі немесе жұмыспен қамтылу санаты

* Дара кәсіпкер не тіркелген жұмыссыз

Заңды мекенжайы

* Дара кәсіпкердің не жұмыссыздың, не бірыңғай жиынтық төлем төлеушілердің тіркелген мекенжайы

Кәсіпкерлік қызмет тәжірибесі

* Сіздің кәсіпкерлік тәжірибеңіз неше жыл (ресми немесе бейресми)

Отбасы жағдайы және еңбекке жарамсыз балалар саны

* Отбасылық жағдайыңызды және кәмелетке толмаған балалар санын көрсетіңіз

2. Бизнес-жобаның мақсаты

*бизнес-жобаңыздың мақсатын бір сөйлеммен сипаттаңыз

3. Жоба туралы қысқаша ақпарат

*бизнес-идеяңызды қысқаша сипаттаңыз

4. Бизнес-жобаны іске асыру үшін қажетті тауарлардың/қызметтердің тізбесі

р/с

Атауы

Саны

Бағасы

Барлық сома

грант қаражаты (теңге)

жеке меншік қаражат (теңге)

1.







Жиыны






      * бизнес-жобаны іске асыру кезінде сатып алуды жоспарлаған тауарлар/қызметтер тізімін көрсетіңіз

5. Көрсетілетін қызметтердің / өткізілетін өнімнің бағасы

Қызмет / өнім

Бағасы (теңге)

1.



      * сіз өндіруді/көрсетуді жоспарлап отырған тауарлардың/қызметтердің тізімін көрсетіңіз

6. Жоғарыда көрсетілген бағаларды ескере отырып, айына кіріс

Қызмет/тауар түрлері

Бағасы

Айына көлемі

Айына табыс





Жиыны




      * ұсынылатын қызметтер / сатылатын өнімдердің бағасын ескере отырып, есептелген кірісті есептеңіз

7. Пайда болжамы

Көрсеткіші

Күнтізбелік жыл

Грант алған жылы

Келесі жылға

Келесі жылы

Кіріс





Барлық кіріс




Шығыс





Барлық шығыс




ТАБЫС




      * пайда "Жалпы кіріс – жалпы шығыс = пайда" формуласы бойынша есептеледі

болған жағдайда, шығыстар мен кірістер баптарына түсініктемелерді сипаттаңыз

8. Нарықтағы жағдай және бәсекелестер

Өнімнің/қызметтің атауы

Өнім/қызмет бағасы теңгемен (бірл. үшін)

Өнімдерді/қызметтерді кімге сатуды жоспарлап отырсыз?

Өнімді/қызметті сатуды жоспарлаған тұлғаның байланыс телефоны

Сіз өз өнімдеріңізді/қызметтеріңізді қай аймаққа, қалаға немесе ауданға сатқыңыз келеді

Сату үшін қандай техникалық талаптар қажет
өнімдер / қызметтер

Қандай бәсекелестер
ұқсас бар
өнімдерімен/қызмет
сіздің аймағыңызда







*мысалы: қорап, пакет, пленка

*бәсекелестер нарығын зерттеп, оларды сипаттаңыз









Сіздің аймағыңыздағы 1 әлеуетті клиенттің орташа айлық табысы


Сіздің есептеулеріңіз бойынша бір сатып алушы 1 жыл ішінде қанша тауар/қызмет сатып ала алады?


Сіздің әлеуетті клиентіңіздің орташа айлық табысы тауарды/қызметті сатып алу көлемінің есебі қандай деректер негізінде жүргізілді?


Қандай тауарлар / қызметтер сіздің өнімдеріңізге / қызметтеріңізге бәсекелес?


9. Әлеуетті тұтынушыларды талдау

Тауарды / қызметті сату нүктеңіздің орналасқан жері (облыс, аудан, ауыл)


Неліктен сіз өз бизнесіңіз үшін дәл осы орынды таңдадыңыз? (бірнеше себептерді көрсетіңіз)


Клиенттер сіздің өнімдеріңіз немесе қызметтеріңіз туралы қалай біледі? Олар сізбен қалай байланыса алады?


10. Әлеуетті клиенттермен өзара әрекеттесу арналары

Сіз шикізат пен материалдарды сатып алатын жабдықтаушыларыңыз бар ма? Сіз олармен бұрыннан жұмыс жасағансыз ба?


Сіздің бәсекелестік артықшылығыңыз қандай және сіздің клиенттеріңіз бұл туралы қалай біледі? Сіздің бизнесіңіздің бәсекелестік артықшылығын сипаттаңыз және ол туралы ақпаратты клиенттерге қалай жеткізесіз?


  Кәсіпкерлік бастамашылыққа
жәрдемдесу жөніндегі
шараларды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
6-қосымша

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткердің бағалау парағы

      Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда): ____________

      Бизнес-жобаның атауы: _________________

      Облыстың, ауданның атауы: ________________

      Өтінімді қарау күні: ____________________

Бағалау критерийінің атауы

Бағалау

1.

Бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі
1. Бизнес-жоба осы елді мекенде/ауданда/қалада сұранысқа ие ма?
2. Ол елді мекеннің / ауданның/қаланың экономикалық мамандануына сәйкес келе ме?
3. Кәсіпкерлік қызметтің осы түрімен айналысу үшін елді мекен/аудан/қала экономикасында бос орын бар ма?

Иә / Жоқ

2.

Өткізу нарықтарының пысықталуы:
1. Үміткер өз тауарларының, жұмыстарының немесе қызметтерінің әлеуетті тұтынушыларын біле ме?
2. Үміткер әлеуетті бәсекелестерді біле ме?

Иә / Жоқ

3.

Бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі:
1. Бизнес-жобада көрсетілген бастапқы материалдардың/өндіріс құралдарының бағалары нарықтық бағаларға сәйкес келе ме?
2. Бизнес-жобада көрсетілген тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер бағалары нарықтық бағаларға сәйкес келе ме?
3. Бизнес-жоба (қысқа немесе орта мерзімді кезеңде) тиімді ме?

Иә / Жоқ

4.

Кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі:
1. Үміткердің бизнес-жобаның мазмұны бар ма?
2. Үміткер бизнес-жобаны таныстыра ала ма?

Иә / Жоқ

5.

Жаңа жұмыс орындарын құру:
осы жоба аясында қосымша жұмыс орындарын құру қарастырылған ба (үміткердің өзін қоспағанда)?

Иә / Жоқ

      Комиссия мүшесінің шешімі (грант беру / грант беруден бас тарту) ________________

      Комиссия мүшесінің қолы: ______________

  Кәсіпкерлік бастамашылыққа
жәрдемдесу жөніндегі
шараларды ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларына
7-қосымша

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның шешімі

      Грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) :

      1. Комиссия төрағасы _____________________;

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      2. Комиссия мүшесі ____________________________;

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      3. Комиссия мүшесі ____________________________;

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      4. Комиссия мүшесі ____________________________;

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      5. Комиссия мүшесі ____________________________;

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грантты алуға үміткер

      _________________________________________________ өтінішін және ұсынған,

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      құжаттарын қарап:

      Комиссия мынадай шешім қабылдады: ______________________________

      _____________________________________________________________________

      Комиссия негіздемесі (бастапқы бизнестің енгізуге әзірлігі туралы, жаңа жұмыс орындарын құру туралы) _______ парақта.

Комиссия төрағасы
__________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
_______________ қолы


Комиссия хатшысы
__________________________
тегі, аты, әкесінің аты) бар болса)
_______________ қолы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады