"Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 26 шiлдедегi № 205 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 шiлдеде № 28914 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15344 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды (бұдан әрі - кадрлар) даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізу тәртібін айқындайды, сондай-ақ, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.";

      9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға қабылдау үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) курстарды өткізу басталғанға дейін күнтізбелік 14 (он төрт) күн бұрын "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан- әрі – Стандарт) көрсетілген құжаттарды қоса, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінімді береді.";

      9-2, 9-3 және 9-4 - тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-2. Портал арқылы жүгінген жағдайда, "жеке кабинетте" көрсетілетін қызметті алушы өтініштерінің тарихында мемлекеттік қызметті көрсету үшін электрондық сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      9-3. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      9-4. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.";

      Қағидаларға 1, 1-1 және 1-2-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушы
С. Жарасбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 26 шілдедегі
№ 205 бұйрығына
1-қосымша
  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

  ____________________________
(оқу өткізетін ұйымның атауы)
____________________________
____________________________
(өтініш беруші: жеке тұлға үшін
- аты, жөні, тегі (ол болған жағдайда);
заңды тұлға үшін - толық атауы)

Өтінім

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы келесі кадрлар ________________________

                                          (даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру)

      өту үшін жіберіледі:

Р/с №

Тегі, аты-жөні (ол болған жағдайда)

Лауазымының толық атауы

Тақырыбы, спорт түрі

Кезеңі (курстың басталу және аяқталу күні)

Байланыс (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы)

1






2






3






      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

_________________________________________

________________
қолы

(жеке тұлға үшін – аты, жөні, тегі (ол болған жағдайда), (жеке тұлға үшін – мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық мекенжайы; заңды тұлға үшін – заңды тұлға үшін – толық атауы, заңды мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық мекенжайы).

қолы және мөрі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2022 жылғы "___" ______
№______ бұйрығына
2-қосымша
  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына
1-1-қосымша

"Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін "электрондық үкіметтің" www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды портал арқылы тапсырған сәттен бастап – автоматты түрде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Порталда – көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама немесе уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жеке және заңды тұлғаларға тегін.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www. gov. kz/ ent itie s/ msm "Қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша заңды және жеке тұлғалар үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға электрондық құжат нысанында сұрау салу.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы курстарды өткізу басталғанға дейін 14 (он төрт) күнтізбелік күн бұрын көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда сұрау салады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім берген кезде дәйектілігін қолтаңбамен немесе ЭЦҚ-мен растай отырып, мынадай деректерді көрсетеді: тұрғылықты жерінің (орналасқан жерінің) мекенжайы, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі, электрондық мекенжайы.
Цифрлық құжаттар сервисі "eGov mobile" мобильдік қосымшасында авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген телефондар немесе бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алады.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2022 жылғы "___" ______
№______ бұйрығына
3-қосымша
  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына
1-2-қосымша

      Нысан

  ____________________________
Көрсетілетін қызметті
алушының
____________________________
тегi аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
____________________________
немесе ұйымның атауы
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабының 1-тармағын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйым:

      _________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

                              (атауы және заңды мекен-жайы)

      "Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Жоқ және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың атауы:

      1)___________________________________________________________;

      2)___________________________________________________________;

      3)___________________________________________________________.

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Орындаушы:___________________________________            ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)            (қолы)

      Телефоны ____________________

      Алдым:______________________________________             ____________

      (көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты            (қолы)

      әкесінің аты (болған жағдайда)

      20__ жылғы "___"_________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2022 жылғы "___" ______
№______ бұйрығына
4-қосымша
  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы кадрларды
даярлау, қайта даярлау және
біліктілікті арттыру
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

_______________________________________________________________ (оқу өткізетін ұйымның атауы)

Анықтама

      ___________________________________________________________________ берілді,

      (Тегі, аты-жөні (болған жағдайда)

      ол дене шынықтыру және спорт саласындағы (даярлау немесе қайта даярлау немесе біліктілікті арттыру) курстан 20___ жылғы "___"______ бастап "___" ________ дейн тақырыбы:

      _________________________________________________________________________

      сағат көлемінде өтпеді. ________________________________             __________

      (тегі, аты-жөні, (болған жағдайда) М.О.       (қолы)

      оқу өткізетін ұйым басшысы

      лауазымының толық атауы)

      Берілген күні 20___ жылғы "____" ___________

      ______________

      (берілген орны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады