"Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 18 тамыздағы № 455 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 тамызда № 29205 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН: 

      "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18608 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) анық емес ақпарат – әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімінде қамтылған, сол сияқты шынайы мазмұнын бұрмалайтын және әлеуетті өнім берушінің ұсынылған өтініміне сәйкес келмейтін түзетулер арқылы енгізілген жалған мәліметтер;

      2) әлеуетті өнім беруші – сатып алу туралы шарт жасасуға үміткер, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      3) біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бірдей болып табылмаса да, ұқсас сипаттамалары бар және нақ сол бір функцияларды орындауға мүмкіндік беретін ұқсас құрауыштардан тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

      4) конкурс – әлеуетті өнім берушілердің арасындағы бәсекелестікті көздейтін және сатып алу шартының барынша пайдалы талаптарын анықтауға бағытталған сатып алу тәсілі;

      5) конкурсқа қатысушы – конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім беруші;

      6) конкурстық комиссия – осы Қағидаларда көзделген конкурс тәсілімен сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін табиғи монополия субъектісі құратын алқалы орган;

      7) конкурстық құжаттама – конкурсқа қатысуға арналған өтінімді дайындау үшін электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде табиғи монополия субъектісі орналастыратын құжаттама, онда конкурсқа қатысуға өтінімге қойылатын талаптар, конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі қамтылады;

      8) көрсеткіштің нысаналы мәні –тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін қолдана отырып, тарифтің қолданылу кезеңі аяқталғаннан кейін табиғи монополия субъектісі қол жеткізетін уәкілетті орган бекітетін көрсеткіштің цифрлық мәні;

      9) мәмімелері уәкілетті органның келісімін алуды көздейтін табиғи монополия субъектісінің мүлкі – табиғи монополия субъектісінің меншігіндегі, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылатын және ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімде ескерілген, құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік теңгерімге сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 пайызынан асатын ақшаны, оның ішінде шетел валютаны қоспағанда, жылжитын және жылжымайтын мүлік;

      10) өнім беруші – тапсырыс берушімен жасалған сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      11) сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін табиғи монополия субъектісі (тапсырыс беруші) тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға;

      12) сатып алу – табиғи монополия субъектісінің тарифтік реттеудің шығынды әдісін қолдана отырып, тарифті бекіту кезінде шығындары ескерілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

      13) сатып алу туралы шарт – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;

      14) слот – авиакомпанияның әуе кемесінің келу немесе жөнелту операцияларын белгілі бір күні немесе кезеңде үшін әуежайда бөлінген уақыт;

      15) табиғи монополия субъектісінің үлестес тұлғасы – осы әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

      16) техникалық сарапшы (сараптама ұйымы) – техникалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер көрсететін жеке немесе заңды тұлға;

      17) техникалық сараптама – қолданысқа енгізілген активтердің техникалық жай-күйін (техникалық сипаттамаларын), өндіріс технологиясының, материалдық, еңбек шығындарының белгіленген нормаларға сәйкестігін қоса алғанда, технологиялық процестің тиімділігін талдау, инвестициялық бағдарламаларды, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша негізгі құралдарды іске қосудың деңгейін және олардың бөлінуін талдау;

      18) электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – портал) – табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асыратын электрондық сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын портал;

      19) aeronautіcal informatіon cіrcular – аэронавигациялық ақпарат бюллетені – аэронавигациялық ақпарат циркуляры (бұдан әрі – AІC);

      20) aeronautіcal informatіon publіcatіon – аэронавигациялық ақпарат жинағы – Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағы (бұдан әрі – AІР);

      21) notіce to aіrmen (бұдан әрі – NOTAM) – кез келген аэронавигациялық жабдықты пайдалануға енгізу немесе оның (немесе оның жұмыс регламентінің) өзгеруі, ұшуларға қызмет көрсету мен олардың қағидалары туралы ақпаратты қамтитын хабарлама; немесе қауіп туралы ақпарат, ол туралы уақытылы ескерту ұшулардың қауіпсіздігі үшін маңызды орын алады.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тіркелімге енгізу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) табиғи монополия жағдайларында тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін қажетті өтініш берушінің балансындағы не жалға алынған немесе сенімгерлік басқарудағы инженерлік желілер мен құрылыстардың тізбесін, сондай-ақ карта-схемаларды (көрсетілген құжаттарға бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға қол қояды);

      2) табиғи монополиялар салаларында реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға көрсетудің жоспарлы көлемінің есептеулерін;

      3) табиғи монополия саласында көрсетілетін және (немесе) реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыру туралы мәлімдейтін құжаттарды береді.

      Осы тармақта көзделген өтініш пен құжаттарды өтініш беруші электрондық не қағаз түрінде ұсынады. Қағаз түріндегі құжаттар тігіледі және нөмірленеді, соңғы парағы табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолымен бекітіледі.

      Қағидалардың осы тармағында көрсетілетін құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті орган Тіркелімге енгізу туралы өтінішті күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімде қарайды. Өтінішті қарау мерзімі құжаттар берілген күннен бастап есептеледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісің Тіркелімге (Тіркелімнен) енгізу (алып тастау) туралы шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей ол туралы осы табиғи монополия субъектісіне, бірақ өтініш және оған қоса берілетін құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей хабарлайды.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Табиғи монополия субъектісі өтінішхатқа қоса берілетін құжаттарды тізімдеме бойынша электрондық не қағаз түрінде ұсынады. Қағаз түріндегі құжаттар тігіледі және нөмірленеді, соңғы парағы табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолымен бекітіледі.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

      1) конкурспен;

      2) баға ұсыныстарын сұрату;

      3) бір көзден алу;

      4) тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.

      Тауар биржалары арқылы тәсілімен сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) бекітілген Биржалық сауданың үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 638 қаулысымен бекітілген Биржалық тауарлар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Табиғи монополия субъектісі жыл сайын, 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітілген келесі күнтізбелік жылға арналған осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізбені қалыптастырады және уәкілетті органға мәлімет үшін жібереді.

      Уәкілетті органға ұсынылатын тізбе тігіледі және нөмірленеді, соңғы парақ табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қолымен бекітіледі.

      Табиғи монополия субъектісінің бастамасы бойынша бекітілген Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар осы тармақтың екінші абзацында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

      Тізбе және оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар шешім қабылданған кезден бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында, ал өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда – уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынумен орналастырылады.";

      5-тарауда:

      2-параграф алып тасталсын;

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Портал арқылы конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын сатып алу";

      104-тармақ алып тасталсын;

      105, 106, 107 және 108-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Конкурс өткізу арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу портал арқылы сегіз кезеңде өткізіледі:

      1) конкурстық комиссияны қалыптастыру;

      2) конкурстық құжаттаманы қалыптастыру және бекіту;

      3) порталда конкурсты өткізу туралы хабарландыруды және конкурстық құжаттаманы орналастыру;

      4) конкурстық өтінімдерді жинау;

      5) конкурстық өтінімді қамтамасыз ету;

      6) конкурстық өтінімдерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдерді конкурс шарттарына сәйкестігін қарауы және конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасын жасау;

      7) қорытынды хаттамасын жасай отырып, конкурс жеңімпазын айқындау;

      8) конкурс жеңімпазымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасу.

      106. Табиғи монополия субъектісі

      1) өзінің интернет-ресурсында орналастырады, ал өзінің интернет – ресурсы болмаған жағдайда порталға сілтемені көрсете отырып, сатып алу жүзеге асырылатын портал туралы ақпаратты уәкілетті органға өзінің интернет-ресурсында орналастыру үшін ұсынады;

      2) сатып алу бойынша ақпаратқа бірыңғай қол жеткізу нүктесін қалыптастыру мақсатында электрондық сатып алудың ақпараттық жүйелерінде жүзеге асырылатын сатып алу туралы ақпаратты, мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесіне беруді қамтамасыз етеді.

      107. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғанға дейін табиғи монополия субъектісі конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық құжаттаманы, конкурстық комиссияның хатшысын бекітеді және қажет болған кезде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, конкурстық құжаттамаға сәйкес қажетті техникалық және сапалық сипаттамаларға сәйкестігін айқындау үшін сарапшыларды айқындайды.

      Осы тармақта көрсетілген барлық шешімдер табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылданады.

      Конкурстық комиссия табиғи монополия субъектісі Конкурстық комиссия құру туралы бұйрықты бекіткен сәттен бастап әрекет етеді және конкурс қорытындылары шығарылған күні өз қызметін тоқтатады.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ және 3 (үш) адамнан кем болмайды.

      Конкурстық комиссияның құрамына табиғи монополия субъектісі қызметкерлерінің ішінен конкурстық комиссияның төрағасы, төраға орынбасары мен мүшелері кіреді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын оны алмастыратын тұлға орындайды.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің біреуі конкурстық комиссияның отырысында өндірістік немесе басқа себептер бойынша болмаған жағдайда, конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі және осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме көрсетіледі.

      Табиғи монополия субъектісі бастамасы бойынша бүкіл қаржы жылына тұрақты құрамнан тұратын конкурстық комиссия құра алады.

      108. Конкурстық комиссияның хатшысы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей порталда конкурс өткізу туралы хабарландыруды және конкурстық құжаттаманы жариялайды;

      2) конкурс өткізу туралы хабарландыруды өзінің интернет-ресурсында жариялайды және конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жолдайды;

      3) порталда ақпаратты орналастыру арқылы конкурс процесінің әрбір кезеңі туралы, оның ішінде конкурс қорытындылары туралы конкурсқа қатысушыларды хабардар етеді;

      4) Осы Қағидаларда көзделген функцияларды жүзеге асырады.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде қатыспайды.";

      мынадай мазмұндағы 108-1 және 108-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "108-1. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссияның жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.

      Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер конкурстық комиссиясының отырысына қатысатын мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Конкурстық комиссия мүшесінің ерекше пікір білдіруге мүмкіндігі бар, ол жазбаша түрде баяндалады және ашу немесе конкурс қорытындыларын шығару хаттамасына қоса беріледі.

      108-2. Сарапшылар әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі бойынша не әлеуетті өнім берушінің неғұрлым жақсы функционалдық, техникалық, пайдалану және сапалық сипаттамалары бар тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) ұсынғаны туралы қорытынды береді. Сараптамалық қорытынды "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Электрондық құжат туралы Заң) сәйкес құжаттың электрондық көшірмесі нысанында ресімделеді және порталдағы Конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.";

      109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Конкурстық құжаттама мынадай мәліметтерді:

      1) әлеуетті өнім берушінің осы Қағидалардың 52-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы;

      2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға, тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шығыстарға сапа кепілдігін беру сипатталған техникалық ерекшелікті қамтиды.

      Жобалық-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10632 болып тіркелген) Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларына сәйкес бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы қамтиды. Бұл ретте осындай сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзіміне сәйкес келеді;

      3) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің саны (көлемі);

      4) сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу орны мен шарты;

      5) сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізудің талап етілетін мерзімі;

      6) төлем шарты;

      7) жұмыс тәжірибесінің болуы (әлеуетті өнім берушіде лицензияның және (немесе) рұқсаттың болуы мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып танылатын жағдайларды қоспағанда);

      8) конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру әдісінің сипаттамасы;

      9) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағасынан басқа, оларды тасымалдау мен сақтандыруға, кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды төлеуге арналған шығыстарды, сондай-ақ қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) сомасын шегере отырып, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарында көзделген өзге де шығыстарды көрсету;

      10) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес конкурстық өтінімді, сатып алу туралы шартты жасасу және ұсыну тіліне қойылатын талаптар;

      11) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімінің қолданыс мерзімін көрсету туралы ақпарат;

      12) конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарты, мөлшері, нысаны, мерзімі;

      13) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімді өзгерту немесе кері қайтарып алу және оны қайта тапсыру құқығын және әлеуетті өнім берушінің табиғи монополия субъектісінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының және техникалық сарапшылардың заңсыз әрекеттеріне шағым жасау құқығын көрсету;

      14) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі;

      15) әлеуетті өнім берушілер олардың көмегімен конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсініктемелер сұрайтын тәсілдер;

      16) конкурс өткізу кезінде табиғи монополия субъектісінің мүддесін білдіруге уәкілетті лауазымды тұлғалар туралы мәліметтер;

      17) шарт жобасы.";

      мынадай мазмұндағы 109-1, 109-2, 109-3, 109-4 және 109-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "109-1. Техникалық ерекшелікте ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) толық сипаттамасы және талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.

      Жобалық-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттамада бекітілген жобалау-сметалық құжаттама болады.

      Техникалық тапсырмада техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде оларды әзірлеу туралы материалдар мен жабдықтарды есептеу және жобалау кезінде қолдану туралы талап көрсетіледі.

      Техникалық ерекшелікте тауарларды жеткізу кезінде қажетті ілеспе қызметтер (монтаждау, баптау, оқыту, тауарларды тексеру және сынау) көрсетіледі.

      109-2. Біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурсты өткізу кезінде табиғи монополия субъектісі конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөледі.

      Бұл ретте табиғи монополия субъектісі конкурстық құжаттамада олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға мынадай тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бөлмейді:

      1) өзара байланысты жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кешенін көздейтін жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;

      2) біртекті түрлері бойынша және оларды жеткізу (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, атап айтқанда кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, электр тауарлары, қосалқы бөлшектер, жеңіл өнеркәсіп тауарлары, күзет және өрт дабылы қызметтері, ғимараттарға техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер (үй-жайларды жинау және аумақтарды абаттандыру, жылыту жүйелерін сығымдау және жуу, электр монтаждау және сантехникалық жұмыстар, ағаш ұстасы қызметтері).

      Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету орны кемінде 5 (бес) болған жағдайда лотта тауарларды жеткізудің, қызметтерді көрсетудің бірнеше орны көрсетіледі.

      Бұл ретте конкурс жеңімпазы тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің әрбір лоты бойынша айқындалады.

      109-3. Әлеуетті өнім берушінің табиғи монополия субъектісінен конкурстық құжаттаманы түсіндіруді, бірақ конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей сұратады. Табиғи монополия субъектісі сұрау салуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей осындай сұрау салуға жауап береді және осындай түсіндірмені конкурстық өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге жібереді.

      Әлеуетті өнім берушінің сұрау салуы және табиғи монополия субъектісінің жауабы портал арқылы жүзеге асырылады.

      109-4. Табиғи монополия субъектісі конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасы бойынша немесе әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізеді не конкурстың қорытындылары шығарылғанға дейін тарифтік сметаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны түзетуге және (немесе) Тізбеге өзгеріс енгізуге байланысты табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешім қабылдауы арқылы конкурстың күшін жояды.

      Конкурстық құжаттамаға өзгерістер туралы немесе конкурстың күшін жою туралы мәліметтер конкурстық өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге хабарланады.

      Бұл ретте табиғи монополия субъектісі конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімін әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерде осы өзгерістерді есепке алуы үшін кемінде күнтізбелік 5 (бес) күн мерзімге ұзартады.

      109-5. Конкурстық өтінім конкурстық құжаттамаға сәйкес онда көрсетілген мерзім ішінде күшінде қалады.

      Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде күнтізбелік 35 (отыз бес) күнді құрайды.

      Конкурстық құжаттамада көрсетілгеннен неғұрлым қысқа қолданылу мерзімі бар конкурстық өтінім қабылданбайды.";

      110 және 111-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын порталда орналастырылады.

      111. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) конкурстың нысанасы (егер конкурстың мәніне бірнеше лот кірген жағдайда, лоттардың атаулары мен нөмірлері);

      2) табиғи монополия субъектінің атауы және орналасқан жері;

      3) әрбір лот бойынша сатып алынатын тауарлардың сипаттамасы, өлшем бірлігі, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі, сондай-ақ әрбір лот бойынша техникалық ерекшеліктің электрондық көшірмесі;

      4) әрбір лот бойынша тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету мерзімдері, әрбір лот бойынша тауарларды жеткізудің, қызметтерді көрсетудің, жұмыстарды орындаудың орны;

      5) конкурстық құжаттаманың электрондық көшірмесі;

      6) порталда конкурстық өтінімдерді ұсынудың басталу және аяқталу уақыты, сондай-ақ конкурстық өтінімдерді ашу күні мен уақыты;

      7) ҚҚС-ны есепке алмағанда, әрбір лот бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға бөлінген сома;

      8) конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап әрбір лот бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасудың талап етілетін мерзімі;

      9) әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бағасынан басқа, ҚҚС-ны есепке алмағанда, конкурстық құжаттамада көзделген өзге де шығыстарды енгізу қажеттігі туралы талап;

      10) конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі.";

      113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "113. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға арналған өтінімді портал арқылы электрондық құжат нысанында ұсынады және оған электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.";

      116 және 117-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Порталда конкурс хабарландыруында көрсетілген конкурстық өтінімдерді ұсынудың аяқталу мерзімі өткеннен кейін ұсынылатын әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері, сондай-ақ жалған ақпарат бергені үшін бас тартылған әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері қорытындылар хаттамасына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде орналастырылмайды.

      117. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген заңды тұлға болып табылатын әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі мыналарды қамтиды:

      1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

      2) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері немесе электрондық құжат түрінде:

      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын электрондық құжат түріндегі лицензиялар, рұқсаттар (хабарламалар). Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші тиісті рұқсаттың (хабарламаның), лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады;

      әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, және (немесе) құжаттар көшірмесін;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың электрондық көшірмесі не электрондық құжат түрінде, заңды тұлғаларды уақытша біріктіру үшін (консорциум) – консорциум туралы келісімнің көшірмесі және консорциумға қатысушыларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;

      конкурстық өтінімдердің ашқан күнге дейін үш ай өткеннен кейін берілген салық төлеушіде Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтердің электрондық құжаттың көшірмесі немесе көшірмесін;

      Ұлттық Банк Басқармасының қаулысына сәйкес (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы 3 (үш) айдан астамға созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар анықтамасының электрондық көшірмесі немесе электронды құжат түріндегі нұсқасы. Анықтама конкурстық өтінімдердің ашу күнінің алдындағы 1 (бір) айдан ерте берілген;

      егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, онда осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының резиденті емес екендігі және салықтық есепте тұрмайтындығы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының тиісті құжатының электрондық көшірмесі немесе электронды құжат түріндегі нұсқасы ұсынылады;

      3) ілеспе көрсетілетін қызметтердің құнын қоса алғанда, жеткізілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің соңғы бағасын құрайтын әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығынын қамтитын осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны;

      4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға, тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын сипаттай отырып, техникалық ерекшелік.

      Жобалық-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманың шарттарымен келісу туралы хат береді;

      5) конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің енгізілуін растайтын құжаттың түпнұсқасын;

      6) соңғы 3 (үш) жылда тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұқсас сатып алу бойынша бұрын орындалған шарттар туралы ақпарат, егер мұндай талаптар техникалық ерекшелікпен белгіленсе;

      7) егер мұндай талаптар техникалық ерекшелікте белгіленген болса, әлеуетті өнім беруші жұмыскерлерінің біліктілік сәйкестігі туралы ақпаратты;

      8) өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) үшін әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемі туралы ақпарат.";

      мынадай мазмұндағы 117-1, 117-2 және 117-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "117-1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген жеке кәсіпкер болып табылатын әлеуетті өнім беруші беретін ұсынатын конкурстық өтінім:

      1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің және кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінен үзінді көшірме;

      2) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:

      сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіруге, өңдеуге, жеткізуге және өткізуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

      заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

      "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген) сәйкес банкке немесе банк филиалына анықтама беру күнінің алдында 3 (үш) айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды) қамтиды. Анықтама конкурстық өтінімдердің ашу күнінің алдындағы 1 (бір) айдан ерте берілген;

      конкурстық өтінімдердің ашу күніне дейін 3 (үш) айдан бұрын берілген Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      3) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған және жеткізілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түпкілікті бағасын құрайтын әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындарын қамтитын әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны;

      4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға, тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзіміне және (немесе) көлемдерін сипаттай отырып, техникалық ерекшелікті қамтиды.

      Жобалық-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманың шарттарымен келісетіні туралы хат ұсынады;

      5) конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің енгізілуін растайтын құжаты;

      6) әлеуетті өнім беруші жүргізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) беруі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері қамтиды;

      7) соңғы 3 (үш) жылдағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұқсас сатып алу бойынша бұрын орындалған шарттар туралы ақпаратты;

      8) егер мұндай талаптар техникалық ерекшелікте белгіленген болса, әлеуетті өнім беруші жұмыскерлерінің біліктілік сәйкестігі туралы ақпаратты қамтиды.

      117-2. Әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жиынтығында жұмыстар (көрсетілетін қызметтер) көлемінің үштен екісінен астамын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) бермейді.

      117-3. Әлеуетті өнім берушіге конкурстық өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін, бұл ретте өзінің конкурстық өтінімінің кепілдік қамтамасыз етілуін қайтару құқығын жоғалтпай, өзінің конкурстық өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу мүмкіндігі беріледі.

      Әлеуетті өнім беруші портал арқылы, бірақ конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірмей конкурстық өтінімді кері қайтарып алу немесе өзгерту туралы хабарлама жібереді.";

      124-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін ашу конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде порталда жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 125-1-тармақпен толықтырылсын:

      "125-1. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде:

      1) әлеуетті өнім берушілерден конкурстық өтінімдерді түсіндіруі туралы;

      2) жеке немесе заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың конкурсқа қатысуға өтінімдеріндегі мәліметтерді нақтылау туралы сұрау салуларды портал арқылы сұратады.";

      126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "126. Конкурстық комиссия мынадай негіздер бойынша конкурстық өтінімді қабылдамайды және әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жібермейді:

      1) әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбеген болса;

      2) конкурстық өтінім файлды ашу қатесімен ұсынылған ақпаратты қамтитын болса;

      3) конкурстық өтінім осы Қағидалардың 114, 115-тармақтарының нормаларын бұза отырып ұсынылған немесе ресімделген құжаттарды қамтитын болса;

      4) осы конкурстық өтінім конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмесе;

      5) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) рұқсаттардың (хабарламалардың) болмауы, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады;

      6) әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін не электрондық құжат түрінде ұсынбаған болса;

      7) әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада болуы белгіленген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде талаптарға сәйкес келмесе;

      8) банкроттық немесе тарату рәсіміндеріне жатады;

      9) қосалқы мердігерлер туралы мәлімет ұсынылған жағдайда әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) жұмыстардың (көрсетілетін қызметтер) көлемінің барлығын қосқанда үштен екі бөлігінен астамын берген болса;

      10) Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органының тиісті құжатында бір теңге және одан көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы мәліметтер бар болса;

      11) банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылаған міндеттемелерінің ең болмағанда бір түрі бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі болса;

      12) техникалық ерекшеліктің орнына берілген конкурстық құжаттама Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттаманы қамтитын жағдайды қоспағанда, техникалық ерекшелік ұсынылмаған болса;

      13) әлеуетті өнім беруші тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің үздік шарттарын, сондай-ақ сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің үздік сипаттамаларын ұсынатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелік берген болса;

      14) дәйексіз ақпарат беру фактісі анықталса;

      15) әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа (лотқа) қатысуға өтінім берген басқа әлеуетті өнім берушінің немесе табиғи монополия субъектісінің аффилиирленген тұлғасы болып табылса;

      16) конкурстың әлеуетті өнім берушісінің конкурстық баға ұсынысының бағасы конкурстың (лоттың) мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомадан асатын болса;

      17) соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде табиғи монополия субъектісі алдындағы міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау фактісін растайтын заңды күшіне енген сот шешімі бар болса;

      18) осы Қағидалардың 126-1-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы демпингтік деп танылса;

      19) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

      20) әлеуетті өнім берушінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылды;

      21) әлеуетті өнім берушінің басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілді;

      23) әлеуетті өнім беруші атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган оларды Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе.";

      мынадай мазмұндағы 126-1 және 126-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "126-1. Баға ұсынысы:

      1) тауарлар немесе жұмыстар бойынша ҚҚС есепке алмай, Тізбеде сатып алу үшін көзделген сомадан 30 (отыз) пайыздан астам болса;

      2) көрсетілетін қызметтер бойынша ҚҚС есепке алмағанда, сатып алу үшін көзделген сомадан 40 (қырық) пайыздан астам болса демпингтік болып танылады.

      126-2. Конкурстық комиссия қабылдамаған конкурстық өтінім конкурстық өтінімдерді бағалауға және салыстыруға қабылданбайды.";

      127, 128 және 129-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "127. Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасы порталда қалыптастырылады, табиғи монополия субъектінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады және ақпаратты қалыптастыруға және орналастыруға уәкілетті табиғи монополия субъектісі тұлғасымен порталда орналастырылады.

      128. Конкурстық өтінімдерді қарау хаттамасына қол қойылғаннан және порталда орналастырылғаннан кейін әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін ашу конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде портал автоматты түрде жүзеге асырады.

      129. Порталда қабылданбаған конкурстық баға ұсыныстары бағаланады және салыстырылады және конкурстық баға ұсынысының ең төмен бағасы негізінде конкурс жеңімпазы (лоттар бойынша) анықталады.";

      132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "132. Егер конкурс өтпеді деп танылса, табиғи монополия субъектісі мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) конкурсты қайта өткізу туралы;

      2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурсты қайта өткізу туралы;

      3) бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру туралы.

      Осы тармақта көрсетілген іс-қимылдар табиғи монополия субъектісінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрықтарымен ресімделеді.

      Конкурсты қайта өткізу кезінде хабарландыру конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмей порталда жарияланады.";

      мынадай мазмұндағы 132-1 және 132-тармақтармен толықтырылсын:

      "132-1. Өткізілмеген сатып алу бойынша табиғи монополия субъектісі сатып алуды мынадай жағдайларда бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырады:

      1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдердің болмауы. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру жіберілетін әлеуетті өнім берушіні табиғи монополия субъектісі айқындайды;

      2) конкурсқа қатысуға 2 (екіден) аз өтінім ұсынылған жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру оның өтінімінде көзделген шарттарда конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге жіберіледі және сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан аспайды;

      3) егер конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмеген болса. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру ең төмен бағамен конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушіге жіберіледі;

      4) егер конкурсқа қатысуға бір ғана әлеуетті өнім беруші жіберілген болса. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға шақыру оның өтінімінде көзделген шарттарда конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушіге жіберіледі және сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы оның конкурстық баға ұсынысынан аспайды.

      132-2. Конкурстық комиссия конкурстық комиссия қабылдамаған конкурстық өтінімдерді бағалайды және салыстырады және ең төмен баға негізінде жеңіп шыққан конкурстық өтінімді айқындайды.";

      133, 134 және 135-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "133. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімде конкурстың қорытындыларын шығарады, табиғи монополия субъектісінің электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы электрондық хаттаманы қалыптастырады және порталға орналастырады.

      134. Конкурс арқылы сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық комиссия конкурс қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, онда мынадай ақпарат болады:

      1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атаулары мен қысқаша сипаттамасы;

      2) конкурстық өтінімдер берген әлеуетті өнім берушілердің атауы және орналасқан жері;

      3) конкурстық өтінімдерді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің біліктілік деректері;

      4) әрбір конкурстық өтінімнің бағасы және негізгі шарттары;

      5) конкурстық өтінімдерді бағалау мен салыстыруды баяндау;

      6) конкурстық өтінімдер қабылданбаған жағдайда, оларды кері қайтару үшін негіздер;

      7) әрбір лот бойынша конкурс жеңімпазының атауы мен орналасқан жері және жеңімпаз анықталған шарттар;

      8) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші туралы;

      9) егер конкурс нәтижесінде жеңімпаз анықталмаса, конкурстық комиссияның осындай шешім қабылдауы үшін негіздер;

      10) конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салулардың, оларға жауаптардың жинақталған мазмұны, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулардың жинақталған мазмұны;

      11) сатып алу шартына қол қойылатын мерзім (бірақ конкурс жеңімпазы хабарламаны алған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайды);

      12) сарапшыларды тарту туралы ақпарат;

      13) Тізбеде көзделген осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сома.

      135. Табиғи монополия субъектісі конкурстың қорытындылары шығарылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазына портал арқылы хабарлама жібереді және конкурс жеңімпазы ұсынған тауардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы мен бірлік бағасын көрсете отырып, барлық қатысқан әлеуетті өнім берушілерге хабарлайды.";

      мынадай мазмұндағы 135-1 және 135-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "135-1. Әлеуетті өнім берушіге табиғи монополия субъектісінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының және сарапшылардың заңсыз іс-әрекеттеріне уәкілетті органға шағым жасауға мүмкіндік беріледі.

      135-2. Өткізілетін/өткізілген конкурста конкурс қорытындысына әсер ететін бұзушылықтар анықталған жағдайда, табиғи монополия субъектісі шарт жасасу сәтіне дейін:

      1) қорытынды шығарылғанға дейін сатып алудың (лоттың)күшін жояды;

      2) қорытынды шығарылғаннан кейін олардың күшін жояды немесе қайта қарайды.

      Табиғи монополия субъектісі сатып алудың (лоттың) күшін жою туралы шешім немесе олардың қорытындылары бекітілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы өткізілетін сатып алуға қатысқан тұлғаларға хабарлайды және өзінің интернет-ресурсында немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды.";

      136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143 және 144-тармақтар алып тасталсын;

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу";

      145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "145. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу, егер осындай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, әлеуетті өнім берушілерде бар тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге портал арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда баға шешуші шарт болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 146-1-тармақпен толықтырылсын:

      "146-1. Табиғи монополия субъектісі баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын порталда және өзінің интернет-ресурсында, ал өзінің интернет-ресурсы болмаған жағдайда – уәкілетті органның интернет-ресурсында мынадай мазмұндағы ақпараты бар баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруды орналастырады:

      1) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жоспарлы өткізу туралы – атауы, қысқаша сипаттамасы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, төлеу шарттары, тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдері, орны мен шарттары, жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім берушімен сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі;

      2) әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын табыс етуді бастау және аяқтау мерзімі туралы;

      3) сатып алу туралы шарттың жобасы;

      4) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын қосылған құн салығын есепке алмай, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін әрбір лот бойынша бөлінген сомалар туралы мәлімет.";

      147-тармақ алып тасталсын;

      148 және 149-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "148. Баға ұсынысы баға ұсыныстары тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда көрсетілген баға ұсыныстарын қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін портал арқылы беріледі. Әрбір әлеуетті өнім беруші әлеуетті өнім берушінің басшысының қолымен бекітілген немесе әлеуетті өнім берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған бір ғана баға ұсынысын береді, онда мынадай мәліметтер мен құжаттар болады:

      1) әлеуетті өнім берушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), заңды мекенжайы;

      2) жеткізілетін тауарлардың атауы, сипаттамасы мен саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемі;

      3) тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны мен мерзімдері;

      4) қосылған құн салығын есепке алмағанда, тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге байланысты шығыстар енгізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бір бірлігі үшін бағасы және жалпы бағасы;

      5) лицензияның электрондық көшірмесі (егер сатып алу шарттарында міндетті лицензиялауға жататын қызмет болжанған болса);

      6) әлеуетті өнім берушінің басшысы қол қойған техникалық ерекшеліктің электрондық көшірмесі (егер баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруда техникалық ерекшелік және әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелікті ұсынуы туралы талап болған жағдайда).

      Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын беруі оның табиғи монополия субъектісінің сауалында көзделген шарттарды сақтай отырып, тауарды беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға келісім білдіру нысаны болып табылады.

      149. Әрбір әлеуетті өнім беруші бір ғана баға ұсынысын ұсынады.

      Әлеуетті өнім берушілердің берілген баға ұсыныстары оларды ұсыну мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алынады. Бұл ретте енгізілген өзгерістерімен бірге қайталама баға ұсыныстары оларды ұсыну мерзімі өткенге дейін ұсынылады.";

      151, 152, 153 және 154-тармақтар алып тасталсын;

      155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "155. Портал баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және ең төмен баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіні айқындайды.

      Бірнеше әлеуетті өнім беруші ең төмен баға ұсынысын берген жағдайда, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады.";

      мынадай мазмұндағы 155-1-тармақпен толықтырылсын:

      "155-1. Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ашу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу туралы хабарландыруда белгіленген мерзімде порталда автоматты түрде жүзеге асырылады.";

      160 және 161-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларын әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде порталда автоматты түрде шығарады. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындыларының хаттамасында мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) табиғи монополия субъектінің толық атауы және пошталық мекенжайы;

      2) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алудың атауы;

      3) баға ұсыныстарын табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін баға ұсыныстарын ұсынған әлеуетті өнім берушілердің толық атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), олар мәлімдеген тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалар;

      4) бас тарту себептерін негіздей отырып, бас тартылған баға ұсыныстары туралы;

      5) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алудың жеңімпазы туралы;

      6) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші туралы;

      7) сатып алу туралы шартты жасасудың сомасы мен мерзімдері туралы.

      161. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары күнінен бастап портал хабарламаны сатып алу жеңімпазына 1 (бір) жұмыс күні ішінде автоматты түрде жібереді.";

      5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Бір көзден алу тәсілімен сатып алу";

      162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "162. Бір көзден сатып алу Заңның 23-бабының 5-тармағына сәйкес:

      1) конкурс немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған;

      2) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер бойынша сатып алынған;

      3) сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлғадан немесе мемлекеттік немесе табиғи монополия субъектісі болып табылатын тұлғадан тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған;

      4) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындау, оның ішінде төтенше жағдайлардың зардабын оқшаулау және (немесе) жою салдарынан, аварияларды жою үшін сатып алынған;

      5) өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған;

      6) қағаз жеткізгіштегі және (немесе) электрондық нысандағы мерзімді баспасөз басылымдары сатып алынған;

      7) мынадай:

      Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;

      Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;

      Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;

      мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезінде сауда-саттықтарда (аукциондарда) өткізілетін мүлік (активтер) сатып алынған;

      8) егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған;

      9) бару және кері қайту жолын, тұрғын үй-жай жалдауды, көліктік қызмет көрсетуді, тамақпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, жұмыскерді қызметтік іссапарға жіберуге байланысты көрсетілетін қызметтер сатып алынған;

      10) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған тапсырыс берушінің бірдейлендіру, стандарттау немесе сәйкестікті қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігі туындаған жағдайларда жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 162-1 және 162-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "162-1. Осы Қағидалардың 162-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10)-тармақшаларында көрсетілген жағдайларда бір көзден алу тәсілімен сатып алу портал арқылы әлеуетті өнім берушіге шарттың жобасын жіберу және оған қол қою арқылы жүзеге асырылады.

      162-2. Осы Қағидалардың 163, 164, 165, 166, 167, 168 және 169-тармақтары, егер конкурс немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізу тәртібін қамтиды.";

      163 және 164-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "163. Конкурс тәсілімен сатып алу және баға ұсыныстарын сұрату өткізілмеді деп танылған жағдайда, табиғи монополия субъектісі портал арқылы осы Қағидалардың 132-1-тармағында көрсетілген әлеуетті өнім берушіге бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысуға мынадай мәліметтерді қамтитын шақыру жібереді:

      1) табиғи монополия субъектісінің атауы және орналасқан жері;

      2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға, тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шығыстарға сапа кепілдігін беру сипатталған техникалық ерекшелікті.

      Жобалық-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде техникалық ерекшеліктің орнына конкурстық құжаттамада бекітілген жобалық-сметалық құжаттама болады. Бұл ретте осындай сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері бекітілген жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзіміне сәйкес келеді;

      3) өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;

      4) тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;

      5) тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдік беру;

      6) төлем талаптары және сатып алу туралы шарттың жобасы;

      7) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу талаптары, нысаны, көлемі және тәсілі;

      8) бір көзден алу тәсілімен өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сомалар туралы мәлімет;

      9) бір көзден алу тәсілімен сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өтпеді деп тану нәтижесінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші өзінің осы Қағидалардың 52-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы;

      10) бір көзден алу тәсілімен сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өтпеді деп тану нәтижесінде жүзеге асырылатын жағдайды, сондай-ақ осы Қағидалардың 164-тармағында көзделген ақпаратты қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің қойылған біліктілік талаптарына оның сәйкестігін растайтын құжаттарды беру мерзімі.

      Бұл ретте жіберілетін шақыру өтпеді деп танылған өткізілген сатып алу (конкурс, баға ұсыныстарын сұрату) шарттарына сәйкес келеді.

      164. Портал арқылы бір көзден алу тәсілімен өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде табиғи монополия субъектісіне мынадай ақпаратты ұсынады:

      1) әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігерлері (бірлесіп орындаушылары) ретінде тартуды көздейтін тұлғаларды көрсете отырып, техникалық ерекшеліктердің шарттарымен келісу туралы хат.

      Жобалық-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманың шарттарымен келісу туралы хат жібереді;

      2) бір көзден алу тәсілімен сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өтпеді деп тану нәтижесінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің және ол жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғалардың табиғи монополия субъектісінің шақыруында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;

      3) ұсынылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға негіздемесі.";

      167-тармақ алып тасталсын:

      168, 169, 170, 171 және 172-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "168. Бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде портал автоматты түрде хаттама жасайды, онда мынадай ақпарат қамтылады:

      1) бір көзден сатып алу тәсілін қолдану негіздемесі;

      2) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаты;

      3) сатып алу шарты жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы мен мекенжайы және осындай шарттың бағасы.

      169. Бір негізден алу тәсілімен сатып алу өтпеді деп мынадай жағдайларда танылады:

      1) әлеуетті өнім беруші бір көзден алу тәсілімен сатып алу баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілмеген сатып алу қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің шақыруында көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) егер әлеуетті өнім беруші бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алуға қатысудан бас тартса;

      3) егер әлеуетті өнім беруші ұсынылатын тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын бағаны ұсынса немесе тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасының нашарлауына немесе олардың санының және/немесе көлемінің төмендеуіне әкелетін техникалық сипаттаманы ұсынса.

      Бір көзден алу тәсілімен сатып алу Қағидалардың осы тармағының негізінде өтпеді деп танылған жағдайда, сатып алу Заңда көзделген тәсілдермен жүзеге асырылады.

      170. Табиғи монополия субъектісі портал арқылы жеңімпазға сатып алу қорытындылары шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шарттың жобасын жібереді. Сатып алу шарты оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

      171. Егер жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шарттың жобасына қол қоймаса және ұсынбаса, онда табиғи монополия субъектісі шарттың жобасына қол қою және оны ұсыну мерзімі өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде портал арқылы шарттың жобасын екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге жібереді.

      172. Екінші орын алған әлеуетті өнім беруші өзіне шарттың жобасы ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оған қол қояды және оны портал арқылы табиғи монополия субъектісіне ұсынады.";

      174-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "174. Егер өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта белгіленген тәртіппен енгізбесе, табиғи монополия субъектісі Шарттың қамтамасыз етілуін енгізу мерзімі өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде портал арқылы екінші орын алған әлеуетті өнім берушіге шарттың жобасын жібереді.";

      175-тармақ алып тасталсын;

      177-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "177. Сатып алу шартына табиғи монополия субъектісі электрондық құжат туралы Заңға сәйкес электрондық нысанда қол қояды.";

      182-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "182. Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына қарай табиғи монополия субъектісі портал арқылы жіберілген өнім берушінің хабарламасы бойынша авансты орындауды қамтамасыз ету мөлшерін сатып алу туралы шартта көзделген орындалған міндеттемелерге бара-бар азайтады.";

      190-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "190. Шарт бойынша тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды жеткізуге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге жұмсалатын мерзімнен кем емес, бірақ күнтізбелік 10 (он) күннен аз емес мерзімді құрайды.";

      200-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "200. Сатып алу шарттары, конкурстық құжаттама, сатып алу хаттамалары, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері және өткізілген сатып алу бойынша өзге де материалдар порталда кемінде 5 (бес) жыл сақталады.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын;

      5, 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
М. Карабаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 18 тамыздағы
№ 455 бұйрығына
1-қосымша
Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
4-1-қосымша

20__ жылға арналған тарифтік реттеудің шығынды әдісін қолдана отырып, шығындары тарифті бекіту кезінде ескерілетін сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесі (табиғи монополия субъектісінің атауы)

Сатып алу мәнінің түрі

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы

Қосымша сипаттамасы

Сатып алу тәсілі

Өлшем бірлігі

Саны, көлемі

Бірлік үшін бағасы, теңге
(ҚҚС есептемегенде)

Сатып алу үшін бекітілген жалпы сома, теңге (ҚҚС есептемегенде)

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Сатып алуды жариялаудың жоспарланған мерзімі (ай)

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі

Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны

Аванстық төлем мөлшері, %

10

11

12

13





  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 18 тамыздағы
№ 455 бұйрығына
2-қосымша
Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша

Алдағы конкурс туралы хабарландыру

      ____________________________________________________________
өткізу туралы хабарлайды (табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі - Тапсырыс беруші)
толық атауы) (құны көрсетілмей тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің
қысқаша сипаттамасы және олардың саны (көлемі); (бір конкурста тауарлардың, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтердің бес және одан да көп атауын сатып алу кезінде конкурс өткізу
туралы хабарландыру сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің
толық тізбесі тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасында көрсетілген сілтемені
қамтиды.
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер):

      ____________________________________________________________________________
(тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету орнын көрсету).
Талап етілетін жеткізу мерзімі (орындау, көрсету) ________________ Қазақстан
Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30
сәуірдегі № 256 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде № 18608 болып тіркелген) Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге
асыру қағидаларында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім
берушілер конкурсқа қатысуға жіберіледі.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: _____________ (қала коды мен телефон нөмірін көрсету)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 18 тамыздағы
№ 455 бұйрығына
3-қосымша
Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
7-қосымша
 
1-нысан
(Кімге)
____________________________
____________________________
(субъектінің атауы)
(кімнен) ____________________
____________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)

Конкурсқа қатысуға өтінім (заңды тұлғалар үшін)

      Конкурс өткізу бойынша тендерлік құжаттаманы қарап
_____________________________________, алу осымен куәландырылады,
(конкурс атауы)
_________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы) мынадай лоттар бойынша тауарларды жеткізуді
(жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруды ұсынады:
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(лоттар бойынша тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің толық сипаттамасы)

конкурстық құжаттамаға сәйкес жалпы сомаға
_________________________________________________________________________
(санмен және жазумен)

      Осы конкурстық өтінім:

      1. ______________________________________

      2. ______________________________________

      3. ______________________________________

      4. ______________________________________

      5. _____________________________________

      6. _____________________________________

      7. ______________________________________

      8 ______________________________________

      9. ______________________________________

      10. _____________________________________

      Біз, біздің конкурстық өтініміміз жеңіске жетті деп танылған жағдайда, материалдық,
қаржылық ресурстарды (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) жеткізуді бастауға
міндеттенеміз.
__________________ және осы конкурстық өтінімде көрсетілген барлық материалдық, қаржы
ресурстарын жеткізуді (жұмысты орындау, қызмет көрсету) аяқтау __________ сізден біздің
конкурстық өтінімімізді жеңді деп тану туралы хабарлама алған сәттен бастап (жазбаша) күн
ішінде.

      Біз сіздің конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызбен келісеміз.
Келесі баламалы төлем шарттарын ұсынамыз __________________________________
(егер бар болса, төлемнің балама шарттары аударылады) немесе басқа да шарттар
(санамалау: _____________________________) бұл ретте баға жеңілдігін
_________________________________________________________________________.
(ақшалай түрде, жазбаша көрсету)
Осы конкурстық өтінім __________ күні (жазумен).
Сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін осы конкурстық өтінім Сіздің оны жеңді деп
тану туралы хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті шарт рөлін орындайтын
болады.
___________________________________________________________________________
(қолы, күні) (лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)
Мөр орны ( бар болса)
Атынан және тапсырмасы бойынша конкурстық өтінімге қол қоюға барлық өкілеттігі бар
_______________________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

  2-нысан
 
  (Кімге)______________________
____________________________
(субъектінің атауы)
(кімнен) ____________________
____________________________
(Әлеуетті өнім берушінің аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)
тегі)

Конкурсқа қатысуға өтінім (жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін)

      Конкурс өткізу бойынша конкурстық құжаттаманы қарап ___________________, алу
осымен куәландырылады (конкурстің атауы) мынадай лоттар бойынша материалдық,
қаржылық ресурстарды жеткізуді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге
асыруды ұсынамын: __________________________________________________________
(лоттар бойынша тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің толық
сипаттамасы) конкурстық кұжаттамаға сәйкес жалпы сомаға
____________________________________
(және жазумен).

      Осы конкурстық өтінім:

      1. _____________________________________

      2. _____________________________________

      3. _____________________________________

      4. _____________________________________

      5. _____________________________________

      6. _____________________________________

      7. _____________________________________

      8. _____________________________________

      9. _____________________________________

      10. ____________________________________

      Мен, менің конкурстық өтінімім ұтып шықты деп танылған жағдайда, материалдық,
қаржылық ресурстарды (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) жеткізуді бастауға
міндеттенемін. __________________ (жазумен) осы конкурстық өтінімде көрсетілген барлық
материалдық, қаржы ресурстарын жеткізуді (жұмысты орындау, Қызмет көрсету) аяқтау
________________ сізден (жазбаша) менің конкурстық өтінімімді ұтып шықты деп тану
туралы хабарлама алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде.
Мен сіздің конкурстық құжаттамада айтылған төлем шарттарыңызбен келісемін.
Келесі баламалы төлем шарттарын ұсынамын ______________________________
(егер бар болса, төлемнің балама шарттары аударылады)
немесе басқа да шарттар (санамалау: _____________________________)
бұл ретте баға жеңілдігін __________________ (ақшалай түрде, жазумен көрсету).
Осы конкурстық өтінім _________ күні (жазумен).
Сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін осы конкурстық өтінім Сіздің оны жеңді
деп тану туралы хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті шарт рөлін орындайтын
болады.
________________________________________________________
(Қолы, күні) (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 18 тамыздағы
№ 455 бұйрығына
4-қосымша
Табиғи монополиялар
субъектілерінің қызметін
жүзеге асыру қағидаларына
8-қосымша

Әлеуетті жеткізушінің конкурстық өтінімі бағасының кестесі (әлеуетті өнім берушінің атауы (аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

      (әрбір лотқа жеке толтырылады)________
Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы __________________
1. Қысқаша сипаттамасы
2. Шығарылған елі (жұмыстарды сатып алуды қоспағанда)
3. Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қоспағанда)
4. Өлшем бірлігі
5. (межелі пункт) жағдайында бірлік үшін ________ баға
6. Мөлшері (көлемі)
7. Бағасы барлығы = 5 жол көбейтілген 6 жолға, _______
8. Жалпы бағасы, __________________ жағдайында __________________ (пункті),
барлық шығындар әлеуетті жеткізушінің тасымалдауға, сақтандыруға, кеден бажын, ҚҚС
және басқа салықтарды, төлемдер мен алымдарды, құны, жинақтаушы бөлшектер мен
міндетті қосалқы бөлшектер және ішінде қызмет көрсетуге арналған барлық шығыстарды
қоса алғанда, басқа да шығыстар.
Әлеуетті өнім берушінің бастамасы бойынша басқа шығыстарды көрсетуіне жол
беріледі, оның ішінде:
8.1.,
8.2.
9. Жеңілдік ұсынылған жағдайда оның мөлшері 9.1., 9.2. __________
___________________________________________________________________________
(Қолы) (Лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)
Мөр орны. (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады