БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12953 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 396 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің" 15-тармағы 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. КТІ УПИ аумақтық ІІО-ның кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі өкілдері болып табылады, олар өз құзыреті шегінде міндеттерді орындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әкімшілік учаске – қалалық, аудандық ішкі істер органы (бұдан әрі - қалалық, аудандық орган) бастығының (оның міндетін атқаратын адам) бұйрығымен КТІ УПИ бекітілетін қалалық немесе ауылдық жердің аумағы. Әкімшілік учаске шекарасының өлшемдерін қалалық, аудандық орган бастығы айқындайды.
Көліктегі ІІО-да әкімшілік учаскенің шекаралары көлік объектілеріне тікелей жақын жерде орналасқан станциялардың, аялдама пункттерінің, елді мекендердің және тұрғын алаптарының санына, жолаушылар және жүк тасымалдарының қарқындылығына байланысты белгіленеді және көліктегі ІІО бастығының бұйрығымен бекітіледі. Көліктегі ІІО-да КТІ УПИ функцияларын көліктегі құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі инспектор жүзеге асырады".;
5-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. КТІ УПИ ІІО учаскелік полиция пункттерінің кабинеттеріне орналасады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністер бір ғимаратта не ІІО әкімшілік ғимаратына тікелей жақын орналасқан, телефон және радио байланыспен қамтамасыз етілген, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге арналған үй-жайларда орналасады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. КТІ УПИ-ға жалпы басшылықты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністің (бұдан әрі – КТІБ) бастығы жүзеге асырады, ол әкімшілік учаскеге бекітілмейді. Көрсетілген лауазым жоқ және КТІБ УПИ саны 7 бірліктен аспайтын ІІО-да КТІБ учаскелік аға инспекторы да әкімшілік учаскеге бекітілмейді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. КТІ УПИ өзінің жұмысын КТІБ жұмыс жоспарларына сәйкес ұйымдастырады. Жоспарланған іс-шаралар, қалалық, аудандық орган басшылығынан алынған тапсырмалар туралы жұмыс дәптеріне күн сайын жазба жүргізеді.";
10-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) ЖПҚ бастығы бекіткен кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;";
10-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13) үш жастан он сегіз жасқа дейін қадағалаусыз және қараусыз қалған балаларды, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметі барысында ұсталған ата-ананың немесе заңды өкілдерінің қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытша орналастыру мүмкін болмаған жағдайда ерекше режимде ұсталатын білім беру ұйымдарына, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына (бұдан әрі – КТБО) және Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарына (бұдан әрі –БҚО) жеткізеді;";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Көліктегі құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі инспектор осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарымен қатар:
1) өз бетімен отбасынан, білім беру ұйымдарынан кетіп қалған балаларды анықтайды және оларды ата-аналарына тапсырады не бұл туралы үш жұмыс күні ішінде олардың тұрғылықты жері бойынша КТІБ-ні ақпараттандыра отырып, КТБО-ға не БҚО-ға жібереді;
2) көлік объектілерінде балалардың жарақаттануын, поездардың қауіпсіз қозғалысына қол сұғатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізеді;
3) көлік объектілеріне іргелес елді мекендерде тұратын кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасын ұйымдастыруда ІІО-ға көмек көрсетеді.
Көлік объектілерінде кәмелетке толмағандар қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда, оларды тұрғылықты жерлері бойынша ІІО есебіне қою үшін үш жұмыс күні ішінде аумақтық КТІБ-ге хабарлайды.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. КТІ УПИ кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасына, балалардың қадағалаусыздығына және қараусыздығына байланысты емес міндеттерді орындау үшін пайдалануға жол берілмейді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. ЖПҚ, көліктегі ІІО әкімшілік полиция бөлімі (бөлімшесі) немесе оның орынбасарлары тоқсанына бір реттен кем емес КТІБ жұмысының ұйымдастырылуын тексереді.
Тексеру нәтижесі бойынша анықтама жасалады, анықтама номенклатуралық істе сақталады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. КТІ УПИ-дің білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы жұмысы білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.
Оқу жылына әкімшілік учаскеде орналасқан білім беру ұйымдарында профилактикалық іс-шараларды өткізу кестесі жасалады, оны қалалық, аудандық орган бастығының орынбасары (не ЖПҚ бастығы) бекітеді және білім беру ұйымының басшыларымен келісіледі.";
16-тармақ алынып тасталсын;
17-тармақ алынып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мақсатында КТІ УПИ:
1) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа да заңды өкiлдерiн құқықтық тәрбиелеуде бiлiм беру органдарына көмек көрсетеді;
2) білім беру ұйымдары білім алушыларының қадағалаусыз қалуына, құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де әрекеттер жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, қараусыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат iс-әрекеттерi, оған итермелейтiн себептер мен жағдайлар туралы мүдделi органдар мен мекемелердi хабардар етедi;
4) құқық қорғау бағытындағы балалар қозғалысының жұмысына көмек көрсетеді.";
20-тармақ алынып тасталсын;
21-тармақ алынып тасталсын;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Аумақтық ІІО КТІБ КТІ УПИ қызметін үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етеді.";
23-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
3) кәмелетке толмағандар арасындағы жедел ахуалды талдауды ескере отырып, КТІБ жұмыс жоспарын тоқсан сайын жасау, жоспарланған іс-шаралардың орындалуын, КТІБ қызметінің нәтижелері туралы есептің дайындалуын бақылау жүктеледі.
КТІБ жұмыс жоспарында орындалу мерзімін және аяқталу нысанын көрсете отырып:
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік, өңірлік бағдарламаларда, Полиция департаментінің (бұдан әрі – ПД), Көліктегі полиция департаментінің (бұдан әрі – КПД) жоспарларында, нұсқауларында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алқасы шешімдерінде (бұдан әрі – ІІМ) жоспарланған;
кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды, қадағалаусыздықты және панасыз қалушылықты анықтау және жолын кесу бойынша;
девиантты мінез-құлқы бар кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту шараларын қабылдау бойынша;
кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша;
білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша;
КТІ УПИ кәсіби даярлығын арттыру бойынша;
кәмелетке толмағандардар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасына бағытталған өзге де іс-шаралар көрсетіледі.
23-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ олардың қатысуымен жасалған оқиғаларды есепке алудың электрондық журналын Еxcel форматында жүргізу;
23-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) ІІО-да ай сайын, ПД-де тоқсан сайын криминалдық полиция, тергеу және анықтау, сондай-ақ тоқсан сайын ІІО-да есепте тұрған кәмелетке толмағандарға қатысты пробация, ақпараттандыру және байланыс бөліністерімен салыстыра тексеру жүргізу;";
23-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша ІІО, ПД, КПД және басқа да мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен кеңестерде қарау үшін қажетті материалдар дайындау;";
23-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"16) кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қызметтік тексерулер жүргізу.
Қызметтік тексерулерді ПД ЖПҚ қызметкерлері және ПД, КПД әкімшілік полиция басқармалары (бұдан әрі – ӘПБ) кәмелетке толмағандар бандитизм, кісі өлтіру, қарақшылық, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, зорлау жасағанда, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтарды ІІО есебінде тұрған кәмелетке толмағандар жасаған кезде, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған аса ауыр қылмыстар, көлік объектілерінде олардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалар және өзге де оқиғалар бойынша жүргізеді.
Кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде, сондай-ақ суицид, жазатайым жағдай және олардың қатысуымен болған өзге де оқиғалар кезінде еркін түрде анықтама жасалады.
Қызметтік тексеру қорытындыларының көшірмелері ЖПҚ, желілік ІІО, ПД ЖПҚ-ға, КПД ӘПБ-ға қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне (бұдан әрі – Комитет) бір ай ішінде ұсынылады;";
23-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"17) проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын көрсете отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және қадағалаусыздық профилактикасы бойынша жұмыс туралы баяндау жазбаларды жартыжылдықтың қорытындылары бойынша КПД, ПД ЖПҚ-ға 5 күніне, ал ПД ЖПҚ және КПД Әкімшілік полиция басқармасы Комитетке 10 күніне жолдайды.";
24-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кәмелетке толмағанның жеке басын, оны сипаттайтын деректерді оның ата-анасын немесе заңды өкілдері туралы мәліметтерді, жасөспірімді тәрбиелеу жағдайларын, құқық бұзушылықты, оқиғаны жасаудың себептері мен жағдайларды анықтау;
кәмелетке толмағанға теріс әсер ететін, оны құқық бұзушылық жасауға тартатын адамдарды анықтау, кәмелетке толмағанға сатуға тыйым салынған заттарды сататын орындарды анықтау мақсатында кәмелетке толмағаннан жауап алады.
Жауап алу кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен өткізіледі;";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. ІІО-ның қызмет көрсету аумағынан тыс тұратын кәмелетке толмағанды құқық бұзушылық жасағаны, қадағалаусыздығы және қараусыздығы үшін жеткізген кезде КТІ УПИ, көліктегі құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі инспектор кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша ІІО-ға үш жұмыс күні ішінде осы туралы ақпарат жолдайды. Жолданған ақпараттың көшірмесі жинақтау ісіне тігіледі.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Профилактикалық есеп және бақылау:
1) жазасын өтеуден шартты түрде мезгілінен бұрын босатылған;
2) қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа жетпеуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтитын теріс қылықтар жасаған;
3) оларға қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалған, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда айыпталушы немесе күдікті;
4) оларға қатысты бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған;
5) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған;
6) арнайы білім беру ұйымдарының және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының түлектеріне;
7) қорғау нұсқамасы шығарылған кәмелетке толмағандарға қатысты қолданылады.
Сондай-ақ профилактикалық есепке алу және бақылау кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қатысты қолданылады.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларға қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдар туралы мәліметтер, оларды ІІО-ға есепке қою үшін негіз болып табылатын материалдар келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде мына санаттар бойынша ІІМ Біріктірілген деректер банкіне енгізіледі:
1) шартты түрде сотталған, қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталған, түзету жұмыстарына сотталған, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың өзге түрлеріне сотталған, сондай-ақ жазасын өтеуі немесе сот үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған кәмелетке толмағандар;
2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталған және тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, сот жазадан босатқан кәмелетке толмағандар;
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 1 бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12)-тармақтары немесе 36-бабы, оның ішінде рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босатылған кәмелетке толмағандар;
4) алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық және адамның психикалық және дене функциялары мен мінез-құлқына теріс әсер беретін өзге де күшті әсер ететін заттарды теріс пайдаланатын кәмелетке толмағандар;
5) қадағалаусыз және қараусыз қалған кәмелетке толмағандар;
6) дәлелсіз себептермен жалпы білім беретін оқу орындарына бармайтын кәмелетке толмағандар;
7) бір жыл ішінде екі және одан көп рет әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмағандар;
8) психикалық бұзылумен байланысты емес, психикалық дамуы артта қалуы салдарынан қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын қылмыстық белгілерді қамтитын әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандар;
9) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе басқа да қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдар.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. КТІ УПИ кәмелетке толмағанды ІІО есебіне қою және шығару туралы:
кәмелетке толмағанның ата-анасын немесе заңды өкілдерін;
кәмелетке толмағанның оқу және (немесе) жұмыс орны бойынша әкімшілікке үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
Егер ІІО-да есепте тұрған адам қаланың (облыстың) басқа ауданына немесе басқа өңірге тұрақты тұруға көшкен жағдайда, онда ол көшкеннен кейін үш жұмыс күні ішінде таңдаған тұрғылықты жері бойынша ІІО-ға оның келгені туралы растауды алу үшін сұрау салу жолданады.
Адамның көрсетілген тұрғылықты жеріне келгені туралы растауды алғаннан кейін, тиісті ІІО-ға жүргізілген профилактикалық жұмыстың материалдары жолданады.";
Қағидаға 2, 3, 5, 8, 9, және 12-қосымшалар алынып тасталсын;
Қағидаға 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қағидаға 6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қағидаға 7-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы |
М. Кожаев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
Кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ олардың қатысуымен болған оқиғаларды есепке алудың электрондық журналы (Еxcel форматында жүргізіледі)
____________________________ (ішкі істер органының атауы) Басталды 20__ жылғы "___" ___ Аяқталды 20__ жылғы "___" ___ |
Р/с № | Тіркеу органы | Тергеу органы | Ақпаратты есепке алу кітабының нөмірі | Сотқа дейін тергеп-тексерудің бірынғай тізілімінің нөмірі | Тіркеу күні | Фабуласы | Біліктілігі (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы) | Қылмыс, оқиға жасалған уақыт | Тегі, аты-жөні (күдіктінің/жәбірленушінің) | Туған күні | Нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы | Оқу, жұмыс орны (оқу орнының, жұмыс орнының атауы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Есепте тұр /тұрған жоқ (есепке алу санаты) | Толық/толық емес, берекелі/тұрмысы қолайсыз отбасында тәрбиеленеді | Кәмелетке толмаған баланың тұратын аумағына қызмет көрсететін ІІО | Қылмыстық іс бойынша қабылданған шешім, шешімнің қабылданған күні | Қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері | Жасөспірімге және занды өкіліне қабылданған шаралар (есепке алынды, оқу орнындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңесте, Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралды) | Оқу орны бойынша, кәмелетке толмаған баланың тұратын жері бойынша ІІО-ға хабарлама жіберілді | Ескертпе |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
Нысан
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына/ Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарына кәмелетке толмағанды орналастыру туралы қаулы
20 __ жылғы "__" _______ "___" сағат "__" минут _______ қаласы, ауданы
Мен ________________________________________________________________,
(ішкі істер органдары қызметкерінің лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, айы, жылы, туған жері, оқу,
_____________________________________________________________________
жұмыс орны, лауазымы, ата-анасының немесе
_____________________________________________________________________
заңды өкілдерінің өмірбаяндық деректері, олардың жұмыс орны, лауазымы)
_______________________________________ материалдарды қарап, _________
_____________________________________________________________________
(жасөспірімді қашан, кім ұстағаны (тауып алғаны), оны КБО-ға / БҚО-ға орналастыруға
_____________________________________________________________________
қандай негіздер бар екені көрсетіледі, бұл қандай негіздермен расталады)
_________________________________________________________анықтадым.
Қаулы еттім:
Кәмелетке толмаған __________________________________________________
(тегі, аты-жөні)
_____________________________________________________________________
(КБО-ның /БҚО-ның атауы)
____________________________________________________ орналастырылсын.
(лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)
Нысан
Адасып қалған (тастанды) баланы жеткізу туралы акті
20 __ жылғы "___" _______________ __________________ қаласы, ауданы
Мен _________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
____ сағ ____ мин ___________________________________________________
(ІІО бөлінісінің атауы)
азамат, ішкі істер органының қызметкері _________________________________
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жұмыс орны, лауазымы,
тұрғылықты жері, байланыс телефоны)
_____________________________________________________________________
(баланы тапқан орны, уақыты және мән-жайлар)
_____________табылған баланың жеткізілгені туралы осы актіні жасадым.
Баланың белгілері ___________________________________________________
(жас шамасы, сөйлей ала ма)
_____________________________________________________________________
Баланың үстіндегі киімдері __________________________________________
Мыналарды анықтау мүмкін болды ______________________________________
(баланың, оның ата-анасының немесе заңды
_____________________________________________________________________
өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), баланың жасы, ата-анасының
_____________________________________________________________________
тұрғылықты жері, жұмыс орны, лауазымы, іс үшін маңызды
_____________________________________________________________________
басқа да деректер)
_____________________________________________________________________
(сырт қарағанда баланың дені сау, ауру, дене жарақаттары бар және тағы басқа)
_____________________________________________________________________
(актіні жасаған адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні, баланы жеткізген
_____________________________________________________________________
адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Бала 20__ жылы "___" ________ сағат ___ минутта
_________________________________________________________ тапсырылды.
(ата-анасына немесе заңды өкілдеріне)
Бала ________________________________________________________________
(медицина мекемесінің, кәмелетке толмағандарды бейімдеу
_________________________________________________________ жіберіледі.
орталығының, өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығының атауы,
басқа мекемелердің атауы)
Баланы қабылдадым ___________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)
Тапсырдым ___________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)
20___ жылғы "___" _________ сағат ____ минут ____