"Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 887 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 тамызда № 29303 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9479 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларында:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияларда жазылсын:

      "5. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      Осы Қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) және келесі құжаттарды:

      1) құқық, экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі туралы дипломның электрондық көшірмесін;

      2) заңгерлік, экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық, аудиторлық немесе бақылау-ревизия салаларындағы қатарынан үш жылдан кем емес жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесін;

      3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын, осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімін береді.

      Осы тармақтың 3)-тармақшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының келісімі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізу, оны жинау және өңдеуді қамтиды.

      "Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.";

      Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қағидаларға 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 26 тамыздағы
№ 887 Бұйрыққа
1-қосымша
  Біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетіне
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
____________________________
(тұрғылықты жерінің
мекенжайы)
____________________________
(байланыс телефоны,
электрондық мекенжайы)

Біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру туралы өтініш

      Маған біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Біліктілік емтиханын тапсыру тілі: _______________________.

      Қоса берілетін құжаттар:

      __________________;

      __________________;

      __________________.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растай отырып ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      _______________                         _____________________________________

      (қолы)                                           (тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      20 _ жылғы "____" ____________.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 26 тамыздағы
№ 887 Бұйрыққа
2-қосымша
  Біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
1-1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
көрсетілетін қызметті
берушінің бизнес-
сәйкестендіру нөмірі
__________________________
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)

Көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын, мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі

      Мен, ____________________________________ "Дербес деректер және оларды қорғау

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі №191 бұйрығымен бекітілген Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9479 болып тіркелген) 6-тармағына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім беремін.

      Ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін талап етілетін өзге де мәліметтерді қамтитын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісемін.

      Осы Келісім мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алғанға дейін барлық кезең ішінде қолданылады.

      _________                               ________________________

      (қолы)                                     (тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда)

      20 _ жылғы "____" ____________.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 26 тамыздағы
№ 887 Бұйрыққа
3-қосымша
  Біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
2-қосымша

"Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету әдістері

www. egov. kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімі – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толығымен автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жолданады.

6

Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндірілетін төлем мөлшері және оны өндіру тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске және Заңға сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығымен бекітілген Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9479 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру туралы өтініш;
2) құқық, экономика және бизнес саласындағы жоғары білімі туралы дипломның электрондық көшірмесі, не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
3) заңгерлік, экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық, аудиторлық немесе бақылау-ревизия салаларындағы қатарынан үш жылдан кем емес жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Қағидалардың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі.
Осы тармақтың 4)-тармақшасында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының келісімі қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізу, оны жинау және өңдеуді қамтиды.

9

Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден көрсетілетін қызметті берушінің бас тартуы үшін негіздемелер

Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қағидалардың 3 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының порталындағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 7777, 1414.
Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады