"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 387 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қыркүйекте № 29421 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 20695 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      5 пункт келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Балалар музыка, балалар көркем мектептерін, балалар өнер мектептерін және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерді қоспағанда, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау оқуға қабылдау туралы өтінішті ресімдеу тәртібімен жүзеге асырылады.

      Балалар музыкалық, балалар көркем мектептеріне, балалар өнер мектептеріне және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерге қабылдау әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

      Әңгімелесу барысында педагог балалардың өнердің әртүрлі түрлері (музыкалық, бейнелеу, хореографиялық, театрлық) саласындағы қабілеттерінің даму деңгейін анықтайды.";

      Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесінің қосымшасының:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі:
балалар үшін қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжат қабылдау:
құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;
құжаттарды тапсыру үшін максималды күту уақыты – 15 (он бес) минут;
қызмет алушыға қызмет көрсетудің максималды уақыты 15 (он бес) минут.
Балаларды қосымша білім беру ұйымына оқуға қабылдау оларға қосымша білім беру бойынша балалар музыка, балалар көркем, балалар өнер және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерін қоспағанда бос орын болған жағдайда жүргізіледі.
Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет берушіге құжаттарды жолдауы және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға нәтижесінің жеткізілуі әр тарап үшін 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Балалар музыка, балалар көркем, балалар өнер және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептеріне оқуға қабылдау әңгімелесу нәтижесі бойынша жүргізіледі.

      ";

      реттік нөмірлері 8-9 - жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1) ата-анасының біреуінің (немесе басқа заңды тұлғаның) Стандарттың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес жазылған өтініші;
2) баланы тұлғасын куәландыратын құжат;
3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 027/у нысаны бойынша Медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуге Стандарттың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес келісімі.

9

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуына негіз болатын жағдайлар

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) қосымша білім беру ұйымдарындағы топтардың немесе топтарды қалыптастыру жоспарының толып кетуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуден бас тартуы.

      ".

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
А. Аймағамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық

      даму, инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі вице-министрі

      ______________ Ә.Н. Тұрысов

      2022 жылғы ___________________

  бұйрығына
1-қосымша
  "Балаларға қосымша білім беру
бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
көрсету Қағидаларына
1-қосымша

"Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші арқылы, Мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімі:
балалар үшін қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжат қабылдау:
құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минут;
құжаттарды тапсыру үшін максималды күту уақыты – 15 (он бес) минут;
қызмет алушыға қызмет көрсетудің максималды уақыты 15 (он бес) минут.
Балаларды қосымша білім беру ұйымына оқуға қабылдау оларға қосымша білім беру бойынша балалар музыка, балалар көркем, балалар өнер және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерін қоспағанда бос орын болған жағдайда жүргізіледі.
Сонымен қатар, Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызмет берушіге құжаттарды жолдауы және көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға нәтижесінің жеткізілуі әр тарап үшін 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Балалар музыка, балалар көркем, балалар өнер және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептеріне оқуға қабылдау әңгімелесу нәтижесі бойынша жүргізіледі.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (жартылай автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Құжаттарды қабылдау туралы қолхат Стандартқа 2-қосымшадағы нысанға сәйкес хабарлама келеді.
Қосымша білім беру ұйымына, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы шешім ұйымдардың бұйрығымен ресімделеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерін көрсете отырып, дәлелді жауап жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште рәсімделеді.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушы тарапынан төленетін төлемақы көлемі және Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған жағдайларда төлем жасау тәсілдері

Ақылы/Тегін
Балаларға қосымша білім беруге ақы ақылы негізде қосымша білім беретін ұйымдарға оларды оқуға қабылдау фактісі бойынша төленеді

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылдайды.
Өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру мемлекеттік қызмет көрсету сағат 13.00 - ден 14.00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 - ден 18.00-ға дейін жүргізіледі.
Мемлекеттік корпорация: еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау "электрондық" кезек тәртібінде, тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмаған, жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

8

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1) ата-анасының біреуінің (немесе басқа заңды тұлғаның) Стандарттың 1-қосымшасындағы нысанға сәйкес жазылған өтініші;
2) баланы тұлғасын куәландыратын құжат;
3) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 027/у нысаны бойынша Медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге Стандарттың 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес келісімі.

9

Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуына негіз болатын жағдайлар

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) қосымша білім беру ұйымдарындағы топтардың немесе топтарды қалыптастыру жоспарының толып кетуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзгеде талаптар

Ата-ана (заңды тұлғалар) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар: 1414, 8 800 080 77777.
Мемлекеттік қызмет жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілуі мүмкін.

  "Балаларға қосымша білім беру
бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  _______________________
Қосымша білім беру
ұйымы атауы басшысына
_______________________
ТАӘ (болған жағдайда) толық

      Нысан

Өтініш

      Менің ұлымды/қызымды (ТАӘ (болған жағдайда) ЖСН)

      ________________________________________________________

      (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы) мекендейтін оқу үшін

      ________________________________________________________

      (қосымша білім беру ұйымының толық атауы)

      ________________________________________________________

      Мен баланың келесі санаттан екенін хабарлаймын (қажетіне қарай көрсетіңіз):

      1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) ерекше білім беруді қажет ететін балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

      3) көп балалы отбасылардың балалары;

      4) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балалар;

      5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;

      6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;

      7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;

      8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;

      9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар;

      11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар;

      12) жоғарыда аталған санаттардың ешқайсысына жатпайды.

      Өтінішімнің өзгеруі туралы маған келесі тәсілдермен хабарлаңыз:

      1) электронды sms (sms) - келесі ұялы телефон нөмірлеріне еркін түрде хабарлама (екі нөмірден аспауы керек):

      ___________________________________________________________;

      2) еркін нысандағы хабарламалары электрондық поштаға:

      ___________________________________________________________.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісетінімді растаймын.

      Қолы _______________ күні ________________

  "Балаларға қосымша білім беру
бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      Нысан

Қолхат

      Білім беру ұйымының (балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының) ата-аналардан (заңды тұлғалардан) құжаттарды алғаны туралы

      _____________________________________________________

      (ұйымның толық атауы)

      _____________________________________________________

      (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

      №___________________ құжаттарды қабылдау туралы қолхат

      келесі құжаттар _______________________________ алынған:

      (көрсетілген қызмет алушының Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      1. өтініш

      2. басқа _____________________________________________

      ____________________________________________________

      Өтінішті қабылдау күні ________________________________

      ____________________________________________________

      Т.А.Ә. (болған жағдайда) (құжатты қабылдаған жауапты)

      _______________ (қолы)

      Телефон ____________________________________________

      Алдым: Т.А.Ә. (болған жағдайда)/көрсетілген қызметті алушы)

      "___" _________ 20__ жыл

  "Балаларға қосымша білім беру
бойынша қосымша білім беру
ұйымдарына құжаттар қабылдау
және оқуға қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

Дербес деректерге қол жеткізуге келісімі

      Мен, __________________________________________________________,

      (аты-жөні, тегі)

      Жеке куәлік ____________________________ № __________________________,

      (құжат түрі)

      _____________________________________________________________ берілді,

      (кім және қашан)

      _____________________________________________ мекен-жайында тіркелген.

      _____________________________________________ мекен-жайында тіркелген

                  (ұйымның мекен-жайы)

      ___________________________________________________________________

      (кімге, ұйымның атауы)

      менің ұлымның (қызымның) __________________________________________

      аты-жөні

      мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімімді беремін.

      "___" _________ 20__ жыл" _____________ ________________________

      қолы                   аты-жөні

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады