Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишаларының (жеке, топтық) тізімдемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 754 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 қыркүйекте № 29442 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 169) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишаларының (жеке, топтық) тізімдемесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишаларының (жеке, топтық) тізімдемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 750 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21986 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2022 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 754 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишаларының (жеке, топтық) тізімдемесі

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

жеке дәріқобдиша

топтық дәріқобдиша

1.

Аммиак, 10 % ерітінді – 20 мл

сауыт

-

1

2.

Сутегі тотығы, сыртқа қолдануға арналған ерітінді 3 % – 50 мл

сауыт

1

2

3.

Йод,с пирт ерітіндісі 5 % – 20 мл

сауыт

-

1

4.

Абсорбациялайтын препараттар

таблетка/ капсула

10

10

5.

Стерильденген дәке майлық 7,5см х 7,5 см

орам

1

2

6.

Стерильденген дәке майлық 10см х 10см

орам

1

2

7.

Стерильденген дәке бинт 7х14 см

дана

1

2

8.

Стерильденбеген дәке бинт 7х14 см

дана

1

2

9.

Стерильденген дәке бинт 5х10 см

дана

1

2

10.

Стерильденбеген дәке бинт 5х10 см

дана

1

2

11.

Медициналық мақта (стерильденген, стерильденбеген) 25 г.

дана

1

2

12.

Жеке таңу пакеті

дана

1

2

13.

Медициналық лейкопластырь 2,5см х 5м

дана

1

1

14.

Медициналық маска 3 қабатты

дана

2

4

15.

Стерильденген қолғап, өлшемі 7 – 8

жұп

2

2

16.

Қан кетуді тоқтатуға арналған бұрау/ Қан кетуді тоқтатуға арналған турникет

дана

1

1

17.

Доғал ұшты медициналық иілген қайшы

дана

1

1

18.

Стерильденген бірреттік ауа өткізгіш

дана

1

1

19.

Суды зарарсыздандыруға арналған құрал (дезинфекциялайтын хлорлы таблеткалар 3,5 мг блистер №10)

орам

1

1

20.

Маркер

дана

1

1

21.

Дәрі қобдишаға арналған сөмке (тыс) немесе қорап

дана

1

1

22.

"Жеке (топтық) дәрі қобдиша" қосымша парақ-жадынамасы

дана

1

1

      Ескертпе: Әскери қызметшілер жауынгерлік міндеттерді орындау және (немесе) бітімгершілік қызметке қатысу кезінде жеке дәрі қобдишамен жарақтандырылады. Топтық дәрі қобдишамен жауынгерлік және оқу-жаттығу тобының көлік құралдары, кезекші күштердің, қарауылдың, бақылау-өткізу пункттерінің, техникалық қызмет көрсету және техниканы жөндеу пункттерінің, аккумулятор шеберханаларының үй-жайлары жарақтандырылады. Аккумулятор шеберханаларында топтық дәрі қобдишаның тізімдемесі 25 грамм натрий гидрокорбонатының екі аспасымен, 10 литр су қорымен, 150 – 200 миллилитр резеңке грушамен толықтырылады. Дәрі қобдишаның (жеке, топтық) ішіндегісін толықтыру ағымдағы қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады. Суды зарарсыздандыруға арналған құрал ашық су көзінен су ішетін кезде қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады