Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғашқы көмек көрсету дәріқобдишаларының (жеке, топтық) тізімдемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 750 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 21986 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 754 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің 05.09.2022 № 754 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 19-89) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғашқы көмек көрсету дәріқобдишаларының (жеке, топтық) тізімдемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 750 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғашқы көмек көрсету дәріқобдишаларының (жеке, топтық) тізімдемесі

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Жеке дәріқобдиша

Топтық дәріқобдиша

1.

Аммиак, 10%ерітінді - 20 мл

сауыт

-

1

2.

Сутегі тотығы, сыртқы қолдануға арналған ерітінді 3% - 50 мл

сауыт

1

2

3.

Йод,спирт ерітіндісі 5% - 20 мл

сауыт

-

1

4.

Абсорбтық препараттар

таблетка/ капсула

10

10

5.

Стерильденген дәке майлық 7,5см х 7,5 см

орам

1

2

6.

Стерильденген дәке майлық 10см х 10см

орам

1

2

7.

Стерильденген дәке бинт 7х14 см

дана

1

2

8.

Стерильденбегендәке бинт 7х14 см

дана

1

2

9.

Стерильденгендәке бинт 5х10 см

дана

1

2

10.

Стерильденбегендәке бинт 5х10 см

дана

1

2

11.

Медициналық мақта (стерильденген, стерильденбеген) 25 г.

дана

1

2

12.

Жеке таңу пакеті

дана

1

2

13.

Медициналық лейкопластырь 2,5см х 5м

дана

1

1

14.

Медициналық маска 3 қабатты

дана

2

4

15.

Стерильденген қолғап, өлшемі 7 – 8

жұп

2

2

16.

Қан кетуді тоқтатуға арналған бунама/ Қан кетуді тоқтатуға арналған турникет

дана

1

1

17.

Доғал ұшты, медициналық,иілген қайшы

дана

1

1

18.

Стерильденген бірреттік ауа өткізгіш

дана

1

1

19.

Суды зарарсыздандыруға арналған құрал (дезинфекциялайтын хлорлы таблеткалар 3,5 мг блистер №10)

орам

1

1

20.

Маркер

дана

1

1

21.

Дәріқобдишаға арналған сөмке (тыс) немесе қорап

дана

1

1

22.

"Жеке (топтық) дәріқобдиша" қосымша парақ-жадынамасы

дана

1

1

      Ескертпе: Әскери қызметшілер жеке дәріқобдишамен жауынгерлік міндеттерді орындау және (немесе) бітімгершілік қызметке қатысу кезінде жарақтандырылады. Топтық дәріқобдишамен жауынгерлік және оқу-жаттығу тобының көлік құралдары, кезекші күштердің, қарауылдың, бақылау-өткізу пункттерінің, техникалық қызмет көрсету және техниканы жөндеу пункттерінің, аккумулятор шеберханаларының үй-жайлары жарақтандырылады. Аккумулятор шеберханаларында топтық дәріқобдишаның тізімдемесі 25 граммнатрий гидрокорбонатының екі аспасымен, 10 литр су қорымен, 150 – 200 миллилитр резеңке грушамен толықтырылады. Дәріқобдишаның (жеке, топтық) ішіндегісін толықтыру ағымдағы қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады. Суды зарарсыздандыруға арналған құралы ашық бұлақтар жерде су ішер кезде қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады