Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 135) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік авиацияның борттық дәрі қобдишасы дәрілік заттарының және медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік авиацияның алып жүрілетін авариялық қоры дәрі қобдишасы дәрілік заттарының және медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі бекітілсін.
2. "Мемлекеттік авиацияның борттық дәрі қобдишасының және алып жүрілетін авариялық қорының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 411 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18812 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы "__" ______ № __бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік авиацияның борттық дәрі қобдишасы дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі
Р/с № | Халықаралық патенттелмеген атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Кеторолак қабықпен қапталған таблеткасы 10 мг | таблетка | 10 |
2. | Парацетамол таблеткасы 500 мг | таблетка | 10 |
3. | Аммиак ерітіндісі 10 % – 25 мл | сауыт | 1 |
4. | Йод спирттік ерітіндісі 5 % – 20 мл | сауыт | 1 |
5. | Тетрациклин гидрохлориді қабықпен қапталған таблеткасы 100 мг | таблетка | 10 |
6. | Ципрофлоксацин үлдірлі қабықпен қапталған таблеткасы 500 мг | таблетка | 10 |
7. | Дихлоризоцияланған қышқылды натрий тұзы таблеткасы 3,5 мг | таблетка | 10 |
8. | Жеке таңу пакеті | дана | 5 |
9. | 5х7 см стерильді дәке таңғышы | дана | 3 |
10. | Гемостатикалық губка | дана | 1 |
11. | Медициналық үшкіл орамал | дана | 1 |
12. | Қауіпсіз түйреуіш | дана | 4 |
Ескертпе:
1) борттық дәрі қобдишасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ – 41 бұйрығымен бекітілген Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелген) құрамына клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген дәрілік заттар кіретін, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген, саны бойынша регламенттелген номенклатура бойынша шектелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесінен тұрады;
2) борттық дәрі қобдишасы санитариялық нұсқаушы бір жараланғанға, сондай-ақ өзіне-өзі және өзара көмек көрсету тәртібінде алғашқы медициналық (дәрігерге дейінгі) көмек көрсетуге есептелген.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы "__" ______ № __ бұйрығына 2-қосымша |
Мемлекеттік авиацияның алып жүрілетін авариялық қоры дәрі қобдишасы дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі
Р/с № | Халықаралық патенттелмеген атауы | Өлшем бірлігі | Саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Кеторолак қабықпен қапталған таблеткасы 10 мг | таблетка | 10 |
2. | Парацетамол таблеткасы 500 мг | таблетка | 10 |
3. | Ципрофлоксацин үлдірлі қабықпен қапталған таблеткасы 500 мг | таблетка | 10 |
4. | Йод спирттік ерітіндісі 5 % – 20 мл | сауыт | 1 |
5. | Хлорамфеникол таблеткасы 500 мг | таблетка | 10 |
6. | Метоклорпрамид таблеткасы 10 мг | таблетка | 10 |
7. | Дихлоризоцияланған қышқылды натрий тұзы таблеткасы 3,5 мг | таблетка | 10 |
8. | Жеке таңу пакеті | дана | 1 |
9. | 5х7 см стерильді дәке таңғышы | дана | 1 |
10. | Құрамында белсенді хлор бар таблетка 1,5 мг | таблетка | 10 |
Ескертпе:
1) алып жүрілетін авариялық қордың дәрі қобдишасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ – 41 бұйрығымен бекітілген Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелген) құрамына клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген дәрілік заттар кіретін, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген, саны бойынша регламенттелген номенклатура бойынша шектелген дәрілік заттар және медициналық бұйымдар тізбесінен тұрады;
2) алып жүрілетін авариялық қордың дәрі қобдишасы санитариялық нұсқаушы бір жараланғанға, сондай-ақ өзіне-өзі және өзара көмек көрсету тәртібінде алғашқы медициналық (дәрігерге дейінгі) көмек көрсетуге есептелген.