"Қазақстан Республикасы банктерінің, бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 34 және "Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 31 тамыздағы № 212 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 83 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қыркүйекте № 29795 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы банктерінің, бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13256 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің, бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарда:

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Банк тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей Ұлттық Банкке есепті кезеңде ақпараттық жүйенің жұмысында орын алған жоспарлы және жоспардан тыс істен шығу (бос тұрып қалу) туралы ақпаратты еркін нысанда жібереді.

      Мәліметтерде клиенттердің қолжетімділігі тоқтатыла тұрған электрондық банктік қызмет түрі, істен шығу (бос тұрып қалу) күні, басталу және аяқталу уақыты, қолданылған іс-әрекеттер және істен шығуды (бос тұрып қалуды) жою бойынша жұмыс нәтижелері туралы ақпарат қамтылады. Ақпараттық жүйенің жұмысында істен шығу (бос тұрып қалу) болмаған жағдайда, банк есепті тоқсан үшін ақпараттық жүйенің жұмысында істен шығудың (бос тұрып қалудың) жоқтығы туралы Ұлттық Банкке хабарлайды.";

      мынадай мазмұндағы 27-тармақпен толықтырылсын:

      "27. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 11-бабына сәйкес айқындалған төлем қызметтерін маңызды беруші болып табылатын төлем қызметтерін берушінің және(немесе) Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 240 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19925 болып тіркелген) бекітілген Қаржы ұйымдарын жүйелік маңызы бар ұйымдар қатарына жатқызу қағидаларына сәйкес айқындалған жүйелік маңызы бар банктің электрондық төлем қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерінің (барлық модульдер мен шағын жүйелерді ескере отырып) жұмысы үздіксіздігінің ең төменгі деңгейі әрбір тоқсан үшін 99 (тоқсан тоғыз) пайызды құрайды.

      Төлем қызметтерін маңызды беруші және(немесе) жүйелік маңызы бар банк электрондық төлем қызметтерін көрсетуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелері жұмысының бір тоқсандағы үздіксіздігі деңгейін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:


, мұнда:

      Ka – төлем қызметтерін маңызды берушінің және(немесе) жүйелік маңызы бар банктің ақпараттық жүйелері жұмысының тоқсандағы үздіксіздігі деңгейі;

      (T-Tf) – төлем қызметтерін маңызды берушінің және(немесе) жүйелік маңызы бар банктің ақпараттық жүйесі жұмысының нақты уақыты (минутпен). Жүйенің нақты жұмыс уақыты жүйенің тоқтатылған уақыт кезеңін қамтымайды;

      T – төлем қызметтерін маңызды берушінің және(немесе) жүйелік маңызы бар банктің ақпараттық жүйелерінің тоқсандағы жұмысының жалпы уақыты (минутпен);

      Tf – төлем қызметтерін маңызды берушінің және(немесе) жүйелік маңызы бар банктің ақпараттық жүйесі тоқтатыла тұрған тоқсандағы уақыт кезеңі (минутпен).

      Tf көрсеткіші жоспарланған бос тұрып қалу уақытын қамтымайды. Жоспарлы бос тұрып қалған жағдайда жүйелік маңызы бар банк жоспарланған бос тұрып қалуға дейін он жұмыс күні бұрын Ұлттық Банкті еркін нысанда хабардар етеді.

      Жоспарлы бос тұрып қалуға мыналар:

      1) төлем қызметтерін маңызды берушінің және(немесе) жүйелік маңызы бар банктің ақпараттық жүйелерін резервтік орталыққа ауыстыру үшін жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 18:00-ден 09:00-ге дейін жоспарлы жұмыстарды жүргізу уақыты (минутпен);

      2) бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етуді жаңарту үшін жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 18:00-ден 09:00-ге дейін жоспарлы жұмыстарды жүргізу уақыты (минутпен);

      3) жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 18:00-ден 09:00-ге дейін жабдықпен және бағдарламалық қамтылыммен жоспарлы профилактикалық және техникалық жұмыстарды жүргізу уақыты (минутпен) жатады.".

      2. "Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 212 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14337 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-4) және 85) тармақшаларына және "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 10) және 25) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң), "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" (бұдан әрі – Электрондық құжат туралы заң), "Ақпараттандыру туралы" (бұдан әрі – Ақпараттандыру туралы заң), "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) электрондық банктік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.

      Банктердің электрондық банктік қызметтерді көрсету тәртібінде электрондық банктік қызметтерді көрсету, қауіпсіздік рәсімдері, рұқсат етілмеген кіруден қорғау шаралары, электрондық банктік қызметтерді көрсетуді тоқтата тұру және тоқтату, электрондық банктік қызметтерді көрсету кезінде электрондық құжаттарды сақтау қамтылады.

      Қағидалар Интернет желісінде тауарлар мен қызметтерді сатушы тұлғалардың пайдасына төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға байланысты қызметтерге (интернет-эквайринг) қолданылмайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Банк қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру схемаларында электрондық банктік қызметтерді көрсетудің қолданыстағы немесе енгізілетін тәсілдері мен технологияларын пайдалануды болдырмау рәсімдерін әзірлейді және бекітеді және олар бойынша шараларды қабылдайды.

      Банк электрондық банктік қызметтерді көрсету кезінде "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) көзделген қажетті шараларды қабылдайды, сондай-ақ валюталық бақылау агентінің функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.";

      3. Төлем жүйелері департаменті (Е.Т. Ашықбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
Г. Пирматов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын

      реттеу және дамыту агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады