Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 521 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қыркүйекте № 29895 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23) тармақшасына және "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2) "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабының 23-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      8-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын көлік мүгедектігі бар жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған құрылғылармен жабдықталады.";

      мынадай мазмұндағы 8-4-тармақпен толықтырылсын:

      "8-4. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық тасымалдауды жүзеге асыру үшін сатып алынатын автокөлік құралдары жасаушы зауытпен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын тасымалдау үшін ыңғайластырылған.";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Кезектен тыс алдыңғы есік арқылы отырғызу құқығын мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері пайдаланады.

      29. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустардың салонында мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар басым отыру үшін 4-тен 8 орынға дейін (олардың паспорттық сыйымдылығына байланысты) бөлінеді.";

      214 және 215-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "214. Жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде таксимен тасымалдаушы:

      1) жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін түсі біркелкі және осы Қағидалардың 341-тармағына сәйкес айырым белгілері бар таксилерді пайдалануды;

      2) автокөлік құралдарының рейс алдында техникалық қарап тексеруден, сондай-ақ медициналық қарап тексеруді жүзеге асыруға шарт жасасқан, жоғары немесе орта медициналық білім туралы дипломы бар адамның такси жүргізушілерін рейс алдында және рейстен кейін медициналық қарап тексеруден өтуін;

      3) таксидің ақауы болған жағдайда оны уақтылы ауыстыруды;

      4) жолаушының такси көрсететін қызмет құны (бағасы) туралы хабардар болуын;

      5) он және одан көп такси болған кезде әрбір он таксиге шаққанда арнайы жүріп-тұру құралдарын пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін ыңғайластырылған кемінде бір таксиінің болуын;

      6) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін сақтауды;

      7) жол құжаттарын ресімдеуге қамтамасыз етеді.

      215. Жабдықталған такси тұрақтарында жолаушылар таксиге отыруды кезекті тәртіппен жүзеге асырады. Таксиге кезектен тыс отыру құқығын мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады.";

      339-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "339. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда пайдаланылатын автобустар және троллейбустар салонының алдыңғы жағында мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлерге, жүкті әйелдерге және мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушыларға арналған орындар көзделеді. Көрсетілген орындардың жанына олардың пайдаланылу мақсатын көрсететін ақпараттық тақта орнатылады.";

      351-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "351. Автовокзалдар мен автостанцияларда:

      1) ғимараттарды, ғимаратқа кірер жолдарды, баспалдақтарды, ғимарат ішіндегі қозғалу жолдарын мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың қозғалуы үшін ыңғайластыру;

      2) есту мен көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған қолжетімді ақпараттық сигнал беру құрылғыларымен және байланыс құралдарымен жабдықтау;

      3) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға және халықтың баяу қимылдайтын басқа да топтарына қызмет көрсету үшін мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы;

      4) жалпы күту залдарында мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдар үшін орындар жабдықталу;

      5) қоғамдық дәретханаларды мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға арналған кабиналармен жабдықтау;

      6) мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдарға қызмет көрсету үшін арнайы бейімделген билет кассаларымен жабдықтау;

      7) мүгедектігі бар адамдарға арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдар үшін мамандандырылған таксофондар (телефондар) орнату;

      8) өзге автокөлік құралдары қойылмайтын мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қоюға арналған арнайы жол белгілері орнатылған тегін тұрақ орындарын бөлу қамтамасыз етіледі.

      Тұрақ орындарының саны:

      онға дейін қоса алғанда болса – мүгедектігі бар адамның арнайы автокөлік құралын қою үшін бір орын;

      оннан астам болса мүгедектігі бар адамның арнайы автокөлік құралын қою үшін тұрақ орындарының жалпы санының кемінде он пайызы бөлінеді.

      Тұрақ орындарының саны 0,5-тен бастап және жоғары бөлшек мәнді құраса, мұндай мән бүтін бірліктерге дейін дөңгелетіледі.";

      356-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "356. Автовокзалдарда 5 жасқа дейінгі баласы бар жолаушыларға, жүкті әйелдерге және кресло-арба пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге арналған ана мен бала бөлмесінің жұмысы ұйымдастырылады. Үй-жайлардың көлемі мен құрамы, сондай-ақ қызмет көрсететін персоналдың саны автовокзал жұмысының көлеміне сәйкес келуі тиіс.";

      389-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "389. Жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттері:

      1) қалқалармен;

      2) тәуліктің қараңғы мезгілінде автобустарға қалыпты отыру және олардан түсуді, багажды тапсыру мен алуды, деректемелерді оқуды қамтамасыз ететін жарықпен;

      3) отырғызу алаңының нөмірі белгіленген автобустарға отырғызу орындарының көрсеткіштерімен;

      4) жолаушыларды хабарландыруға арналған дыбыс колонкаларымен;

      5) отырғызу алаңдарын жүру бөлігінен қоршау;

      6) мүгедектігі бар жолаушылардың отырғызу мен түсіру орындарына баруына арналған пандустармен;

      7) қоқыс ыдыстарымен жабдықталады.";

      6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 18 және 19-тармақтарын, осы бұйрықтың 1-тармағының тоғызыншы және он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 521 бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін
атқарушының
2013 жылғы 1 қарашадағы
№ 859
бұйрығымен бекітілді

Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (бұдан әрі – Тасымалдау қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді көліктік ортаны қамтамасыз етудің жалпы тәртібі мен шарттарын анықтайды.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:

      1) таксимен тасымалдаушы – жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсететін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      2) шағын автобус – жасаушы зауыт көздеген жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, отыратын орны он алтыдан аспайтын ерекше шағын сыныптағы автобус;

      3) инватакси – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған автомобиль;

      4) такси – Тасымалдау қағидаларына сәйкес жабдықталған, жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңіл автомобиль.

2-тарау. Автокөлік құралдарымен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету тәртібі

      4. Мүгедектігі бар адамдарды тұрақты қалааралық облысаралық маршруттарда тасымалдау кезінде және халықаралық автомобиль тасымалдарында "Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері" 1040-2001 Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес келетін жолаушылар салонындағы өтудің ені 44 сантиметрден кем емес қалааралық автобустар (II класс) немесе алысқа жүретін автобустар (III класс) пайдаланылады.

      5. Автобустарда мүгедектігі бар адамдарға арналған орындар және мүгедектігі бар адамдардың қозғалысына арналған кресло-арбалар автобустың жанама қабырғасының ені бойында бір қатарда орналастырады және олар автобустың жүрісі бойынша алға қарайды.

      6. Кресло-арбаны орналасу орындарындағы жолаушылар салондарының еденінде және оларға қолжетімділік аймақтарында пандустар және баспалдақтар болмайды.

      7. II және III класс автобустар орындықтарының арқасы жастығымен болады. Орындықтардың арқасы еңкею бұрышы бойынша орналасуды реттеуі болады.

      8. Мүгедектігі бар адамдарды тікелей кресло-арбаларда тасымалдаған жағдайда автобуста қозғалыс кезінде кресло-арбаны бекітетін жабдықтар мен құралдар көзделеді.

      9. Жүргізушінің жұмыс орны мүгедектігі бар адамдардың орналасу орындарынан болсын, кресло-арбаларды орналастыру орнынан болсын іске қосылатын дыбыс және жарық сигналдарымен жабдықталады.

      10. II және III класс автобустары жолаушылар салонында мүгедектігі бар адамның қозғалуы үшін арналған арнайы көліктік арбамен жабдықталады.

      11. II және III класс автобустарында кресло-арбаны тасымалдау үшін пайдаланылатын багаж бөлімі көзделеді. Бөлімде жинастырған күйде кресло-арбаны бекіту үшін құралдар көзделеді.

      12. Көлік құралы аялдамалар, келу және кету уақыттары жөнінде хабарлайтын дыбыс және көретін ақпараттық табломен жабдықталады.

      13. Қалалық маршруттық автобустардың жолаушылар салондарында кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамдардың автобусқа кіруі үшін арналған есікке қарама-қарсы бос алаң (бұрылу шеңбері) көзделеді.

      14. Кресло-арбаны орналастыру үшін арналған еден учаскесінде бүйір қабырғаның ені бойында көлденең тұтқа орнатылады.

      15. Автобустарда кемінде 2 жолаушы есігі көзделеді. Оның біреуі кресло-арбадағы мүгедекке мүгедектігі бар адамдарға автобусқа кіруге және шығуға мүмкіндік беретін жабдықпен жабдықталады.

      Шағын автобуста жабдықпен жабдықталған және кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі үшін де, мүгедектігі бар адамдармен бірге жүретін адамдар үшін де пайдаланылатын бір есіктің болуына жол беріледі.

      16. Кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамдардың автобусқа қолжетімділігі үшін пайдаланылатын есіктің тиісті белгілері (жазулар немесе пиктограммалар) болады.

      17. Автобустар мүгедектігі бар адамдарға автобусқа колжетімділігін қамтамасыз ететін рампалармен немесе кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамдарды автобусқа (автобустан) көтеруге (түсіруге) арналған жабдықтармен жабдықталады.

      18. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық тасымалдауды жүзеге асыру үшін сатып алынатын автокөлік құралдары жасаушы зауытпен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын тасымалдау үшін ыңғайластырылған.

3-тарау. Мүгедектігі бар адамдарға такси қызметтерін ұйымдастыру және көрсету

      19. "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес жолаушылар мен багажды тасымалдауды ұйымдастыру кезінде таксимен тасымаладушының он және одан да көп таксиі болған кезде әр он таксиге арнайы қозғалыс құралдарын пайдаланатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін бейімделген кемінде бір таксиі болады.

      20. Мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін, соның ішінде кресло-арбада отыратын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арнайы бейімделген "Жолаушылар такси тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері" ҚР СТ 2272-2020 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келетін жеңіл автокөлік құралдары пайдаланылады.

      21. Таксидің алдыңғы және артқы жақтарында төртбұрыш түрінде "      және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес Жол белгілерінің 7.17-тармағында көрсетілген жол белгісі нышанының бейнесі белгіленеді.

4-тарау. Инватакси қызметтерін көрсету тәртібі

      22. Инватакси қызметтерін көрсетуді жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырады.

      23. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс инватаксиі бар, қызметтерді көрсетуге қажетті персоналдың жұмысына арналған жағдайлар, соның ішінде мүгедектігі бар адамдардан тапсырыс қабылдауға арналған, өтінімдерді қабылдау үшін кемінде екі телефон нөмірімен жарақтандырылған, өтінімдерді қабылдау үшін ұялы байланысты қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын бақылау үшін телефон келіссөздерін жазу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталған диспетчерлік қызметі бар ұйымда орналастырылады.

      24. Инватакси қызметін көрсетуге қойылатын талаптар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау туралы шартта айтылады, ол соның ішінде:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе);

      2) инватаксидің тәулік бойы күндізгі және түнгі уақыттағы, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс режимі.

      25. Инватакси қызметтерін көрсету үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылған автокөлік пайдаланылады.

      26. Инватакси қызметтерін алуға құқығы бар, бірақ кресло-арбаларды пайдаланбайтын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жағдайында инватакси қызметтерін көрсету үшін мүгедектігі бар адамдарға жеңіл автомобиль көлігін пайдалануға жол беріледі.

      27. Жергілікті атқарушы органдардың инватакси қызметтеріне ақы төлеуі автомобиль көлігінің тәулігіне сағатпен (машина-сағатпен) өлшенген нақты жұмыс уақытын негізге алады.

      28. Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметтерін көрсетуге көрсетілімдер:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген) бекітілген Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсетуге медициналық көрсетілімдер;

      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 44 бұйрық) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 18-қосымшаға сәйкес бөлмеде жүріп-тұруға және серуендеуге арналған кресло-арбамен қамтамасыз ететін медициналық көрсетілімдер болып табылады.

      29. Мүгедектік белгіленген мерзімге берілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтерін көрсетуге негіздеме болып табылады.

      Қызметтерді алу үшін мүгедектігі бар адам инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

      1) өтініш (еркін нысанда);

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысан бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

      4) № 44 бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі.

      2), 4), тармақшаларында көрсетілген құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы мүгедектігі бар адамға қайтарылады.

      30. Инватакси қызметтері белгіленген Тізбеге сәйкес көрсетіледі.

      31. Тізбені және инватакси қызметін алушылар санатын жергілікті бюджеттің мүмкіндігі ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша кеңейтуге жол беріледі.

      32. Инватакси қызметтері бірінші кезекте жұмыс істейтін және оқитын мүгедектігі бар адамдарға жұмыс немесе оқу кестесіне сәйкес көрсетіледі. Басқа мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтері олардың өтініш білдіру тәртібінде көрсетіледі.

      33. Инватакси қызметтерін алу үшін өтінім жоспарланған сапар күніне дейін бір күн бұрын инватакси қызметін көрсететін ұйымға телефон арқылы беріледі.

      34. Инватакси қызметтерін көрсету тапсырыс қабылдау, мүгедектігі бар адамды қарсы алу, орналасқан жерден инватаксиге дейін мүгедектігі бар адамды тасымалдауға жәрдемдесу (еріп жүретін адам болмаған жағдайда), сондай-ақ отырғызуға/түсіруге (қажет болған жағдайда), багажды тиеу/түсiруге (қажет болған жағдайда), мүгедектігі бар адамды және еріп жүретін адамды (болған жағдайда) өтінімде көрсетілген межелі орынға дейін жеткізу кіреді.

      35. Тапсырыс беру кезінде мүгедектігі бар адам мынадай деректерді: тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), сапар күнін және уақытын, белгіленген пункттің нақты мекенжайын, тапсырыс берушімен байланысу үшін телефонын, өзге де қосымша ақпаратты (жолаушылардың санын, жүк көлемін және жай-күйін, поездың, автобустың, әуе кемесінің келу/кету уақытын) береді.

      36. Диспетчер инватакси маршрутын жасау кезінде өтінім уақытын түзетеді және оны мүгедектігі бар адаммен келіседі.

      37. Қызметтерді көрсету кезінде инватаксидің жүру бағыты бойынша бір мезгілде бірнеше мүгедектігі бар адамдардың өтінімін орындауға жол беріледі.

      38. Өтінімді алып тастаған жағдайда мүгедектігі бар адам тапсырыстың белгіленген уақытына дейін бір сағаттан кешіктірмей диспетчерлік қызметке хабарлайды.

      39. Инватакси тапсырыс орнына келгені туралы хабарланғаннан кейін инватакси мүгедектігі бар адамды 20 минут күтеді. Мүгедектігі бар адам көрсетілген уақытта келмесе, тапсырыс алынады және өтінім орындалды деп есептеледі.

      40. Маршрут бағыты өзгертілген жағдайда мүгедектігі бар адам тапсырыстың белгіленген уақытына дейін бір сағаттан кешіктірмей диспетчерге телефон арқылы хабарлайды. Сапар мекенжайының өзгеруі инватакси маршрутымен сәйкес келмесе, диспетчер мүгедектігі бар адамға тапсырыс беру мекенжайын өзгертуден бас тартады.

      41. Мүгедектігі бар адам белгіленген уақыттан кешігетін болса, ол тапсырыстың белгіленген уақытына дейін бір сағаттан кешіктірмей диспетчерге телефон арқылы хабарлайды. Диспетчер тапсырыс уақытын ауыстырады немесе мүгедектігі бар адамның кешігуі себебімен инватакси қызметтерін көрсету кестесіне кедергі келтірсе, тапсырысты алып тастайды.

      42. Инватакси салонында мүгедектігі бар адамға арналған бір орынға 20 килограмм салмақтан аспайтын багажды тасымалдауға рұқсат беріледі.

      43. Осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес инватакси қызметін көрсетуге көрсетілімдері бар мүгедектігі бар адамды немесе мүгедектігі бар баланы сапарда бір адам еріп жүреді. Еріп жүретін адам үшін сапар тегін.

      44. Белгіленген пунктке келгеннен кейін мүгедектігі бар адам инватакси жүргізушінің өтініміне қол қояды, организм қызметтерінің бұзылуы салдарынан мүмкіндігі болмаған жағдайда, еріп жүретін адам қолын қояды.

      45. Адамның өтініші бойынша бордюр, саты, баспалдақ және басқа да тосқауылдардан өтуге көмек көрсету түріндегі кедергілерден жүргізушінің келісімімен ғана орындалады.

      46. Жүргізуші салонда қалып қойған, ұмытылған мүгедектігі бар адамдардың заттарының сақталуына жауап бермейді.

  Автомобиль көлігімен
мүгедектігі бар адамдарды
тасымалдау жөнінде қызметтер
көрсету қағидаларына
қосымша

Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі

      1) мүгедектігі бар адамның жұмыс орны;

      2) мүгедектігі бар адамның оқу орны;

      3) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;

      4) сот, прокуратура;

      5) әлеуметтік инфрақұрылым объектілері;

      6) заң консультациялары;

      7) нотариус;

      8) медициналық мекемелер (жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда);

      9) әуежайлар, темір жол вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары;

      10) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар.

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2022 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 521 бұйрыққа
2-қосымша
  Автомобиль көлігімен
жолаушылар мен багажды
тасымалдау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы

      Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы

Р/с №

Көрсеткіш

Балдар саны

Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан кем

Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан 60 %-ға дейін

Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 60 % -дан астам

1.*

Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі:


5 жылға дейін

+4

+8

+10

5 жылдан 9 жылға дейін

+3

+2

+1

9 жылдан 12 жылға дейін

+2

+1

+0,5

12 жылдан артық

0

0

0

1.1

Пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)

+1 (әр бірлік үшін)

1.2

Отандық өндірістегі автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)

+5 (әр бірлік үшін)

1.3

Дайындаушы зауытпен жұмысқа бейімделген табиғи газбен жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)

+5 (әр бірлік үшін)

1.4

Автобустар, шағын автобустар бар болған кезде:


жеке меншікте

+1,5 (әр бірлік үшін)

тасымалдаушы кредитке немесе лизингке алған

+1 (әр бірлік үшін)

1.5

Электрқозғалтқышы бар автобустар, шағын автобустар болған кезде

+5 (әр бірлік үшін)

2.

Тасымалдаушының автомобильмен жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдаудағы жұмыс өтілі (түрі бойынша конкурс өткізілу түрі бойынша):


3 жылға дейін

+1

3 жылдан 8 жылға дейін

+3

8 жылдан астам

+5

3.

Өндірістік-техникалық базаның болуы

жеке

жалға алынған

шарт негізінде қызмет көрсету

Өндірістік корпус




ТҚК кешені (аймақ, учаске)

+3

+0,7

+0,2

АЖ кешені:




посттар

+3

+0,7

+0,2

өндірістік учаскелер және цехтар

+3

+0,7

+0,2

Қойма үй-жайлары

+1

+0,5

+0,2

Автотұрақ, соның ішінде:




ашық

+1,5

+0,7

+0,3

жабық

+2,5

+1

+0,5

Жинастыру-жуу кешені:




қолмен жуу;

+0,7

+0,5

+0,2

механикаландырылған жуу

+1

+0,7

+0,5

Бақылау-техникалық пункті

+0,7

+0,2

+0,1

Әкімшілік ғимарат (үй-жай)

+0,3

+0,1

0

Үй-жай немесе ішінде медпункт бөлмесі

+0,5

+0,3

+0,2

Тұрмыстық корпустар және жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар

+0,3

+0,1

0

4.

Автобустарды, шағын автобустарды алмастыру шаралары жүйесі:


резервті жылжымалы құрам жоқ, алмастыру іске асырылмайды;

-2

резервті жылжымалы құрам бар

+2

5.

Жолаушыларды тасымалдау жағдайын жақсартатын қосымша ұсыныстар:


жол үстінде бейне сүйемелдеу мүмкіндігі;

+0,5 (әр бірлік үшін)

кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға өндірушіден ыңғайластырылған жылжымалы құрамның болуы;

+1 (әр бірлік үшін)

тасымалдауды жүзеге асыруда автобуста нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы үзбей деректер беру жүйесінің болуы

+1 (әр бірлік үшін)

      Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тұрақты қалалық маршруттарына қызмет көрсетуге конкурстық ұсыныстарды бағалау шкаласы

Р/с №

Көрсеткіш

Балдар саны

Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан кем

Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 30 %-дан 60 %-ға дейін

Ұсынылған жылжымалы құрамдар үлесі 60 % -дан астам

1.*

Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі:



5 жылға дейін

+4

+8

+10


5 жылдан 9 жылға дейін

+3

+2

+1


9 жылдан 12 жылға дейін

+2

+1

+0,5


12 жылдан астам

0

0

0

1.1

Пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)

+1 (әр бірлік үшін)

1.2

Отандық өндірістегі автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)

+5 (әр бірлік үшін)

1.3

Дайындаушы зауытпен жұмысқа бейімделген табиғи газбен жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар болған кезде (қосымша)

+5 (әр бірлік үшін)

1.4

Автобустар, шағын автобустар бар болған кезде:


жеке меншікте

+1,5 (әр бірлік үшін)

тасымалдаушы кредитке немесе лизингке алған

+1 (әр бірлік үшін)

1.5

Электрқозғалтқышы бар автобустар, шағын автобустар болған кезде

+5 (әр бірлік үшін)

2.

Тасымалдаушының автомобильмен жолаушылар мен багажды қалалық тұрақты тасымалдаудағы жұмыс өтілі:


3 жылға дейін

+1

3 жылдан 8 жылға дейін

+3

8 жылдан астам

+5

3.

Өндірістік-техникалық базаның болуы

жеке

жалға алынған

шарт негізінде қызмет көрсету

Өндірістік корпус:




ТҚК кешені (аймақ, учаске);

+3

+0,7

+0,2

АЖ кешені:




посттар;

+3

+0,7

+0,2

өндірістік учаскелер және цехтар

+3

+0,7

+0,2

Қойма үй-жайлары

+2

+0,3

+0,1

Автотұрақ, соның ішінде:




ашық

+1,5

+0,7

+0,3

жабық

+2,5

+1

+0,5

Жинастыру-жуу кешені:




қолмен жуу;

+0,7

+0,5

+0,2

механикаландырылған жуу

+1

+0,7

+0,5

Бақылау-техникалық пункті

+0,7

+0,2

+0,1

Әкімшілік ғимарат (үй-жай)

+0,3

+0,1

0

Үй-жай немесе соның ішінде медпункт бөлмесі

+0,5

+0,3

+0,2

Тұрмыстық корпустар және жұмысшыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар

+0,3

+0,1

0

4.

Автобустарды, шағын автобустарды алмастыру шаралары жүйесі:


резервті жылжымалы құрам жоқ, алмастыру іске асырылмайды;

-2

резервті жылжымалы құрам бар

+2

5.

Жолаушылар тасымалдарын жақсарту үшін қосымша ұсыныстар: аялдамаларды хабарлау және жолаушыларды хабарландыру тәсілі:


магниттік жазба арқылы;

+1 (әр бірлік үшін)

автобустық дауыс зорайтқыш жабдық арқылы;

+0,7 (әр бірлік үшін)

кондуктор немесе жүргізуші хабарлайды;

+0,1 (әр бірлік үшін)

кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға өндірушіден ыңғайластырылған жылжымалы құрамның болуы

+1 (әр бірлік үшін)

тасымалдауды жүзеге асырған кезде автобуста (шағын автобуста) нақты уақыт режимінде байланыс арналары арқылы үзбей деректер беру жүйесінің болуы

+1 (әр бірлік үшін)

      *Орташа балл пайдалану мерзімі бойынша әр автобусты (шағын автобусты) бағалау жолымен (резервті есептемегенде) шығарылады, олар бойынша балдар қосылады және автобустардың (шағын автобустардың) санына бөлінеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады