"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 395 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қыркүйекте № 29904 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21.06.2023 № 227 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) адамға (отбасына) берілетін көмектің жеке жоспары (бұдан әрі – жеке жоспар) – халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары;

      2) ассистент – Халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу функцияларын орындайтын жұмыскері;

      3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      4) әлеуметтік бейімдеу шаралары – "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларын, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шараларын қамтитын іс-шаралар кешені;

      5) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;

      6) әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айырылу;

      7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант (бұдан әрі – консультант) – Халықты жұмыспен қамту орталығының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамға (отбасына) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері;

      8) әлеуметтік келісімшарт – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не қандас, сондай-ақ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Халықты жұмыспен қамту туралы заң) көзделген жағдайларда өзге адамдар мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал Халықты жұмыспен қамту туралы заңда көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім;

      9) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеуі шарттарымен тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алу мүмкіндігін беретін ақпараттандыру объектісін білдіреді;

      10) Бiрыңғай байланыс орталығы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;

      11) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) – бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі;

      12) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      13) жиынтық табыс – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;

      14) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесі (бұдан әрі – Үлгілік тізбе) – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен және әлеуметтік келісімшарт жасау кезінде пайдалану үшін ұсынылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және әлеуметтік бейімдеудің белсенді шараларының тізбесі;

      15) кепілдік берілген әлеуметтік топтама – бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар табысы аз отбасыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлер мен көлемде берілетін көмек;

      16) көрсетілетін қызметті беруші – республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандардың және облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;

      17) табысы аз адамдар (отбасылар) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар);

      18) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – уәкілетті орган);

      19) учаскелік комиссия – "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5562 тіркелген) бекітілген Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережеге сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылған арнайы комиссия;

      20) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия – "Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13867 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 482 бұйрық) бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес аудан аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын комиссия;

      21) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия – № 482 бұйрықпен бекітілген Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру және әлеуметтік көмек мәселелері бойынша қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын комиссия;

      22) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды, сондай-ақ "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңда көзделген өзге де адамдарды Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, мемлекеттік қолдау шаралары;

      23) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

      24) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Консультация беру нәтижелері бойынша адам немесе отбасы (бұдан әрі – өтініш беруші) өз тарапынан немесе отбасының атынан осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш береді.

      Бұл ретте, өтініш берушіде сәйкестендіру үшін өзімен бірге қағаз жеткізгіштегі жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (паспорты), Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі), қандастар куәлігі не оның орнына сәйкестендіру үшін ол цифрлық құжаттар сервисінде болған жағдайда электрондық құжат болуы қажет.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын бірге тұратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) бекітілген жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге өтінішті қосымша береді.

      Он алты жасқа толмаған адамның атынан ата-анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің еңбек қызметін жүзеге асыруға келісу туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші беріледі.

      Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін портал арқылы жүгінеді.

      7. Өтініш қабылдау кезінде Орталық немесе әкім өтініш берушінің қатысуымен "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) сұрау салуды дербес келесі мәліметтерді алу үшін қалыптастырады:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;

      2) қандас мәртебесі туралы;

      3) босқын мәртебесі туралы;

      4) шетелдік мәртебесі туралы;

      5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;

      6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;

      7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;

      8) мүгедектікті белгілеу туралы;

      9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;

      10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;

      11) бала асырап алу туралы;

      12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы;

      13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы;

      14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);

      15) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы;

      16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;

      17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;

      18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);

      19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;

      20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) берешектің болуы туралы;

      21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;

      22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;

      23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;

      24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы.

      Өтініш беруші портал арқылы жүгінген кезде электрондық өтінішті қалыптастыру үшін қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады және портал уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы электрондық өтінішті жібереді.

      Өтініш беруші талап етілетін құжаттарды берген кезде өтініш берушінің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ұсынылған "портал" арқылы келіп түскен электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:

      1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;

      2) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу, сондай-ақ тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;

      3) отбасының барлық мүшелерінде бір елді мекен шегінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелуінің болуы.

      Жоғарыда келтірілген параметрлер бойынша тексерудің оң нәтижесі болған кезде өтінішті өңдеуге арналған кіріс хабарламалар журналына ауыстыру жүргізіледі.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтініш беруші осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мемлекеттік органның немесе ұйымның тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды береді, ал өтініш берушінің ондай мүмкіндігі болмаған кезде тұрғылықты жері бойынша Орталық, ауылдық жерде – әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.

      Портал арқылы электрондық өтініш келіп түскен кезде Орталық осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мәліметтерді алу үшін тиісті ақпараттық жүйелерге сұрау салуларды қалыптастырады, тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға жазбаша сұрау салуларды ресімдейді.

      Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салуды ресімдеген кезде тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ҚЭТ-ты қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге дейін ұзартылады.

      Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын өтінішті және құжаттарды үшінші тұлғалардың атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін беруі атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады.

      Өтініш беруші құжаттарды салыстырып тексеру үшін көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынады.

      9. Өтініш беруші осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қағаз жеткізгіште өз бастамасы бойынша ұсынады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін талаптарға сәйкес болған кезде:

      1) әкім бір жұмыс күні ішінде:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеу журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. Ақпараттық жүйелерге қолжетімділік болған кезде – осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында тіркейді;

      Осы Қағидалардың 6, 7 және 8-тармақтарда көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды қамтитын құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттардың электрондық топтамасын (бұдан әрі - ҚЭТ) қалыптастырады және оны тиісінше өзінің қолымен немесе ЭЦҚ арқылы куәландырады.

      Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салуды ресімдеген кезде тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесін жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ҚЭП-ты қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады;

      өтініш қабылданғаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындау үшін оны және қалыптастырылған құжаттар топтамасын учаскелік комиссияға береді;

      Әкім учаскелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысын қоса бере отырып, өтініш берушінің құжаттар топтамасын Орталыққа береді;

      2) Орталық бір жұмыс күні ішінде:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. "Портал" арқылы келіп түскен электрондық өтінімдер осы Қағидаларға 3.1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы келіп түскен азаматтардың өтініштерін тіркеудің электрондық журналында тіркеледі;

      еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін, олардың өтініштері бойынша "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркейді;

      өтініш берушінің құжаттар топтамасын немесе ҚЭП-ын қалыптастырады және оны өзінің қолтаңбасымен немесе тиісінше ЭЦҚ арқылы куәландырады;

      Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жазбаша сұрау салуды ресімдеген жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіні жазбаша хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік отыз күнге дейін мерзімге ұзартылады;

      Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салуды рәсімдеген кезде тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесін жазбаша сұрау салумен хабардар ету арқылы құжаттар топтамасын немесе ЭҚП қалыптастыру пакетін әзірлеу мерзімі сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады;

      өтінішті қабылдағаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік комиссияның қорытындысын дайындау үшін оны және қалыптастырылған құжаттар топтамасын учаскелік комиссияға береді.";

      19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-1. Атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын адамға өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынылады.

      Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" және "Электрондық үкімет" порталының мобильдік қосымшасында қолжетімді.

      Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат, ол туралы мәліметтер сұратылып отырған адамның келісімі болған жағдайда, портал арқылы жіберілетін жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) сұрау салуы бойынша ұсынылады.

      Мәлімет сұралатын адам сұрау салуды алған сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде порталдағы "жеке кабинет" арқылы не мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы оның (оның отбасының) үшінші тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпаратты ұсынуға өзінің келісімін не келіспеушілігін бір реттік парольді пайдалана отырып портал хабарламасына жауап ретінде білдіреді.

      "Порталда" жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Келісім алғаннан кейін өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат сұрау салуды жүзеге асырған үшінші тұлғаның "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Қөрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Орталықтың және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол не осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілетін мекенжайлар бойынша беріледі.

      Қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымды Орталықтың кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркелген күні шағымының екінші данасында немесе шағымға ілімпе хатта қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Орталық қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген кезде шағым басшысының атына беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның, орталықтың немесе ауылдық округ әкімінің мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап өтініш берушіге пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Орталықтың кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген кезде өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен өтініш берушінің шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 3-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 12-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 14-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2022 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 395 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау және төлеу
және кепілдік берілген
әлеуметтік топтаманы ұсыну
қағидаларына
3-1-қосымша
  Нысан

Өтініштерді тіркеудің электрондық журналы

өтініш №

Өтініштің тіркелген күні

Өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Өтініш берушінің тұрғылықты мекенжайы

Учаскелік комиссияның қарауына беру күні

Учаскелік комиссиядан қорытындыны қабылдау күні

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қарауына жіберілген күні

Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымдарын алған күн

Әлеуметтік келісімшарттың нөмірі және жасалған күні

      Кестенің жалғасы

Өтініш берушінің құжаттар пакетімен шешім жобасын уәкілетті органға жолдау күні

Атаулы әлеуметтік көмектің түрі (шартсыз / шартты)

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (төлем мөлшерін өзгерту, төлемді тоқтата тұру, төлемді тоқтату, тағайындаудан бас тарту) туралы, сондай - ақ атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жағдайда-кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсыну (ұсынудан бас тарту) туралы шешімнің күні

Тағайындау кезеңі (аймен көрсету)

Отбасына тағайындалған төлемнің жалпы сомасы (теңгемен)

Қосымша келісімнің нөмірі және жасалған күні

Уәкілетті органның қосымша келісім бойынша тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімінің күні

Отбасына тағайындалған төлемнің жалпы сомасы (теңгемен)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2022 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 395 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау және төлеу
және кепілдік берілген
әлеуметтік топтаманы ұсыну
қағидаларына
12-қосымша

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың және облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, халықты жұмыспен қамту орталығы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.​egov.​kz (бұдан әрі – "портал")

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

Орталыққа жүгінген кезде – Орталық құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні

кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 18 (он сегіз) жұмыс күні

Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салу ресімдеген кезде құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі өтініш берушіге жазбаша хабарлама жібере отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұзартылады

2) Орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут

3) Орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут

4

Көрсету нысаны

Электронды/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Орталық немесе әкім арқылы қағаз түрінде, сондай-ақ ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмірге хабарлама жіберу арқылы тағайындау туралы, ал бас тартылған жағдайда оның себептерін көрсете отырып, хабардар ету.
Қызметті портал арқылы көрсеткен кезде – тағайындау туралы хабарлама, ал бас тартқан жағдайда – оның себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында

6

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Орталықта – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін;

2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезектілік тәртібінде көрсетіледі.

 
8

 
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

3) "порталда" – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Халықты жұмыспен қамту орталығына Мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде өтінішті алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2) қандас мәртебесі туралы;

3) босқын мәртебесі туралы;

4) шетелдік мәртебесі туралы;

5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;

6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;

7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;

8) мүгедектікті белгілеу туралы;

9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;

10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;

11) бала асырап алу туралы;

12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы;

13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы;

14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);

15) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы;

16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;

17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;

18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);

19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;

20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) ол бойынша берешектің болуы туралы;

21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;

22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;

23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;

24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы мәліметтер алу үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі - ақпараттық жүйелер) сұрау салуды қалыптастырады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде әкім немесе Орталық тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.

Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынады.

Өтініш берген кезде көрсетілетін өтініш берушіге Орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі - тіркеу күні және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

Порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың, қандастың мәртебесі туралы, босқын мәртебесі туралы, шетелдіктің мәртебесі туралы, азаматтығы жоқ адамның мәртебесі туралы, отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер;
жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелері туралы; мүгедектікті белгілеу туралы; баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы; қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы; бала асырап алу туралы; некені (ерлі-зайыптылықты) одан тыс жерлерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы; егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы; табыстар туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар), дара кәсіпкердің мәртебесі туралы, өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы, еңбек қызметі (бар болса) туралы; жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы; Алименттер және (немесе) оларды алмастыратын адамдар туралы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы үш ай қатарынан олар бойынша берешектің болуы туралы; өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы; меншігінде тұрғын үйдің, үй-жайлардың болуы туралы, меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы, меншігінде көлік құралының болуы туралы көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші:

1) табысы аз адамдар болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);

2) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 6-тармағында көрсетілген, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасына – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде;

3) бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер алушының кінәсінен орындалмаған жағдайда адамға (отбасына) – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы алты ай ішінде;

4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған адамдарға (отбасыларға) - ұсынған күнінен бастап алты ай ішінде;

5) учаскелік комиссияның материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктің www.​enbek.​gov.​kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

Өтініш беруші қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.

Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидалары бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2022 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 395 бұйрығына
3-қосымша
  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау және төлеу
және кепілдік берілген
әлеуметтік топтаманы ұсыну
қағидаларына
14-қосымша

"Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

порталға жіберген күннен бастап – 15 минут

4

Көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін (тиесілі еместігін) растайтын ақпарат

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Порталдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы

8

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Жоқ

9

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Өтініш берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті алушының "Электрондық үкімет" порталындағы "жеке кабинетінен" алуға мүмкіндігі бар.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағиданың бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады