"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-333/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 31 қазандағы № ҚР ДСМ-122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 қарашада № 30366 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-333/2020 бұйрығына ((Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21977 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 66) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.";

      Осы бұйрықпен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 66) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) шеңберінде тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Егер заңдарда немесе халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Қағидалардың 2-тарауында көрсетілген адамдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелерінің деректерін қалыптастыру көздері болып мыналар табылады:

      1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ОАМ) ақпараттық жүйесінен мәліметтер;

      2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ) ақпараттық жүйесінен мәліметтер;

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – ҚР Әділетмині) мемлекеттік дерекқорының мәліметтері;

      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) мәліметтер;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ҚР ДСМ) мәліметтер;

      6) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) орталықтандырылған автоматтандырылған дерекқорынан мәліметтер;

      7) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – ҚР БП ҚСжАЕК) ақпараттық жүйесінен мәліметтер.";

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Заңның 14-бабы 2-тармағының 1), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдар Қордың АЖ-да тұтынушы ретінде Қордың АЖ-ға төлем күнінің алдындағы он екі ай ішінде аударымдардың және (немесе) жарналардың төленгені туралы мәліметтер болған кезде әр айға айдың бірінші күнінен бастап есепке алынады.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Заңның 14-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген тұлғалар Заңның 5-бабы 3-2-тармағына сәйкес Қордың АЖ-да жарналар төленген күннен бастап Қордың АЖ-да тұтынушы ретінде есепке алынады.";

      20-тармақта:

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

      7) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) мүгедектігі бар адамдар;";

      20-1-тармақта:

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мүгедектігі бар балаға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар – "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша баланың мүгедектігі туралы анықтама (бұдан әрі – № 44 бұйрық), баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама), № 259 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;

      7) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар – № 44 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама";

      8) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге – Ардагерлер туралы заңның 9-бабына сәйкес Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (жәрдемақыларды) алушының куәлігінде белгі қойылған беттердің көшірмелері;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мүгедектігі бар адамдар – № 44 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Мемлекеттік корпорация "балалар" тізімін ҚР ОАМ АЖ-дан алынған ҚР Еңбекминінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) деректерінің негізінде қалыптастырады.

      22. ҚР ОАМ АЖ-ға балалар туралы деректер ҚР Әділетминінің жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорынан беріледі.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. ҚР Еңбекминінің АЖ-да үш жасқа дейінгі балалардың асырап алушысы (қамқоршысы) екені анықталған адамдар туралы деректер баланың ЖСН және асырап алушысының/қамқоршысының ЖСН-мен бірге байланыстыра отырып ҚР ОАМ АЖ-дан беріледі.";

      6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. "Мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі";

      34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Мемлекеттік корпорация "мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      35. ҚР Еңбекминінің АЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырғаннан кейін "мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар" санаты:

      1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;

      2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.";

      7-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. "Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі";

      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Мемлекеттік корпорация "бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      37. ҚР Еңбекминінің АЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін "бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам" санаты:

      1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;

      2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. ҚР Еңбекминінің АЖ-ға Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар туралы деректер ҚР БП ҚСжАЕК-тен беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 42-1-тармақпен толықтырылсын:

      "42-1. ҚР Еңбекминінің АЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін "үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адам" санаты:

      1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;

      2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.";

      13-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-параграф. "Мүгедектігі бар адамдар" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі";

      46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Мемлекеттік корпорация "мүгедектігі бар адамдар" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      47. Мемлекеттік корпорация "орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар" тізімін ҚР ҒЖБМ АЖ-дан алынған ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. "Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері" санаты бойынша деректер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған берілген өкілеттіктер шеңберінде Қордың АЖ-ға Қорғаныс, Ішкі істер, Қаржы министрліктерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Бас прокуратурадан, Мемлекеттік күзет қызметінен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг жөніндегі агенттігінен (бұдан әрі – уәкілетті органдар) келіп түседі.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
В. Дудник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады