Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-333/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда № 21977 болып тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 66) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.05.2023 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-333/2020
бұйрығымен бекітілген

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды есепке алуды жүргізу және медициналық көмек алуға құқық беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 66) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) шеңберінде тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) ақпарат алмасу – бір ақпараттық жүйеден екіншісіне деректерді қабылдау және беру процесі;

      3) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) – "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген тәртіппен аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, Қорға аударуды, төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар;

      4) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      5) Қордың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Қордың АЖ) – Қордың процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

      6) міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық қызметтерді тұтынушы (бұдан әрі – тұтынушы) – Заңға сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқығы бар жеке тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 29.02.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Заңның 5-бабына сәйкес МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке өздері үшін қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылған, сондай-ақ осы Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылған адамдардың құқығы бар.

      4. МӘМС жүйесі шеңберінде Қор тұтынушыларды есепке алуды жүргізуді Қордың АЖ-да Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінен келіп түсетін Мемлекеттік корпорацияның деректері немесе мәліметтері электрондық түрде ұсынылатын әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметшілері туралы деректер негізінде жүзеге асырады.

      5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелері, Қордың АЖ арасында деректер алмасу Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы, мемлекеттік құпиялар және дербес деректерді қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес интернет желісін қоса алғанда, бөлінген немесе ашық байланыс арналары бойынша электрондық түрде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпарат ақпарат алмасуға жатпайды.

      6. Осы Қағидалардың 3-тарауында көзделген деректерді қоспағанда, тұтынушылар санаты бойынша деректер күн сайын автоматтандырылған режимде жаңартылады.

      7. Егер заңдарда немесе халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Қағидалардың 2-тарауында көрсетілген адамдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелерінің деректерін қалыптастыру көздері болып мыналар табылады:

      1) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ОАМ) ақпараттық жүйесінен мәліметтер;

      2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ) ақпараттық жүйесінен мәліметтер;

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі – ҚР Әділетмині) мемлекеттік дерекқорының мәліметтері;

      4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ҚР Еңбекмині) мәліметтер;

      5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ҚР ДСМ) мәліметтер;

      6) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) орталықтандырылған автоматтандырылған дерекқорынан мәліметтер;

      7) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – ҚР БП ҚСжАЕК) ақпараттық жүйесінен мәліметтер.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Қордың АЖ-да тұтынушыны есепке алуды жүргізу осы Қағидалардың 3-тарауында көрсетілген тұтынушылар санатын қоспағанда, Мемлекеттік корпорациядан келіп түсетін деректер негізінде автоматты режимде жүзеге асырылады.

      9. Осы Қағидалардың 2-тарауында көрсетілген адамдар Қордың АЖ-да тұтынушы ретінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген деректерді қалыптастыру көздері тиісті санатты берген күннен бастап есепке алынады. Адамды мемлекет төлейтін адамдар санатынан алып тастау туралы мәліметтер Қордың АЖ-ға келіп түскен жағдайда, МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес оны алып тастаған күннен бастап үш ай бойы сақталады.

      Заңның 26-бабының 1-тармағында көрсетілген адамдар үшін мемлекеттен жарналар түспеген жағдайда МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан аспайтын кезеңге сақталады.

      10. Заңның 14-бабы 2-тармағының 1), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген адамдар Қордың АЖ-да тұтынушы ретінде Қордың АЖ-ға төлем күнінің алдындағы он екі ай ішінде аударымдардың және (немесе) жарналардың төленгені туралы мәліметтер болған кезде әр айға айдың бірінші күнінен бастап есепке алынады.

      Аударымдар және (немесе) жарналар төленбеген жағдайда, МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан аспайтын кезеңге сақталады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Заңның 14-бабы 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген тұлғалар Заңның 5-бабы 3-2-тармағына сәйкес Қордың АЖ-да жарналар төленген күннен бастап Қордың АЖ-да тұтынушы ретінде есепке алынады.

      Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Заңның 28-бабы 7-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдар Қордың АЖ-да тұтынушы ретінде олар туралы ақпарат келіп түскен күннен бастап есепке алынады.

      12. Заңның 14-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген тұлғалар Қордың АЖ-да тұтынушы ретінде бірыңғай жиынтық төлем төлеген күннен бастап есепке алынады және медициналық көмек алған уақыттың алдындағы қатарынан кемінде үш айға Қорға жарналар болған кезде күнтізбелік айдың соңына дейін қолданылады.

      13. Қордың АЖ-да, мемлекеттік органдардың АЖ-да техникалық ақаулар туындаған жағдайда жеке тұлғаға МӘМС жүйесінде тұтынушы мәртебесі АЖ түзетілгенге дейін сақталады.

      14. Тұтынушы туралы ақпарат медициналық көмек көрсетуді қаржыландыру көзін одан әрі айқындау үшін медициналық ақпараттық жүйелерге және өзге де ақпараттық жүйелерге сұрау салу бойынша Қордың АЖ-дан ұсынылады.

      15. Қордың АЖ-да Заңның 14-бабына сәйкес төлеуші болып табылатын тұтынушыларды есепке алу мынадай мәліметтерді енгізе отырып, автоматты режимде жүргізіледі:

      1) тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты;

      3) төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса);

      4) төлеушінің атауы;

      5) төлеу мерзімі;

      6) Қорға төлемнің келіп түскен күні;

      7) Қорға түскен төлемнің референсі;

      8) төлем сомасы;

      9) төлем мақсатының коды.

2-тарау. Өздері үшін жарналарды мемлекет төлейтін адамдар санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      16. Мемлекеттің МӘМС-ке жарналары Заңның 14-бабының 1-тарауында белгіленген адамдар үшін төленеді.

      17. Мемлекет жарналар төлейтін адамдар санатының дерекқорын актуалдандыруды Мемлекеттік корпорация ай сайын жүзеге асырады.

      18. Өздері үшін жарналарды мемлекет төлейтін адамдар санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу үшін Қордың АЖ-ға автоматты режимде мынадай мәліметтер енгізіледі:

      1) жеке сәйкестендіру нөмірі;

      2) санат берілген күн;

      3) санат беру көзі;

      4) санаттан шығару күні;

      5) санаттан шығару көзі;

      6) санаттан шығару себебі.

      19. Жарналарды олар үшін мемлекет төлейтін адамдардың санаттары бойынша есепке алуды жүргізу және алып тастау үшін Мемлекеттік корпорациядан деректер Қордың АЖ-ға күн сайынғы негізде келіп түседі.

      20. Адамдардың бірнеше санаты бойынша мәртебесі болған кезде өзі үшін мемлекет жарналар төлейтін адамдар санатына жататын тұтынушыларды есепке алу мынадай басымдық бойынша жүзеге асырылады:

      1) балалар;

      2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

      3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

      4) осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);

      5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

      6) мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

      7) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;

      8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

      9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

      10) тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;

      11) жұмыс істемейтін қандастар;

      12) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

      13) мүгедектігі бар адамдар;

      14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

      15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар санатынан шығару себебі бойынша тұтынушыларды шығарғанға дейін басымдығы бойынша төмен тұрған адамдар санаттары бойынша мәртебенің болуына тексеру жүзеге асырылады.

      Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығы сақталады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.02.2022 № ҚР ДСМ-18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      20-1. Қордың АЖ-да осы Қағидалардың 20-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар санаттары бойынша деректер болмаған жағдайда, Қор оларды мынадай растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қорға жүгінген күннен бастап бір айға Қордың АЖ-ға тұтынушы ретінде енгізеді:

      1) балалар бойынша – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама (анықтамалар));

      2) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер – "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 027/е нысаны бойынша анықтама;

      3) жұмыссыз ретінде тіркелгендер – "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 214 бұйрық) нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат;

      4) бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар (баланың заңды өкілдерінің бірі) – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);

      5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала күтімі бойынша демалыста жүрген адамдар – баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама);

      6) мүгедектігі бар балаға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар – "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 260 бұйрық) нысан бойынша баланың мүгедектігі туралы анықтама, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (не туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларынан мәліметтерді қамтитын анықтама (анықтамалар)), № 214 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат;

      7) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар – № 260 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

      8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар үшін – "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ардагерлер туралы заң) 9-бабына сәйкес Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (жәрдемақыларды) алушының куәлігінде белгі қойылған беттердің көшірмелері;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге – Ардагерлер туралы заңның 9-бабына сәйкес Ұлы Отан соғысы ардагерінің куәлігі немесе жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (жәрдемақыларды) алушының куәлігінде белгі қойылған беттердің көшірмелері;

      ардагерлер үшін - жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (жәрдемақыларды) алушының куәлігіне белгі қойылған беттердің көшірмелері;

      зейнетақы төлемдерін алушылар үшін – "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32890 болып тіркелген) нысан бойынша жасына байланысты зейнетақы/жәрдемақы алушының куәлігі;

      9) жұмыс істемейтін қандастар – "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) нысан бойынша қандас куәлігі және № 214 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама;

      10) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар – "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталғанын немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алғанын растайтын, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы ананың наградталғанын немесе атақ алғанын растайтын құжат;

      11) мүгедектігі бар адамдар – № 260 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

      12) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай – ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар - орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан анықтама;

      13) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті жұмыс істемейтін алушылар – "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) сәйкес берілген өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат;

      14) Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына сәйкес аударымдар және (немесе) жарналар төлеуден босатылған немесе жұмыс беруші дағдарыстық жағдайлар кезеңінде елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған құқықтық актілердің ережелеріне сәйкес МӘМС-ке аударымдар және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе қатер төндіруі мүмкін адамдардың жеке басын куәландыратын құжат болып табылатын немесе Салық кодексінде – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын мынадай құжаттардың бірі:

      еңбек кітапшасы;

      тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;

      еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;

      жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;

      жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

      аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер;

      жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтер;

      дуальды оқыту туралы шарт;

      жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;

      еңбек қатынастарының болуын растайтын заңды фактіні анықтау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат болуы мүмкін.

      Ескерту. Қағида 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 18.10.2021 № ҚР ДСМ-106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.02.2022 № ҚР ДСМ-18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.02.2024 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1-параграф. "Балалар" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      21. Мемлекеттік корпорация "балалар" тізімін ҚР ОАМ АЖ-дан алынған ҚР Еңбекминінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) деректерінің негізінде қалыптастырады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. ҚР ОАМ АЖ-ға балалар туралы деректер ҚР Әділетминінің жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорынан беріледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. "Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      23. Мемлекеттік корпорация "жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ-дан алынған деректер негізінде қалыптастырады.

      Санатты растау есепке қойылған және (немесе) жұмыссыз ретінде есептен шығарылған күні бойынша жүзеге асырылады.

3-параграф. "Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      24. Мемлекеттік корпорация "жұмыс істемейтін жүкті әйелдер" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      25. ҚР Еңбекминінің АЖ-ға жүкті әйелдер бойынша деректер ҚР ДСМ "Жүкті және бала туатын жастағы әйелдерді тіркеу" АЖ-дан (бұдан әрі – ЖжБТЖӘТ АЖ) беріледі.

      26. ҚР Еңбекминінің АЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін "жұмыс істемейтін жүкті әйелдер" санаты:

      1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;

      2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.

4-параграф. "Бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      27. Мемлекеттік корпорация "бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      28. ҚР Еңбекминінің АЖ-да некеде тұрған және үш жасқа дейінгі балалары бар адамдар (ата-анасының екеуі де) туралы деректер ата-аналарының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) бір-біріне және баланың ЖСН-ге байланыстыра отырып, Әділетминінің "Азаматтық хал актілерін тіркеу" АЖ-дан беріледі.

      29. ҚР Еңбекминінің АЖ-да үш жасқа дейінгі балалардың асырап алушысы (қамқоршысы) екені анықталған адамдар туралы деректер баланың ЖСН және асырап алушысының/қамқоршысының ЖСН-мен бірге байланыстыра отырып ҚР ОАМ АЖ-дан беріледі.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. ҚР Еңбекминінің АЖ-да ата-аналардың екеуінен де МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін "Бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)" санаты:

      1) МЗЖ және (немесе) ӘА жоқ ата-анаға беріледі;

      2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін ата-анасының екеуінде де МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде Мемлекеттік корпорацияға әкесінен өтініш болмаған жағдайда анасына беріледі;

      3) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алынады.

5-параграф. "Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      31. Мемлекеттік корпорация "жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      32. ҚР Еңбекминінің АЖ-ға еңбекке жарамсыздығы туралы парақ негізінде жүктілікке және босануға байланысты демалыстағы адамдар туралы деректер ЖжБТЖӘТ АЖ-дан беріледі.

      33. ҚР Еңбекминінің АЖ-да некеде тұрған ата-аналардың екеуінен де МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін "Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамд" санаты:

      1) МЗЖ және (немесе) ӘА жоқ ата-анаға беріледі;

      2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін ата-анасының екеуінде де МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде Мемлекеттік корпорацияға әкесінен өтініш болмаған жағдайда анасына беріледі;

      3) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алынады.

6-параграф. "Мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      Ескерту. 6-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Мемлекеттік корпорация "мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. ҚР Еңбекминінің АЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырғаннан кейін "мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар" санаты:

      1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;

      2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-параграф. "Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      Ескерту. 7-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 7-параграф жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.02.2022 № ҚР ДСМ-18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Мемлекеттік корпорация "бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. ҚР Еңбекминінің АЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін "бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам" санаты:

      1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;

      2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8-параграф. "Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      38. Мемлекеттік корпорация "зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

9-параграф. "Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      39. Мемлекеттік корпорация "қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      40. ҚР Еңбекминінің АЖ-ға шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, "қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар" туралы деректер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған дерекқорынан (бұдан әрі – ҚАЖ ОАД) беріледі.

10-параграф. "Тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      Ескерту. 10-параграф жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.02.2022 № ҚР ДСМ-18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Мемлекеттік корпорация "тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар" тізімін ҚАЖ ОАД-дан алынған ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      42. ҚР Еңбекминінің АЖ-ға Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар туралы деректер ҚР БП ҚСжАЕК-тен беріледі.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      42-1. ҚР Еңбекминінің АЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін "үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адам" санаты:

      1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;

      2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.

      Ескерту. Қағида 42-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11-параграф. "Жұмыс істемейтін қандастар" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      Ескерту. 11-параграф жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.02.2022 № ҚР ДСМ-18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Мемлекеттік корпорация "жұмыс істемейтін қандастар" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      44. ҚР Еңбекминінің АЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін "Жұмыс істемейтін қандастар" санаты:

      1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;

      2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.

12-параграф. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      45. Мемлекеттік корпорация "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

13-параграф. "Мүгедектігі бар адамдар" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      Ескерту. 13-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. Мемлекеттік корпорация "мүгедектігі бар адамдар" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

14-параграф. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      47. Мемлекеттік корпорация "орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар" тізімін ҚР ҒЖБМ АЖ-дан алынған ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

15-параграф. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      48. Мемлекеттік корпорация "мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер" тізімін ҚР Еңбекминінің АЖ деректерінің негізінде қалыптастырады.

      49. ҚР Еңбекминінің АЖ-да МЗЖ және (немесе) ӘА-ның бар-жоғына деректерді салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін "мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер" санаты:

      1) салыстырып тексеру күнінің алдындағы бір ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлем болмаған кезде беріледі;

      2) салыстырып тексеру күнінің алдындағы екі ай үшін МЗЖ және (немесе) ӘА бойынша төлемдер болған кезде алып тасталады.

2-1 тарау. "Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері санатына жататын тұтынушылардың есебін жүргізу тәртібі"

      Ескерту. 2-1-тараумен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.05.2023 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49-1."Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер және олардың отбасы мүшелері" тізімін Мемлекеттік корпорация ҚР ЕХӘҚМ автоматтандырылған "Шетелдік жұмыс күші" АЖ, ҚР ІІМ Көші-қон полициясы АЖ деректері негізінде қалыптастырады.

3-тарау. "Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері" санатына жататын тұтынушыларды есепке алуды жүргізу тәртібі

      50. "Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері" санаты бойынша деректер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында айқындалған берілген өкілеттіктер шеңберінде Қордың АЖ-ға Қорғаныс, Ішкі істер, Қаржы министрліктерінен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Бас прокуратурадан, Мемлекеттік күзет қызметінен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг жөніндегі агенттігінен (бұдан әрі – уәкілетті органдар) келіп түседі.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.10.2022 № ҚР ДСМ-122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      51. Уәкілетті органдар әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері туралы мәліметтерді Қорға күнтізбелік он төрт күнде бір рет береді.

      52. Қордың АЖ-да "әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері" санаты бойынша тұтынушыларды есепке алу уәкілетті органдардан деректер түскен сәттен бастап мәліметтер келесі берілгенге дейін жүзеге асырылады.

      53. Уәкілетті органдар әскери қызметшілердің, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құрамы туралы мәліметтер (жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, штат санының өзгеруі) өзгергеннен кейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей Қорға әскери қызметшілер, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері туралы мәліметтерді енгізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады