ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 1520 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 55 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17723 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";
бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерді ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсің.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
К. Мусин |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуратурасының
Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 шілдедегі № 48 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) тексеру парақтарының нысандарына сәйкес әзірленді.
2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау субъекті – жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары (бұдан әрі – тіркеуші орган);
2) болмашы бұзушылықтар – жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген келесі талаптарды бұзу:
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты қағаз жүзінде өсу қорытындысымен тоқсан сайын келесі есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне ұсынбау;
"Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі - "ЖМТ" МДК) жұмыс жасау үшін пайдаланылатын қызметінен босатылған қызметкердің логинін бұғаттау үшін өтінімді жолдамау.
3) елеулі бұзушылықтар –жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген келесі талаптарды бұзу:
көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол бермеу;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде негізсіз тоқтата тұруға жол бермеу;
тіркеуші органның құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін ұсынбауы ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей;
көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес үдерістерін сақтау;
бір және одан астам расталған шағымның немесе арыздың болуы;
лауазымды тұлғалардың "ЖМТ" МДК-да жұмыс жасау үшін басқа лауазымды тұлғаның жеке логинін пайдалануы.
4) өрескел бұзушылықтар - жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу кезінде көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделерiн елеулi бұзуға әкеп соғуы мүмкін заңдылықты бұзу, атап айтқанда:
құқықтық қатынастардың субъектiлерi мен объектiлерi, жылжымайтын мүлiкке және өзге де тiркеу объектiлерiне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрi не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негiздерi заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу;
құқықты кадастрда құқықты немесе өзге де мемлекеттiк тiркеуді болғызбайтын ауыртпалықтар (тыйым салу) болған кезде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүргізуге жол бермеу объектiсiн мемлекеттiк тiркеу;
мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап тіркеу жүргізу;
терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген өтініш берушіге құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартуына жол бермеу;
мемлекеттік тіркеу жүргізу мерзімдерін сақтау;
"ЖМТ" МДК-на мәліметтерді сенімсіз енгізу;
тіркеу істерінің дұрыс жүргізілуі және сақталуы.
5) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.
2-тарау. Объективті өлшемшарттар
4. Объективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдің жоғары дәрежесіне тіркеуші орган қызметі жатады.
Тіркеуші органның қызметі құқық иеленушіні сәйкестендіретін деректерді (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) мен туған күні, заңды тұлғаның атауы мен тіркеу нөмірін) қоспағанда, азаматтар (дербес деректер) мен басқа да құқық иеленушілер туралы ақпараттардың сақталуын қамтамасыз етумен байланысты қызметінің нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдылығына байланысты тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатады, ол азаматтар (дербес деректер) мен басқа да құқық иеленушілер туралы ақпараттың заңсыз таратылуына және азаматтардың мемлекет кепілдік берген құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкелуі мүмкін. Мемлекеттік қызметті алу кезінде азаматтар ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
5. Тіркеуші органға қатысты жоспардан тыс тексерулер мен бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатымен субъективті өлшемшарттар қолданылады.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар
6. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау кезеңдерін қолданыла отырып жүзеге асырылады.
7. Деректер қорын қалыптастыру және ақпарат жинау жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы заңнаманы бұзатын бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.
Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;
2) бұрынғы бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері;
3) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау;
4) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері пайдаланылады.
8. Бар ақпарат көздері негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың үш дәрежесіне бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.
Бақылау субъектіні тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін мынадай тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеу пайдаланылады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеру немесе бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,
мұнда:
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,
мұнда:
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн,
мұнда:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
Бақылау субъектілер қызметінің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшартары осы Өлшемшарттарға қосымшада көрсетілген.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі мыналарға:
1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;
2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 41-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;
3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 40-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.
Бұл ретте, ақпаратты талдау және бағалау кезінде нақты бір бақылау субъектісіне қатысты бұрын есепке алынған және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.
Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің мерзімділігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалаудың нәтижелері бойынша айқындалады және жылына ең көбі екі реттен аспайды.
Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 141-бабының 5-тармағына сәйкес құрылатын бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.
Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша |
Бақылау субъектілер қызметінің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшартары
№ | Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары | Бұзушылық дәрежесі |
1. Бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде мемлекеттік органдар, мекемелер және салалық ұйымдар жүргізетін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері | ||
1) | "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорына мәліметтерді сенімсіз енгізу (бұдан әрі – "ЖМТ" МДК) | Өрескел |
2) | қызметінен босатылған лауазымды тұлғаның "ЖМТ" МДК-да жұмыс жасау үшін пайдаланылатын логинін бұғаттау үшін өтінім жолдамау | Болмашы |
3) | лауазымды тұлғалардың "ЖМТ" МДК-да жұмыс жасау үшін басқа лауазымды тұлғаның жеке логинін пайдалануы | Елеулі |
4) |
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты қағаз жүзінде өсу қорытындысымен тоқсан сайын келесі есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне ұсынбау: жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп; | Болмашы |
2. Бұрынғы бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері пайдаланылады (бұзушылықтың ауырлық дәрежесі көрсетілген талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді) | ||
1) | құқықтық қатынастардың субъектiлерi мен объектiлерi, жылжымайтын мүлiкке және өзге де тiркеу объектiлерiне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрi не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негiздерi заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу | Өрескел |
2) | көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол бермеу | Елеулі |
3) | құқықты немесе өзге де мемлекеттiк тiркеу объектiсiн мемлекеттiк тiркеудi болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу | Өрескел |
4) | мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап тіркеу жүргізу | Өрескел |
5) | терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген өтініш берушіге құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу | Өрескел |
6) | жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу | Өрескел |
7) | құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс | Елеулі |
8) | жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартуына жол бермеу | Өрескел |
9) | мемлекеттік тіркеу жүргізу мерзімдерін сақтау | Өрескел |
10) | көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес үдерістерін сақтау | Елеулі |
11) | жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде негізсіз тоқтата тұруға жол бермеу | Елеулі |
12) | тіркеу істерінің дұрыс жүргізілуі және сақталуы | Өрескел |
13) | "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қорына мәліметтерді сенімсіз толтыру | Өрескел |
3. Мемлекеттік органдардың ресми интернет - ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын | ||
1) | ресми интернет - ресурстары мен баспа шығарылымдарда жылжымайтын мүлікті заңсыз тіркеу фактілері туралы ақпараттың болуы | Болмашы |
2) | ресми интернет - ресурстары мен баспа шығарылымдарда жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде азаматтардың жеке деректерін, оның ішінде жеке өмірінің құпиясын, ақпараттың болуы | Өрескел |
4. Уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | ||
1) | соттың бақылау субъектіге қатысты жеке қаулы немесе ұйғарым шығару фактісінің орын алуы | Өрескел |
2) | кінәсі көрсетіліп, тіркелу фактісін жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімді шығаруы фактісінің болуы | Өрескел |
3) | соттың бақылау субъектіге қатысты лауазымды адамдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне негізделген шағымға сәйкес заңды күшіне енген шешімді шығаруы фактісінің болуы | Өрескел |
Тексеру парағы
жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында ___________________
__________________________
(Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес) жылжымайтын мүлікке
құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік
корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары (тіркеуші
органдардың) қызметіне қатысты ____________________________________________
(бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы)
Тексеруді/бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды
тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________________
___________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау
туралы акт ____________________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің атауы _______________________________________________
_________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру
нөмірі __________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________
№ | Талап тізбесі | Талап-тарға сәйкес | Талаптарға сәйкес емес |
1 | 2 | 5 | 6 |
1 | құқықтық қатынастардың субъектiлерi мен объектiлерi, жылжымайтын мүлiкке және өзге де тiркеу объектiлерiне құқық немесе құқық ауыртпалығы түрi не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негiздерi заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу | ||
2 | көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол бермеу | ||
3 | құқықты немесе өзге де мемлекеттiк тiркеу объектiсiн мемлекеттiк тiркеудi болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу | ||
4 | мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап тіркеу жүргізу | ||
5 | терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген өтініш берушіге құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу | ||
6 | жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде мемлекеттік тіркеу жүргізуге жол бермеу | ||
7 | құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс | ||
8 | жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартуына жол бермеу | ||
9 |
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау: | ||
10 | көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес үдерістерін сақтау | ||
11 | жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде негізсіз тоқтата тұруға жол бермеу | ||
12 | тіркеу істерінің дұрыс жүргізілуі және сақталуы |
Лауазымды адам (адамдар) _______________________________________
_______________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
________________ _____________
лауазымы қолы
Бақылау субъектісінің басшысы
____________________________________________________
___________________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
________________ ___________
Лауазымы қолы