"Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2022 жылғы 29 қарашадағы № 163 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 қарашада № 30835 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қағаз форматтағы КТ-ға қатысу үшін түсуші желілік ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);

      3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      4) 3x4 сантиметр өлшемді екі фотосурет;

      5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075-У нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық құжаттама (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық);

      6) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек.

      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Құжаттарды салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқа қайтарылады.

      КТ-ға қатысу үшін өтініш берген үміткерлерге ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы құжаттардың қабылдануы туралы қолхат (еркін нысанда) беріледі.

      Электрондық форматта КТ-ға қатысу үшін түсуші Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы өтініш тапсырады.

      Қағаз немесе электрондық форматта КТ-ға қатысу үшін көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар қажет болған жағдайда "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген мүгедектік туралы анықтаманы ұсынған кезде Ұлттық тестілеу орталығы директорының атына:

      1) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін КТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің оқытушысы болып табылмайтын көмекші және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілін білетін маманға;

      2) тестілеу тапсыру үшін қосымша уақыт алу қажеттілігі туралы еркін нысандағы қосымша өтінішті бере алады.

      Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      8-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өңірлік мемлекеттік комиссияның құрамына құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.

      Өңірлік мемлекеттік комиссия мүшелерінің саны бес адамды құрайды.

      Қағаз форматтағы КТ өткізу кезінде өңірлік мемлекеттік комиссия:

      1) КТӨП-те тестілеуді өткізу үшін аудиторлық қорды бекітеді;

      2) кезекшілердің құрамын және нұсқама өткізуді бекітеді;

      3) тестілеуге кіру кезінде түсушілерді кіргізуді ұйымдастырады;

      4) тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді пайдалануды және қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады;

      5) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) 38-қосымшаға сәйкес ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын беретін құрылғыларды пайдалануды, сондай-ақ электромагниттік өрісті өлшеу хаттамасын алуды ұйымдастырады;

      6) КТ өткізу кезінде кезекші және медициналық персоналмен жұмысты ұйымдастырады;

      7) тестілеу материалдары салынған қапшықтарды ашқанда қатысады

      8) түсушілердің тестілеу кезінде шкафтардағы (ұяшықтардағы) жеке заттарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      9) КТ шеңберінде мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін тапсырылатын пәндер оқытушылары болып табылмайтын адамдар қатарындағы көмекшінің және (немесе) мүгедектікті белгілеу туралы құжатты көрсеткен кезде есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілін меңгерген маманның ұсынылуын ұйымдастырады;

      10) тестілеу әкімшілерімен бірлесіп, осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген дәлелді себептер бойынша тестілеуге қатыспаған адамның КТ-ға қатысуы туралы шешім қабылдайды;

      11) апелляциялық комиссияның жұмысы үшін жағдай жасайды;

      12) бейнебақылау жүргізілетін үй-жайда жойылғанға дейін тестілеуге пайдаланғаннан кейін кітапшалардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      Бұл ретте, өңірлік мемлекеттік комиссия төрағасы мен мүшелері тестілеу процесіне қатыспайды.

      Электрондық форматтағы КТ өткізу кезінде өңірлік мемлекеттік комиссия:

      1) тестілеуге кіргізу, сондай-ақ тестілеуді өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді;

      2) КТ өткізу кезінде медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыруды;

      3) көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар үшін мүгедектігі туралы белгіленген құжатты көрсеткен жағдайда КТ шеңберінде тапсырылатын пән мұғалімі болып табылмайтын және (немесе) ымдау тілін меңгерген маман беруді ұйымдастыруды.

      4) түсушілердің тестілеу кезінде шкафтардағы (ұяшықтардағы) жеке заттарының сақталуын қамтамасыз етеді;

      Бұл ретте, өңірлік мемлекеттік комиссия төрағасы мен мүшелері тестілеу процесіне қатыспайды.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Тестілеуге жіберу кезінде қол және рамалы түрдегі металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге жіберу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа келесі тыйым салынған заттарды алып жүруіне жол бермеу шеңберінде жүзеге асырылады: шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесі, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт көзілдіріктер, смарт сағаттар, фитнес-браслеттер (трекер), сымды және сымсыз құлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары, диктофондар, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект).

      Тестілеуге кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "КТ өткізу пункті ғимаратына кіргізу барысында тыйым салынған заттар тәркіленген жағдайда түсушіні ғимараттан шығару туралы акт" жасайды. Түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.";

      35-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) аудиторияға шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерін, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесін, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рацияларды, ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлер), смарт көзілдіріктер, смарт сағаттарды, фитнес-браслеттер (трекер), сымды және сымсыз құлаққаптарды, сымсыз бейнекамераларын, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларын, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерін, қашықтан басқару құрылғыларын, диктофондар, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кіруіне және қолдануына;";

      47-11-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) аудиторияға шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерін, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесін, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рацияларды, ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлер), смарт көзілдіріктер, смарт сағаттарды, фитнес-браслеттер (трекер), сымды және сымсыз құлаққаптарды, сымсыз бейнекамераларын, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларын, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерін, қашықтан басқару құрылғыларын, диктофондар, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кіруіне және қолдануына;".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ғылым және жоғары білім министрінің
      міндетін атқарушысы К. Акатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады