ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2023 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 627 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 99 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19848 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағына және "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелді) және "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелді) сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";
көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. |
__________Т. Жаксылыков |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. |
_____________ А. Муканова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 109 мен Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 983 Бірлескен бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 627 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 99 бірлескен бұйрығына 1-қосымша |
Заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 шілдедегі № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелді) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығымен бекітілген тексеру парақтарының нысандарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелді) сәйкес әзірленді.
2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
2) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – бұл ретте тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төмен ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың басталу ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау;
3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – қызметтің тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланысты емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің қызмет нәтижелеріне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
5) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын, олардың сақталмау жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтарын, заңды мүдделерін бұзуға әкеп соқтыратын талаптардың тізбесі;
6) бақылау субъектісі – заң консультанттарының палаталары;
7) өрескел бұзушылықтар – жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкелуі мүмкін Қазақстан Республикасының заң консультанттарының қызметі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар;
8) елеулі бұзушылықтар – адам өміріне, денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру үшін алғышарттар туғызатын Қазақстан Республикасының заң консультанттарының қызметі саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар;
9) болмашы бұзушылықтар – елеулі және өрескел бұзушылықтарға жатпайтын Қазақстан Республикасының заң консультанттарының қызметі саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар.
2-тарау. Тексеруді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу тәсілдері
3. Тексеруді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
1-параграф. Объективті өлшемшарттар
4. Объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілеріне жоғары тәуекел дәрежесіне заң консультанттарының палаталары жатады.
5. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жататын бақылау субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер, бақылау субъектісіне бару арқылы және бармай профилактикалық бақылау жүргізіледі.
6. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.
2-Параграф. Субъективті өлшемшарттар
7. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
1) дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекел дәрежесін бағалау.
8. Дерекқорды қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған бақылау субъектілерін анықтау үшін қажет.
Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;
2) алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
3) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау;
4) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;
5) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.
9. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтың мынадай үш дәрежесі болып бөлінеді: өрескел, елеулі, болмашы.
Субъективті өлшемшарттарды талдау мен бағалау бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды неғұрлым әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне қатысты шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қоюдың ескіру мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.
10. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.
Бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің тәуекел дәрежесін бағалауға қатысты субъективті өлшемшарттар осы өлшемшарттарға қосымшада жазылған.
11. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде және өзіне қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілгенде жоғары тәуекел дәрежесіне жатады.
2-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу
12. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 деген көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
SРе = (SР2 х 100/SР1) х 0,7
мұнда:
SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;
болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,4 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:
SРб = (SР2 х 100/SР1) х 0,4
мұнда:
SРб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;
тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мынадай формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРе + SРб
мұнда:
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
13. Тәуекел дәрежесін талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері қолданылмайды.
14. Бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу жиілігі субъективті өлшемшарттар бойынша алынатын мәліметтерге жүргізілетін талдау мен бағалау нәтижелері бойынша айқындалады, жылына екі реттен жиі болмайды.
3-тарау. Тексеру парақтары
15. Тексеру парақтары бақылау субъектілерінің біртекті топтары үшін жасалады және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес және Кодекстің 143-бабының 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып, талаптарды қамтиды.
Заң консультанттары палаталарының қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына қосымша |
Бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің тәуекел дәрежесін бағалауға қатысты субъективті өлшемшарттар
№ | Өлшемшарттар | Бұзушылық дәрежесі |
1-бөлім. Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтерге жүргізетін мониторингтің нәтижелері бойынша | ||
1 | Мүшелігінде екі жүзден аз заң консультантының болуы | өрескел |
2 | Палата мүшелерінің тізілімін жүргізбеу | өрескел |
3 | Заң консультантының соттарда адамдардың мүдделерін білдіру түрінде заң көмегін көрсету үшін басқа заң консультанттарының палаталарында мүшелігінің болуы | өрескел |
4 | Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен шығарылған адамның, егер шығарылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, заң консультанттарының палатасында мүшелігінің болуы | өрескел |
5 | Заң консультанттары палатасы мүшесінің шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіби жауапкершілікті сақтандыру шартының болуы | өрескел |
6 |
Палатаның интернет-ресурсында мынадай ақпараттардың болмауы: | елеулі |
7 | Палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялылық туралы талаптарды ескере отырып, осы ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап алдыңғы кезең үшін заң консультанттары палатасының мүшелері көрсететін заң кызметтерінің қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпаратты өзінің интернет-ресурсында жылына бір реттен сиретпей орналастырмау | елеулі |
8 | Ревизиялық комиссияның құрамында заң консультанттары палатасының алқалы немесе атқарушы басқару органдары мүшелерінің болу | елеулі |
9 | Палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етпеу | елеулі |
10 | Кәсіби жүріс-тұрыс қағидалары мен Кәсіби әдеп кодексінің болмауы | елеулі |
11 | Палата мүшелігіне қабылдау шарттарының болмауы | болмашы |
12 | Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетудің белгіленген көлемі мен тәртібінің болмауы | болмашы |
13 | "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заң консультанттары палатасының жарғысында айқындалатын палатаның бақылау органының (ревизиялық комиссиясының) болмауы | өрескел |
14 |
Бақылау субъектісінің (объектісінің) заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін тиісінше жүргізбеуі, атап айтқанда, тізілімде мынадай мәліметтердің болмауы: | болмашы |
2-бөлім. Алдыңғы жоспардан тыс бақылау объектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері. | ||
15 | Заң консультанттары палатасының мүшелігінде сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамның болуы | өрескел |
16 | Заң консультанттары палатасының мүшелігінде заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамның болуы | өрескел |
17 | уәкілетті органмен келісілген заң көмегін көрсету сапасы өлшемшарттарының болмауы | өрескел |
18 | Уәкілетті органға мүшелерді заң консультанттарының палатасына енгізу, мүшелікті тоқтата тұру және мүшеліктен шығару туралы тоқсан сайынғы ақпаратты ұсынбау | өрескел |
19 | заң консультанттарының палатасына кіру үшін уәкілетті органмен келісілген аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарының болмауы | өрескел |
20 | реттеуші мемлекеттік органмен және өзін-өзі реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісілген, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым мәселелері бойынша қағидалар мен стандарттардың болмауы | өрескел |
3-бөлім. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны | ||
21 | Палата мүшелігінен шығарудың негізсіздігіне адамдардың шағымдары мен өтініштерін қараудан бас тарту | өрескел |
22 | Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, палатаның қағидалары мен стандарттарын, оған мүше болу (қатысу) шарттарын бұзу фактісі анықталған жағдайда, палата мүшесіне қатысты ықпал ету шараларын қабылдамау | өрескел |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 109 мен Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 983 Бірлескен бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 627 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 99 бірлескен бұйрығына 2-қосымша |
Тексеру парағы
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес заң консультанттары палаталарының қызметі саласында
_______________________________________________________________________________
(бақылау субъектілері біртекті тобының атауы)
_______________________________________________________________________________
Заң консультанттары палатасына қатысты___________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган
_______________________________________________________________________________
Тексеруді/бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт
_______________________________________________________________________________
(№, күні)
Бақылау субъектісінің атауы ______________________________________________________
_______________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі
______________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы
______________________________________________________________________________
№ | Талаптардың тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Мүшелігінде екі жүзден аз заң консультантының болуы | ||
2 | Палата мүшелерінің тізілімін жүргізбеу | ||
3 | Заң консультантының соттарда адамдардың мүдделерін білдіру түрінде заң көмегін көрсету үшін басқа заң консультанттарының палаталарында мүшелігінің болуы | ||
4 | Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, заң көмегін көрсету қағидалары мен стандарттарының, Кәсіптік әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімінен шығарылған адамның, егер шығарылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өтсе, заң консультанттарының палатасында мүшелігінің болуы | ||
5 | Заң консультанттары палатасы мүшесінің шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін үшінші тұлғаларға зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кәсіби жауапкершілікті сақтандыру шартының болуы | ||
6 |
Палатаның интернет-ресурсында мынадай ақпараттардың болмауы: | ||
7 | Палата мүшелері беретін деректер негізінде, құпиялылық туралы талаптарды ескере отырып, осы ақпарат соңғы орналастырылған күннен бастап алдыңғы кезең үшін заң консультанттары палатасының мүшелері көрсететін заң кызметтерінің қалыптастырылатын орташа құны туралы жиынтық-талдамалық ақпаратты өзінің интернет-ресурсында жылына бір реттен сиретпей орналастырмау | ||
8 | Ревизиялық комиссияның құрамында заң консультанттары палатасының алқалы немесе атқарушы басқару органдары мүшелерінің болу | ||
9 | Палатаның бекітілген стандарттарына сәйкес өз мүшелерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етпеу | ||
10 | Кәсіби жүріс-тұрыс қағидалары мен Кәсіби әдеп кодексінің болмауы | ||
11 | Палата мүшелігіне қабылдау шарттарының болмауы | ||
12 | Кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетудің белгіленген көлемі мен тәртібінің болмауы | ||
13 | "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заң консультанттары палатасының жарғысында айқындалатын палатаның бақылау органының (ревизиялық комиссиясының) болмауы | ||
14 |
Бақылау субъектісінің (объектісінің) заң консультанттары палатасы мүшелерінің тізілімін тиісінше жүргізбеуі, атап айтқанда, тізілімде мынадай мәліметтердің болмауы: | ||
15 | Заң консультанттары палатасының мүшелігінде сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамның болуы | ||
16 | Заң консультанттары палатасының мүшелігінде заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамның болуы | ||
17 | уәкілетті органмен келісілген заң көмегін көрсету сапасы өлшемшарттарының болмауы | ||
18 | Уәкілетті органға мүшелерді заң консультанттарының палатасына енгізу, мүшелікті тоқтата тұру және мүшеліктен шығару туралы тоқсан сайынғы ақпаратты ұсынбау | ||
19 | заң консультанттарының палатасына кіру үшін уәкілетті органмен келісілген аттестаттау жүргізу тәртібі мен шарттарының болмауы | ||
20 | реттеуші мемлекеттік органмен және өзін-өзі реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісілген, міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттейтін ұйым мәселелері бойынша қағидалар мен стандарттардың болмауы | ||
21 | Палата мүшелігінен шығарудың негізсіздігіне адамдардың шағымдары мен өтініштерін қараудан бас тарту | ||
22 | Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, палатаның қағидалары мен стандарттарын, оған мүше болу (қатысу) шарттарын бұзу фактісі анықталған жағдайда, палата мүшесіне қатысты ықпал ету шараларын қабылдамау |
(лауазымы) (қолы)
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) лауазымы) (қолы)
Бақылау субъектісінің басшысы ____________________________________________________
(лауазымы) (қолы)
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)