"Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1286 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 желтоқсанда № 31133 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15266 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-1-бабы 2-тармағына, 120-2-бабының 2-тармағына және 120-3-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 120-1-бабы 2-тармағына, 120-2-бабы 2-тармағына және 120-3-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi орган, бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікте тиісті бюджетке түсетін түсімдер сомасын көрсетеді.";

      8 және 9 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тиісті бюджеттердің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларының талаптарына сәйкес қалыптастырылады.

      9. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қалыптастыратын мемлекеттік кірістер органдарында олар бойынша есепке алу жүргізілетін Салық және бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп бюджетке есептелген салықтық түсімдерді көрсету үшін бастапқы құжат болып табылады.

      "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ИААЖ) алынған түсімдер бойынша есептердің нысандары есептелген түсімдердің өзге санаттарын көрсету үшін бастапқы құжаттар болып табылады.

      Кедендік әкелу баждарының, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 26-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу туралы есептер таратылған кедендік әкел, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша, бірақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер есепті күнге Қазақстан Республикасына аудармаған дебиторлық берешекті көрсету үшін бастапқы құжат болып табылады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Дебиторлық берешекті есепке алу үшін 1291 "Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетте есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шоты, кредиторлық берешекті есепке алу үшін 3280 "Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шоты қолданылады.

      Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша дебиторлық/кредиторлық берешектің деректері салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жиынтық операциялары бойынша жиынтық есептің анықталмаған түсімдері мен қайтаруларын шегергендегі салықтар (төлемдер) бойынша берешек/артық төлемдер берешегінің сальдосына сәйкес келеді.

      Бюджетке салық түсімдері бойынша дебиторлық/кредиторлық берешектің құрамына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің есепті күнге бөлінген, бірақ аударылмаған кедендік әкелу, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек енгізіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және осы бұйрықтың 1-тармағының он тоғызыншы және жиырма үшінші абзацтарын, сондай-ақ ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетін "Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірменің 3-тармағының екінші бөлігін, 12, 13, 14, 15 және 17-тармақтарын және 20-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар жөніндегі агенттіктің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2022 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1286 бұйрыққа
қосымша
  Республикалық, облыстық
бюджеттің, республикалық
маңызы бар қала, астана
бюджеттерінің, аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджетінің,
аудандық (облыстық маңызы
бар қала) бюджеттің,
аудандық маңызы бар қала,
ауыл, кент, ауылдық округ
бюджеттерінің атқарылуы
туралы жылдық
шоғырландырылған қаржылық
есептілікте бюджет түсімдерін
көрсету қағидаларына
қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

_____ жылғы "___" ___________ есепті кезеңге арналған Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп*

      Индексі: ЖЕ-1

      Мерзімділігі: жылдық

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:

      www. minfin.gov.kz

      Ұсынатындар:

      Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшілері

      Қайда ұсынылады:

      Республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарға

      Ұсыну мерзімі – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін

      Бюджет түрі _______________________

      Өлшем бірлігі: теңге

Түсімдердің бюджет сыныптамасы коды

Бюджет сыныптамасы кодының атауы

Төлем түрі

Жыл басындағы сальдо

Есептелген салықтар (төлемдер)

Азайтылған салықтар (төлемдер)

Түскен (есепке жатқызылған) салықтар (төлемдер)

Қайтарылған (есепке жатқызылған) салықтар (төлемдер)

Өзгертілген салық міндеттемесін орындау мерзімі бойынша салық (төлем) сомасы

Жылдың соңындағы сальдо

салықтар (төлемдер) бойынша берешек

салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем

салықтар (төлемдер) бойынша берешек

салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


Жиыны











І бөлім. Жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдер бойынша операциялар



салық












өсімпұл












айыппұл












анықталмаған түсімдер

х

х

х

х



х

х



Жиыны











II бөлім. Жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдер бойынша операциялар



салық












өсімпұл

х

х

х

х



х

х




айыппұл

х

х

х

х



х

х




анықталмаған түсімдер

х

х

х

х



х

х



Жиыны











      Ескертпе: * Есеп кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларының есепке ала отырып ұсынылды.

      Басшы немесе оны алмастыратын адам

      ______________ __________________________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бас бухгалтер немесе құрылымдық бөлімшеге басшылық ететін адам

      ______________ ___________________________________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Орындаушы ______________ ________________________________________________

                              (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, "Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп" (бұдан әрі – Жиынтық есеп) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Жиынтық есепті мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшесі есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін қалыптастырады және республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға ұсынылады.

      3. Жиынтық есеп төлемдер журналы мен салық төлеушілердің жеке шоттарының деректері негізінде теңгеде толтырылады.

      Жиынтық есеп есепті жасау күніне салық төлеушілердің дербес шоттарында көрсетілген барлық жазбалар ескеріле отырып қалыптастырылады.

      4. Жиынтық есепке мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің орындаушысы мен басшылары немесе олардың міндеттерін атқарушы адамдар қол қояды.

2-тарау. Жиынтық есепті толтыру бойынша түсіндірме

      5. Жиынтық есептің І "Жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдер бойынша операциялар" бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.

      6. Жиынтық есептің ІІ "Жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдер бойынша операциялар" бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.

      7. Жиынтық есептің 1-бағанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына сәйкес түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.

      8. Жиынтық есептің 2-бағанында БСК атауы көрсетіледі.

      9. Жиынтық есептің 3-бағанында төлем (анықталмаған салық, өсімпұл, айыппұл) түрі көрсетіледі.

      10. Жиынтық есептің 4-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.

      11. Жиынтық есептің 5-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем сомасы көрсетіледі.

      12. Жиынтық есептің 6-бағанында тексеру нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалары, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша есептелген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомаларын есептеуге (азайтуға) тізілім негізінде есептелген салық төлеушілердің салық есептілігінің деректері бойынша есептелген салықтардың (төлемдердің) сомалары көрсетіледі.

      13. Жиынтық есептің 7-бағанында уәкілетті Мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша азайтылған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомаларын есептеуге (азайтуға) тізілімнің, тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органдарының хабарламалары негізінде азайтылған салық төлеушілердің салық есептілігінің деректері бойынша азайтылған салықтардың (төлемдердің) сомалары көрсетіледі.

      14. Жиынтық есептің 8-бағанында есепті жыл үшін төленген салықтардың (төлемдердің) сомалары және осы салықтарға (төлемдерге) есептелген республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi органнан алынған деректер көрсетіледі.

      15. Жиынтық есептің 9-бағанында бюджеттен қайтарылған және басқа салықтарға (төлемдерге) және басқа мемлекеттік кіріс органдарына есептелген жылдағы сомалары бойынша республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi органан алынған деректер көрсетіледі.

      16. Жиынтық есеп нысаны бойынша қайтарылған (есепке жатқызылған) салықтарды (төлемдерді) алып тастағандағы (9-баған) салықтар (төлемдер) түсімдерінің қорытынды сомасы (8-баған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында есепке алынуға және бөлінуге жататын түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) республикалық бюджеттің, тиісті жергілікті бюджеттердің, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есептерде көрсетілген түсімдер бойынша деректерге сәйкес келеді.

      17. Жиынтық есептің 10-бағанында салықты (төлемді) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгертілген сомалар және кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) өтеу кестесі бойынша сомалар көрсетіледі.

      18. Жиынтық есептің 11-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.

      19. Жиынтық есептің 12-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлеу сомасы көрсетіледі.

      20. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері:

      1) бюджет түсіміне әсер ететін негізгі факторларға;

      2) салықтық түсімдердің жалпы сомасына үлес салмағын көрсете отырып, БСК бөлінісінде неғұрлым ірі бюджетке салықтық түсімдердің есептелген және төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларына;

      3) бересі мен артық төлемнің пайда болу себептері;

      4) Жиынтық есептің салықтары бойынша берешекке енгізілген бересі сомасы себептеріне талдауды жүзеге асырады.

      Талдау бойынша деректер есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей, жартыжылдық үшін – ағымдағы жылдың 10 тамызынан кешіктірмей ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады