Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 маусымда № 15266 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.12.2022 № 1286 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 120-1-бабы 2-тармағына, 120-2-бабының 2-тармағына және 120-3-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.12.2022 № 1286 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.12.2022 № 1286 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      1) 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға оның көшірмесін жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _______________Н.Айдапкелов

      2017 жылғы 26 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 26 мамырдағы
№ 340 бұйрығымен
бекітілген

Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.12.2022 № 1286 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.01.2019 № 34 бұйрығымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 120-1-бабы 2-тармағына, 120-2-бабы 2-тармағына және 120-3-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.12.2022 № 1286 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) айырбасталатын операциялар – бұл операцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме алынатын активтерге немесе қызметтерге, өз міндеттемелерін өтеуге айырбасқа шамамен құнға тең басқа баламаны тапсырады (негізінен ақшалай қаражат, тауарлар көрсетілетін қызметтер немесе пайдалануға басқа активтерді ұсыну түрінде);

      2) айырбасталмайтын операциялар – айырбастаулы болып табылмайтын операциялар. Айырбасталмайтын операцияны жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекеме не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей тапсырусыз басқа субъектіден құн алады не шамамен құнына тең айырбасқа тікелей алусыз басқа тарапқа құнды тапсырады;

      3) жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

      4) кірістер – капиталда қатысатын тұлғалардың жарналарына байланысты арттырудан ерекшеленетін таза активтердің/капиталдың өсуіне әкеп соқтыратын активтердің ағымы немесе өсуі немесе міндеттемелердің азаюы нысанында есеп кезеңі ішінде экономикалық пайдалардың немесе сервистік әлеуеттің өсуі;

      5) міндеттеме – өткен оқиғалардан туындайтын мемлекеттік мекеменің бар міндеттемесі, оны реттеу экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстың шығып қалуына әкеп соқтырады;

      6) республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi орган – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджетті атқару және жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуына қызмет көрсету саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын орталық атқарушы органның құзыретi шегiнде жүзеге асыратын ведомствосы;

      7) мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган – орталық уәкілетті органның салықтардың, кедендік төлемдер мен бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ететін ведомствосы;

      8) салық оқиғасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық салуға жататын оқиға.

      3. Республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті орган және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті қаржы жылы үшін бухгалтерлік теңгерімнен, қаржылық қызмет нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.

2-бөлім. Шоғырландырылған қаржылық есептілікте түсімдердің көрсетілуін ұйымдастыру тәртібі

      4. Республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi орган, бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікте тиісті бюджетке түсетін түсімдер сомасын көрсетеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.12.2022 № 1286 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Шоғырландырылған қаржылық есептілікте бюджет түсімдерін көрсету үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары қолданылады.

      Ескерту. 5-тармақ орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР Қаржы министрінің 23.02.2021 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Бюджет түсімдері бойынша операциялар бухгалтерлік есепте Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Бухгалтерлік есепке алу қағидалары) айқындалған тәртіппен көрсетіледі.

      7. Бюджетке түсетін түсімдер операцияларын есепке алу тиісті мемориалдық ордерларда жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген) Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының "Бас журнал" кітабында жүйелендіріледі.

      Ескерту. 7-тармақ орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР Қаржы министрінің 23.02.2021 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Тиісті бюджеттердің атқарылуы туралы шоғырландырылған қаржылық есептілік Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларының талаптарына сәйкес қалыптастырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.12.2022 № 1286 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қалыптастыратын мемлекеттік кірістер органдарында олар бойынша есепке алу жүргізілетін Салық және бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп бюджетке есептелген салықтық түсімдерді көрсету үшін бастапқы құжат болып табылады.

      "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ИААЖ) алынған түсімдер бойынша есептердің нысандары есептелген түсімдердің өзге санаттарын көрсету үшін бастапқы құжаттар болып табылады.

      Кедендік әкелу баждарының, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 26-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу туралы есептер таратылған кедендік әкел, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша, бірақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер есепті күнге Қазақстан Республикасына аудармаған дебиторлық берешекті көрсету үшін бастапқы құжат болып табылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.12.2022 № 1286 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

      10. Жиынтық есеп ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, талдау мақсатында – ағымдағы жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша қалыптастырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.02.2021 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-бөлім. Бюджетке түсімдер есепке алу тәртібі

      11. Есептеу әдісі бойынша көрсетілетін бюджетке түсімдер салықтық және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттердің түсімдерін, бюджеттік кредиттерді өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, бюджеттік кредиттер мен қарыздардың түсімдерін қамтиды.

      12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының талаптарына сәйкес операциялардың немесе оқиғалардың туындауы нәтижесінде есепте көрсетіледі.

      13. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік баждар, кедендік алымдар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары салықтық түсімдер болып табылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.02.2021 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Тиісті бюджетке түсетін салықтық түсімдер есептеу әдісі бойынша танылады және айырбас емес операциялардан түсетін кірістер ретінде көрсетіледі.

      15. Бюджетке түсетін салықтық түсімдер нәтижесінде туындайтын ресурстар субъекті өткен (салық) оқиға нәтижесінде ресурстарға бақылауды алған және осы ресурстардан болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеуетті алуды күткен кезде активті айқындауды қанағаттандырады. Салықтық түсімдерден алынған ресурстар егер ресурстар ағыны және олардың әділ құны сенімді өлшенуі мүмкін деп күту ықтимал болса, активті тану өлшемшартына сәйкес келеді.

      16. Корпоративтік табыс салығы бойынша ресурсты бақылау салық оқиғасы болған есепті кезеңде басталады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.02.2021 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша – ресурсты бақылау ҚҚС бойынша салық салынатын қызметті жүзеге асыруды - есепті кезеңде ҚҚС есепке ала отырып, тауарларды немесе көрсетілетін қызметті сатуды білдіретін салық оқиғасы туындаған кезде басталады.

      Ескерту. 17-тармақ орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР Қаржы министрінің 23.02.2021 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Салықтар бойынша аванстық түсімдер мәні жағынан басқа аванстық түсімдерден ерекшеленбейді.

      Міндеттеме салық оқиғасы басталғанға дейін танылады. Салық оқиғасының басталуымен міндеттеме жойылады және кіріс танылады.

      Ескерту. 18-тармақ орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді - ҚР Қаржы министрінің 23.02.2021 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Айырбас емес операциядан түсетін кіріспен байланысты туындайтын, міндеттеменің айқындамасына жауап беретін қолда бар міндеттеме:

      міндеттемені орындау үшін экономикалық пайда мен сервистік әлеуетті қамтитын ресурстар ағынын талап ету ықтималдығы болған;

      міндеттеме сомасы сенімді түрде бағалануы мүмкін болған кезде міндеттеме деп танылады.

      20. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган:

      бюджетке салықтардың түсу сәті бойынша; немесе

      салық салынатын кіріс алу немесе өзге салық салу объектісі туындау сәті бойынша (мысалы, салық төлеушінің салықтар бойынша декларация ұсыну сәті бойынша) айырбас емес перациялардан алынатын кірістерді тану үшін салық оқиғасының басталу кезін айқындайды.

      21. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын, Салық кодексінде, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен басқа, Бюджет кодексте және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша салықтық емес түсімдер болып табылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.02.2021 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Айыппұлдар мен өсімпұлдардан басқа салықтық емес түсімдер бухгалтерлік есепте Бухалтерлік есеп қағидаларында көзделген тәртіппен тиісті ақпарат негізінде көрсетіледі.

      23. Бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша кіріс (мемлекеттік баж, алымдар және төлемақылар) уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тиісті декларацияларды, мәліметтерді немесе есептерді ұсынған сәтте басталады.

      24. Салықтық емес түсімдер (айыппұлдар мен өсімпұлдар) бюджетке ақшалай қаражат түскен сәтте кіріс деп танылады.

      Айыппұлдар мен өсімпұлдар алуға жататын сома активті айқындауды қанағаттандырған және активті тану өлшемшарттарын қанағаттандырған жағдайда кіріс ретінде танылады.

      25. Бюджетке:

      1) мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан;

      2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан;

      3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге де тәсілмен өткізуден;

      4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.

      26. Негізгі капиталды және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, 6320 "Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер" шоты қолданылады.

      Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды өткізуден түсетін түсімдерді көрсету үшін 6110 "Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін кірістер" шоты қолданылады.

      27. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін трансферттердің және төмен тұрған бюджеттерден берілетін трансферттердің түсімдері республикалық бюджетке трансферттердің түсімдері болып табылады.

      Республикалық бюджеттен және төмен тұрған жергілікті бюджеттерден берілетін жергілікті бюджеттерге трансферттердің түсімдері болып табылады.

      Трансферттер бойынша түсімдер тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшаны бақылау (бұдан әрі - ҚБШ) есептеу сәтінде танылады және 6085 "Бюджетке трансферттер түсімі" қосалқы шотында ескеріледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 23.02.2021 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Республикалық бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерді көрсету үшін 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", жергілікті бюджеттерге 1047 "Жергілікті бюджеттер ҚБШ" қосалқы шоттары қолданылады.

      1046 "Республикалық бюджет ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ" қосалқы шоттарында бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мақсатында шығыстарды одан әрі жүргізу үшін бірыңғай қазыналық шотынан түсімдерді есептеу ескеріледі және оны орындау барысында бюджет жағдайының сипаттамасын қамтамасыз етеді.

      29. 6060 "Гранттар бойынша кірістер" қосалқы шоты қолданылатын гранттардың түсімдерінен түсетін кірістерді қоспағанда, тиісті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдерден түсетін кірістерді тану үшін 6081 "Бюджетке салықтық түсімдерден түсетін кірістер", 6082 "Бюджетке салықтық емес түсімдерден түсетін кірістер" қосалқы шоттары қолданылады.

      30. Дебиторлық берешекті есепке алу үшін 1291 "Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетте есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шоты, кредиторлық берешекті есепке алу үшін 3280 "Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шоты қолданылады.

      Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша дебиторлық/кредиторлық берешектің деректері салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің жиынтық операциялары бойынша жиынтық есептің анықталмаған түсімдері мен қайтаруларын шегергендегі салықтар (төлемдер) бойынша берешек/артық төлемдер берешегінің сальдосына сәйкес келеді.

      Бюджетке салық түсімдері бойынша дебиторлық/кредиторлық берешектің құрамына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің есепті күнге бөлінген, бірақ аударылмаған кедендік әкелу, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек енгізіледі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.12.2022 № 1286 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

      31. Төлем жүргізушімен есеп айырысу кезінде салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бұрын есептелген түсімдер бойынша түзету кезінде 7260 "Бюджетке түсімдерді азайту бойынша шығыстар" шоты қолданылады.

  Республикалық, облыстық
бюджеттің, республикалық
маңызы бар қала, астана
бюджеттерінің, аудан (облыстық
маңызы бар қала) бюджетінің,
аудандық (облыстық маңызы
бар қала) бюджеттің,
аудандық маңызы бар қала,
ауыл, кент, ауылдық округ
бюджеттерінің атқарылуы
туралы жылдық
шоғырландырылған қаржылық
есептілікте бюджет түсімдерін
көрсету қағидаларына
қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

_____ жылғы "___" ___________ есепті кезеңге арналған Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп*

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 15.12.2022 № 1286 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.

      Индексі: ЖЕ-1

      Мерзімділігі: жылдық

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:

      www. minfin.gov.kz

      Ұсынатындар:

      Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшілері

      Қайда ұсынылады:

      Республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарға

      Ұсыну мерзімі – есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін

      Бюджет түрі _______________________

      Өлшем бірлігі: теңге

Түсімдердің бюджет сыныптамасы коды

Бюджет сыныптамасы кодының атауы

Төлем түрі

Жыл басындағы сальдо

Есептелген салықтар (төлемдер)

Азайтылған салықтар (төлемдер)

Түскен (есепке жатқызылған) салықтар (төлемдер)

Қайтарылған (есепке жатқызылған) салықтар (төлемдер)

Өзгертілген салық міндеттемесін орындау мерзімі бойынша салық (төлем) сомасы

Жылдың соңындағы сальдо

салықтар (төлемдер) бойынша берешек

салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем

салықтар (төлемдер) бойынша берешек

салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12


Жиыны











І бөлім. Жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдер бойынша операциялар



салық












өсімпұл












айыппұл












анықталмаған түсімдер

х

х

х

х



х

х



Жиыны











II бөлім. Жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдер бойынша операциялар



салық












өсімпұл

х

х

х

х



х

х




айыппұл

х

х

х

х



х

х




анықталмаған түсімдер

х

х

х

х



х

х



Жиыны











      Ескертпе: * Есеп кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларының есепке ала отырып ұсынылды.

      Басшы немесе оны алмастыратын адам

      ______________ __________________________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Бас бухгалтер немесе құрылымдық бөлімшеге басшылық ететін адам

      ______________ ___________________________________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Орындаушы ______________ ________________________________________________

                              (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан, "Мемлекеттік кірістер органдарында есебі жүргізілетін салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп" (бұдан әрі – Жиынтық есеп) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларының 2-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Жиынтық есепті мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшесі есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін қалыптастырады және республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органға және жергілікті бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға ұсынылады.

      3. Жиынтық есеп төлемдер журналы мен салық төлеушілердің жеке шоттарының деректері негізінде теңгеде толтырылады.

      Жиынтық есеп есепті жасау күніне салық төлеушілердің дербес шоттарында көрсетілген барлық жазбалар ескеріле отырып қалыптастырылады.

      4. Жиынтық есепке мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің орындаушысы мен басшылары немесе олардың міндеттерін атқарушы адамдар қол қояды.

2-тарау. Жиынтық есепті толтыру бойынша түсіндірме

      5. Жиынтық есептің І "Жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдер бойынша операциялар" бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілетін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.

      6. Жиынтық есептің ІІ "Жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдер бойынша операциялар" бөлімінде салық төлеушілердің жеке шоттар жүргізілмейтін салықтық түсімдері бойынша операциялар көрсетіледі.

      7. Жиынтық есептің 1-бағанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасына сәйкес түсімдердің бюджеттік сыныптамасының коды (бұдан әрі – БСК) көрсетіледі.

      8. Жиынтық есептің 2-бағанында БСК атауы көрсетіледі.

      9. Жиынтық есептің 3-бағанында төлем (анықталмаған салық, өсімпұл, айыппұл) түрі көрсетіледі.

      10. Жиынтық есептің 4-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.

      11. Жиынтық есептің 5-бағанында есепті жылдың басындағы бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлем сомасы көрсетіледі.

      12. Жиынтық есептің 6-бағанында тексеру нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалары, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша есептелген салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомаларын есептеуге (азайтуға) тізілім негізінде есептелген салық төлеушілердің салық есептілігінің деректері бойынша есептелген салықтардың (төлемдердің) сомалары көрсетіледі.

      13. Жиынтық есептің 7-бағанында уәкілетті Мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша азайтылған салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, әлеуметтік төлемдер мен өсімпұлдардың сомаларын есептеуге (азайтуға) тізілімнің, тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік кіріс органдарының хабарламалары негізінде азайтылған салық төлеушілердің салық есептілігінің деректері бойынша азайтылған салықтардың (төлемдердің) сомалары көрсетіледі.

      14. Жиынтық есептің 8-бағанында есепті жыл үшін төленген салықтардың (төлемдердің) сомалары және осы салықтарға (төлемдерге) есептелген республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi органнан алынған деректер көрсетіледі.

      15. Жиынтық есептің 9-бағанында бюджеттен қайтарылған және басқа салықтарға (төлемдерге) және басқа мемлекеттік кіріс органдарына есептелген жылдағы сомалары бойынша республикалық бюджеттi атқару саласындағы уәкiлеттi органан алынған деректер көрсетіледі.

      16. Жиынтық есеп нысаны бойынша қайтарылған (есепке жатқызылған) салықтарды (төлемдерді) алып тастағандағы (9-баған) салықтар (төлемдер) түсімдерінің қорытынды сомасы (8-баған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында есепке алынуға және бөлінуге жататын түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) республикалық бюджеттің, тиісті жергілікті бюджеттердің, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есептерде көрсетілген түсімдер бойынша деректерге сәйкес келеді.

      17. Жиынтық есептің 10-бағанында салықты (төлемді) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгертілген сомалар және кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) өтеу кестесі бойынша сомалар көрсетіледі.

      18. Жиынтық есептің 11-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша берешек сомасы көрсетіледі.

      19. Жиынтық есептің 12-бағанында есепті жылдың соңында бюджетке салықтар (төлемдер) бойынша артық төлеу сомасы көрсетіледі.

      20. Мемлекеттік кірістерді жинау жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері:

      1) бюджет түсіміне әсер ететін негізгі факторларға;

      2) салықтық түсімдердің жалпы сомасына үлес салмағын көрсете отырып, БСК бөлінісінде неғұрлым ірі бюджетке салықтық түсімдердің есептелген және төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларына;

      3) бересі мен артық төлемнің пайда болу себептері;

      4) Жиынтық есептің салықтары бойынша берешекке енгізілген бересі сомасы себептеріне талдауды жүзеге асырады.

      Талдау бойынша деректер есепті қаржы жылынан кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей, жартыжылдық үшін – ағымдағы жылдың 10 тамызынан кешіктірмей ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады