БҰЙЫРАМЫН:
"Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шілдедегі № 286 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20939 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаның "Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім беру гранттарын тағайындау, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы "Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және көрсетілетін қызметтің тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "білім беру гранты – "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен берілетін нысаналы ақша сомасы;";
3, 4, және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясы арқылы) (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесін ұсынады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.";
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. "Құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін ЖЖКОБҰ қабылдау комиссиясының хатшысы күнтізбелік жылғы 21 шілдеге дейін 1 (бір жұмыс) күні ішінде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясының дерекқорынан мәліметтерді "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – ҰТО) жалпы дерекқорына жібереді.";
көрсетілген Қағидаларға қосымшада:
"Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт)
|
жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
"Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі)
|
";
7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
|
Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекен-жайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.sci.gov.kz;
2) порталда: www.egov.kz орналастырылған
|
8
|
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде:
1) осы Негізгі талаптар тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа өтініш;
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеудің сертификаты;
4) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысы;
6) екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру, шектеу, хабар-ошарсыз кеткен деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі);
7) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдар үшін растама құжат (бар болса);
8) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін растама құжат (бар болса).
Осы 5), 6), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖКОБҰ дайындық бөлімдерін күшейтілген тілдік дайындықпен бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ басшысы қол қойған бітіргені туралы транскриптіні ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:
1) еңбек кітапшасы;
2) ұйымның мөрімен (егер бар болса) куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
3) қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат көрсетілген архивтік анықтама;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер;
5) жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты;
6) жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер;
7) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер.
Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.
Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні көрсетілген қолхат беру болып табылады.
Әлеуметтік қолдау алу үшін қызмет алушы ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясына ұсынады:
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
3) екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқықтарынан айыру, шектеу, хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімі);
4) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың растайтын құжаттары; 5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
6) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар
сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
Осы 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
портал арқылы өтініш жасаған кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы конкурсқа өтініш;
2) білімі туралы құжаттың электрондық нұсқасы;
3) 3х4 көлеміндегі сандық фото;
4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
5) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының электрондық нұсқасы;
6) көрсетілетін қызметті алушының артықшылықтарын растайтын электрондық құжаттар (екі немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе ата-анасының жоқтығын растайтын өзге де құжаттар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдардың құжаттарын растайтын құжаттар, мүгедектігі туралы анықтамалар және т. б.).
Жеке басын куәландыратын, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі құжат, Ұлттық бірыңғай тестілеудің сертификаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ақпараттық жүйе арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Өтініш берілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетте" конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлама не бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
Білім беру гранты тағайындалған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы білім беру гранты туралы электрондық куәлікті грантты ұтқан ЖЖОКБҰ-да алады.
Жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Министрліктің www.sci.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады.
|
9
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет
|
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.
|
";
көрсетілген "Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына қосымшада оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне қосымша".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
|
С. Нурбек
|