ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өндірістік объектілерді шикі мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандыру және шикі мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 385 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19664 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Өндірістік объектілерді шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Өндірістік объектілерді шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірістік объектілерді шикі мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандыру және шикі мұнай және газ конденсатын есепке алу құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Б. Акчулаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 425 бұйрығына қосымша |
Өндірістік объектілерді шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды)есепке алу аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өндірістік объектілерді шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және өндірістік объектілерді шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) алушы – өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттың талаптарына сәйкес өнімді қабылдауды жүзеге асыратын тұлға;
2) жөнелтуші – өнімді өндіруші болып табылатын тұлға немесе оны заңды негіздерде сатып алған тұлға не олар уәкілеттік берген, өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт негізінде магистральдық құбыр арқылы тасымалдау үшін өнімді ұсынатын тұлға;
3) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – көмірсутектер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган;
4) тауарлық газ – құрамында метаны басым көмірсутегілердің газ тәріздес күйде болатын, шикі газды өңдеу өнімі болып табылатын және құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін көпқұрамдас қоспасы;
5) тұтынушыға жеткізуге дайындалған шикі мұнай және газ конденсаты – ҚР СТ 1347 (МЕМСТ Р 51858, MOD) "Мұнай. Жалпы техникалық шарттар" талаптарына сәйкес тұтынушыға жеткізуге дайындалған тауарлық мұнай (мұнай);
6) шикі газ – қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезінде жер қойнауынан газ тәріздес күйде алынатын, үлес салмағына қарамастан кез келген көмірсутектер, оның ішінде тазартылмаған табиғи, ілеспе, қатпарлы газ, көмір қабаттарындағы метан, сондай-ақ олардың құрамындағы көмірсутекті емес газдар;
7) шикі газдың, оны қайта өңдеу өнімдерінің (тауарлық газдың) айналымы – жинау, дайындау, тасу, қайта өңдеу, сондай-ақ Кодексте және жобалау құжатында белгіленген жағдайлар мен шарттарда – қабатқа айдау және алау етіп жағу арқылы кәдеге жарату;
8) шикі мұнай, газ конденсаты, шикі газ және оны қайта өңдеу өнімдері (тауарлық газ) айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (бұдан әрі – Субъектілер) – шикі мұнай, газ конденсаты, шикі газ және оны қайта өңдеу өнімдері (тауарлық газ) айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
9) шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушыға беруге дайындалған шикі мұнай мен газ конденсатының айналымдағы мөлшері туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта өңдеуге және тұтынушыға беруге дайындалған, сондай-ақ өз мұқтаждарына пайдаланылатын, қабаттық қысымды сақтау және (немесе) ұстап тұру мақсатында қабаттарға айдау жолымен кәдеге жаратуға жататын, Кодекстің 146-бабында белгіленген жағдайларда және шарттарда жағылатын шикі газдың айналымдағы мөлшері туралы деректерді автоматтандырылған жинау, өңдеу, сақтау және пайдалануға арналған жүйе;
10) шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптары (бұдан әрі – есепке алу аспаптары) – шикі мұнайдың, газ конденсатының, шикі газдың және оны қайта өңдеу өнімдерінің (тауарлық газдың) көлемдік және сапалық сипаттамаларын айқындайтын және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат берілген техникалық құрылғы, сондай-ақ нақты уақыт режимінде шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесі операторына ақпарат беруді жүзеге асыратын бағдарламалық қамтылым;
11) шикі мұнай мен газ конденсатының айналымы – дайындау, тасымалдау, сақтау, тиеп-жөнелту, өткізу, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкету.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, магистральдық құбыр туралы, газ және газбен жабдықтау туралы, ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Өндірістік объектілерді шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыру және шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету тәртібі
3. Есепке алу аспаптары Субъектілердің өндірістік объектілерінің технологиялық схемасына (бұдан әрі – Схема) сәйкес орнатылады.
Қайталануды болдырмау мақсатында мұнай құбыры компанияларының шикі мұнайды және газ конденсатын, сондай-ақ газ тасымалдау ұйымдарының шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) қабылдау-тапсыру пункттерінде орнатылған есепке алу аспаптары болған жағдайда Субъектіден есепке алу аспаптарын орнату талап етілмейді.
4. Субъектінің есепке алу аспаптарын орнату Схемасы:
Субъектінің технологиялық процестеріне тартылған кіріс ағындарын (сұйықтық, мұнай, газ, газ конденсаты, су);
Субъектінің өндірістік қызметі нәтижесінде алынған шығыс ағындарын есепке алудың толықтығы мен тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында Субъектінің нақты технологиялық жағдайларына қатысты айқындалады.
5. Субъектінің есепке алу аспаптарын орнату Схемасы алдын ала уәкілетті органмен келісіледі.
Субъектінің есепке алу аспаптарын орнату Схемасын қарау ол уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Субъектінің есепке алу аспаптарын орнату Схемасын қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган оны келіседі не осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде келісуден бас тартады, бұл туралы Субъектіге уәжді бас тарту жіберіледі.
6. Субъектілердің өндірістік объектілерінде есепке алу аспаптарын орнату "Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесін және оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19559 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
7. Есепке алу аспаптарының көлемін өлшеу Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген және аттестатталған және мынадай талаптарға сәйкес келетін қателікпен өлшеуді орындау әдістемесінің негізінде айқындалады:
МЕМСТ 8.587 "Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Мұнай мен мұнай өнімдерінің массасы. Өлшемдерді орындау әдістемелеріне қойылатын жалпы талаптар";
МЕМСТ 30319.1 "Табиғи газ. Физикалық қасиеттерді есептеу әдістері. Жалпы ережелер";
МЕМСТ 30319.2 "Табиғи газ. Физикалық қасиеттерді есептеу әдістері. Стандартты жағдайлар мен азот пен көмірқышқыл газының құрамындағы тығыздық деректеріне негізделген физикалық қасиеттерді есептеу";
МЕМСТ 30319.3 "Табиғи газ. Физикалық қасиеттерді есептеу әдістері. Компоненттік құрам туралы мәліметтер негізінде физикалық қасиеттерді есептеу";
"Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 11 наурыздағы № 81 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 143 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18435 болып тіркелген).
8. "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес есепке алу аспаптарын қолдануға жол беріледі.
9. Субъектілердің Схемаларына сәйкес орналасқан есепке алу аспаптарынан алынған ақпарат олардың бағдарламалық қамтылымында сақталады және өңделеді.
10. Өңделген ақпаратты есепке алу аспаптарынан шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алудың ақпараттық жүйесіне беру Субъектілердің бағдарламалық қамтылымы арқылы жүзеге асырылады.