Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 382 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31232 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 76 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 27411 болып тіркелген) іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша бөлу (бұдан әрі – бөлу) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті (А. Досходжаева) қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына 1 қаңтардан бастап тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде төлеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
С. Жарасбаев

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 382 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бойынша бөлу

Жоғары оқу орындарының атауы

Саны

1.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

17

2.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

13

3.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

6

4.

"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

7

Барлығы:

43


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады